пятница, 21 марта 2008 г.

Мұртаза Жүнісұлы БҰЛҰТАЙ
ҚР Білім қайраткерлері Одағының мүшесі

ҒҰРБАТТАН АТА МЕКЕНГЕ

Ғұрбат. Қазіргі қазақ тілінде сирек қолданылатын ежелгі сөзіміз. Туған халқымыздың тарихы ғұрбатқа кеткен бауырларымыздың ғибратты хикаяларына толы. Бүгінде әр үш қазақтың бірі ғұрбатта өмір сүруде. Ресми деректер бұл фактіні растайды. Ғұрбат деп отырғанымыз – диаспора. Бірақ, оның мағнасы диаспорадан кең, бай һәм диаспораңыздан гөрі жылы, ыстық естіледі. Ғұрбат – арабшадан енген сөз; ғарыпшылық, ғарыптық, елінен, туған жерінен, отанынан алыста, көңілі жаралы күн кешушілікті ғұрбат, ғұрбатшылық дейді. Халқымызда ғарып-жарлы, ғарып-кәсір деген сөз тіркестері әлде де кезігеді.
Ал, диаспора деген қазақпен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын гректің сөзі, кешегі Кеңес империясының қалдығы. Ғылыми деректерде (Webster’s New Dictionary, 390-бет) диаспора сөзі тек Филистинді (Палестина) тастап, жер шарына сүргінделген йаһұди (еврей) халқы жөнінде ғана қолданылады. Ал, қазақ халқы еврей емес қой! Және де қазақ халқы өзінің отанын тұтастай тастап, айдалған халық емес қой! Сондықтан, йаһұдилер хақында қолданылатын «диаспора» сөзін мұсылман һәм түркі нәсілінен қазақ халқының Қазақстаннан тыс жерде тұратын бауырларымыз турасында неге қолданамыз? Екіншіден, шетелде тұрады делінетін бауырларымыздың көпшілігі өздерінің бұрынғы мекенінде, яғни қазақ халқының Қазақстаннан тысқары қалған мекендерінде өмір сүруде. Мәселен, Омбы, Томбы, Құланды, Түмен, Саратов, Астрахан, Алтай, Шығыс Түркістан, Қобда Беті қатарлы елдердегі ағайындарымыз ғарыштан ұшып келген жоқ қой! Бұл олардың ғасырлар бойы мекен еткен ата қоныстары. Сондықтан, біз осы ауылдарымыз туралы «диаспора» сөзін қолдана алмаймыз. Ал, ғұрбат сөзі дәл осы жерде біздің қажетімізге жарайды. Үйткені, ғұрбат – өзінің туған жерінде болғанымен бұл күнде басқа мемлекеттің билігіне қарайтын, өзінің қалың қара орман қазағынан бөлініп, ғарыпшылық көріп жатқан бауырларымыз хақында да айтылады.
Қазақ халқы ғұрбатшылықты көп көрген халық. Бұл оның ұлылығының бір белгісі іспетті. Бұл күнде тек мықты, өскен халықтардың өкілдері ғана жан-жаққа таралған. Мәселен, түрік бауырларымыз Грекия, Бұлғарыстан, Румения, Албания, Македония, Косово, Қаратау, Босна уә Һерсек, Молдова, Қапқазия, Алмания, АҚШ, Таяу Шығыс, Орта Азия т.т. елдерінде жиі шоғырланған. Ауыстралияның өзінде 400 мыңдай түрік тұрады. Әр елде тұратын түріктер Түркияның абыройын асырады, елін танытады, отанға табысын жібереді, салым салады, ғұрбатта өз елінің тілеуін тілеп отырады. Бұл Түркия дәулетінің өзіне қаншама үлкен күш-қуат әпереді. Сол сықылды, біздің халқымыздың 1/3 бөлігінің шетелдерде, яғни ғұрбатта тұруы осыған саяды. Бір кезде халқымыздың қаншама көбейіп, асып-тасып, құдіретінің ұланғайыр аймаққа жайылғанын аңғарамыз. Қазақтардың отыздан астам елдерде тұратының ескеру жеткілікті.
Ғұрбаттағы бауырларымыз Қазақстан тәуелсіздік алғалы тұр дегенді ести сала, сонау 1989-1990 жылдардан бастап, көшіп келді. Алғашқы кезекте жақын ғұрбаттағы бауырларымыз, кейінірек алыстағылар елге қарай көшті. Аллаһ Тағалам көшкен бауырларымызға жеңілдік нәсіп етсін, жаңа мекендері жайлы болсын демекшімін. Ләкин, кейбір маңызды мәселелерді ашық айтатын тұс та жеткен секілді. Ол – ғұрбаттағы қазақтарға деген Кеңестік көзқарастың әлде де сеңі бұзылмай келе жатқаны. Кеңес билігі өзінен бұрынғы Ресей патшалығының «бөлшектеп, биле!» саясатын шебер ұстанды. Сондықтан, оларға мұсылман халықтарды, сонсоң түркі халықтарын, ахырында әрбір түркі халқын өзінің ішінде бөліп, араға жік салып, біріне-бірін дұшпан етіп қою саясаты қолданылды. Үшбұ себепті, шетелдегі қазақтар «сатқындар, қашқындар, байдың ұрқы, молданың ұрқы, тыңшы» деп айыпталды, жала жабылды. Әсіресе, Түркия, Иран, Еуропа, ҚХР елдеріндегі қазақтарды, олардың отаншыл азаматтарын қатты сынға алды. Олардың мұндағы ұрпақтарын, туыстарын азапқа салды. Міне, осындай кері үгітпен өскен һәм бұрынғы тоталитарлық жүйенің шашбауын көтеріп, соның арқасында «адам» болып, «күн» көріп жүрген кертартпашылардың әлде де болса осы кесапаттан айыға алмай отырғаны.
Жуықта, бір үлкен ағамыздың дастарханында отырғанымда, үй иесі мені меймандарға «Түркиядан көшіп келген бауырымыз» деп таныстырған-ды. Сонда отырған зейнеткер жастағы бір кісі «Иә, сатқындардың ұрқы екенсің ғой!» деп, маған тесірейе қарағаны есімде. Әлгі зейнеткерге маған айтқанының дұрыс емес екенін, дін жолымен һәм заң жағымен қарағанда нахош, күнә екенін айтып, бақтым. Бірақ, әбден санасына сіңген нәрсені шығарып тастау мүмкін болмады. Қарасам, қазіргі экономикалық дағдарыс кезінде ғұрбаттан келген қазақтарды кінәлі санайтын көрінеді. Елінің мүддесінен гөрі өзінің қара басының пайдасын жоғары ұстайтын сол кісіге айтқан пікірлерім босқа кетті. Ол, қаталық ұрық қуалайтындай, отызыншы жылдары босып кеткен қазақтардың өздерін ғана емес, олардың ұрпақтарын да жек көретінін көрсетті.
Жә, осы ащы хақиқатты айтқан соң бірнеше ойымды қысқаша қайырайын:
Біріншіден, шетелдерге кеткен қазақтарды қашқын, сатқын дей алмаймыз. Үйткені, жоғарыда айтқанымыздай, олардың айтарлықтай бөлігі өздерінің ежелгі мекенінде тұрады. Ал, Иран, Ауғаныстан, Түркия жеріне кеткен қазақтар кешегі ашаршылық, жаппай қудалау, тәркілеу зобалаңдары кезінде «босуға» мәжбүр болған жандар. Босу деген сөздің өзі олардың қандай себептермен кеткенін түсіндіреді. Ал, қашқын деп бүгінгі тәуелсіздік пен тоқшылықтың қадірін түсінбей, халықтың ақшасын жеп Швейцарияға, Америкаға, Израилға, Белгияға қашқан қазақтарды айтуға болады. Оларды «қазақ» деп атауға аузың бармайды-ау. Соғыс, қақтығыс, репрессия атаулы зұлматтардың бірде-бірі жоқ кезде, өздігінен қашқан адамдар, міне, тап солар. Ал, қысыл-таяң кездегі аталарымыздың неге жер аударғанын тарихшы ғалымдарымыз соңғы он жылда айтып һәм жөнді түсіндіріп келе жатыр.
Екіншіден, кетудің де кетуі бар ғой. Күш жинап, отанын қайта азат етуге басқа жаққа кеткен адамдар да бар. Мәселен, Мұстафа Шоқайды кім сатқын деп айта алады? Мұстафа Шоқайдай туған елін сүйген, халқының азаттығы үшін күрескен көсемдер некен-саяқ. Ол ширек ғасыр бойы шетелдерде туған халқының мерейін үстем ету үшін күрескен ардақты тұлға. Ислам тарихынан айтар болсақ, Пайғамбарымыз да 622 жылы өзінің туған елінен ауып Мәдинеге барған жоқ па? Ол, Мәдинеде мемлекет орнатып, бар жоғы сегіз жылдан кейін 630 ж. Меккені бұтқақұлдардан азат еткен жоқ па? Аллаһ Тағала қасиетті кітабымыз Құран Кәрімінде хақ жолда һижрат (көш) еткендерді мадақтаған. Мәселен, Әл-и Имран сүресінің 195-аятында Аллаһ жолында көшкендер былайша мадақталады:
«Олар көшті, жұртынан шығарылды, Аллаһ жолында қиыншылықтарға ұшырады, соғысыты һәм өлді. Ант болсын! Мен де олардың жамандықтарын жасырамын және оларды астынан өзендер ағатын жәннеттерге қоямын. Бұл сыйлық – Аллаһ тарапынан-дүр. Сауаптарыңа әдемі әжірді Аллаһ береді».
Ниса сүресіндегі 100-аятта былай делінген:
«Аллаһ жолында көшкен адам жер бетінде барарлық көптеген әдемі қоныстар һәм молшылық табады. Кім Аллаһ және Оның Пайғамбарының жолында көшу мақсатымен үйінен шықса, сонсоң жолшылықта ажал оны тапса (өлсе), ендеше оның сыйлығын беру Аллаһ Тағалаға тән! Аллаһ аса мейірімді, көп есіркеуші-дүр!»
Тәубе сүресі, 20-аятта былай делінген:
«Иман етіп һәм Аллаһ жолында көшкендер, мал-мүлкімен, жан-тәнімен күрескендер дәреже жағынан Аллаһ Тағаланың хұзырында өзгелерден үстем-дүр. Абыройға, ізгілікке жеткендер, міне, солар!»
Пайғамбарымыз Мәдинеге көшіп келген мұсылмандарды «Мұһажирұн» деп атаған. Сондықтан, біздің шетелдерге қилы себептерге байланысты діні, тілін сақтау үшін кеткен бауырларымыз бүгінде Қазақстанның өсуіне, өркендеуіне атсалысып, үлес қосуда. Ғұрбаттағы бауырларымыздың түрлі-түрлі салалардағы жетік тәжрибелері, өздеріне тән қасиеттері Қазақстан қоғамының мәдени, экономикалық потециалын күшейтуде.
Мемлекетіміз мықты болуы үшін қазақ халқының басы бірігіп, мықты ұлтқа айналуымыз керек. Осы тұрғыдан алғанда бұрынғы бүлікшілердің жауыз насихаттарын қоқысқа лақтырып, тәуелсіз мемлекеттің азаматтары ретінде егемендігімізді мәңгі сақтап, Қазақстанымызды мың жасату үшін еңбек етуіміз керек. Бұл өзін қазақ дейтін әр азаматтың өмірлік міндеті болуы керек те ұрпақтан ұрпаққа ол міндет қатаң сақталып, мінсіз атқарылуы шарт. Алыстан келген бауырларымыз туралы барлық хүкімділікті (предубеждение) жойып, оларды бауырға басып, олардың мұң-мұхтажын ықыласпен тыңдап, қаталықтары болса кешіріммен қарап, кемшіліктерін ортақтасып түзеуіміз-ақ керек. Мисалға, басқа ұлттардың өздерінің ғұрбаттағы бауырларына деген көзқарасын фактілермен келтірелік:
Еврей халқы дүние жүзіне таралған, сауда-саттықта, экономикалық іс-әрекеттерде шешуші рөл атқарып жатқан халық. Осыдан бірнеше жыл бұрын Алматыға Израилдың сауда және экономика министрі Натан Шаранский келді. Ол ресми сапар барысында Орта Азия елдерін түгел аралап шықты. Қазақ теледидары Натан Шараскидің осыдан он шақты жыл бұрын Ресейден көшіп барған еврей екенін айтқанда таң қалдым. Ол өзінің «екі мың жыл» бұрынғы ата мекеніне барғанда бауырлары «Бұл Ресейден келген, сатқынның ұрқы, тыңшы» деп айтпаған, керісінше біліміне, қабілетіне қарап сауда және экономика министрі етіп қойған. Ал, Израилдың сауда-экономикасын басқарған адамның әлемде қаншалықты күшінің бар екенін өзіңіз-ақ ойлаңыз.
Осыдан екі-үш жыл бұрын Литва мемлекетінде президент сайлауы болды. Бұл сайлауға АҚШ азаматы Адамкус деген диаспораның өкілі қатысып, президенттік сайлауды жеңіп алды. Ол президент болған соң жарты жылдан кейін ғана Литва азаматтығын қабылдады, зайыбы сол кезде әлде де АҚШ азаматы болып қалған-ды. Литва секілді өркениеті дамыған мемлекетте ешкім Адамкусқа қарсы шығып, «қашқын, тыңшы, сатқындардың ұрқы» демеді. Шаранский секілді өзінің туған тілін шала сөйлейтін бұл перзентін Литвалықтар бауырға басып, мемлекет басшысы етіп, сый көрсетті. Ол да өзінің еліне қолынан келгенінше қызмет етуде.
Бұларға қоса Солженицынды орыстардың қалай көтергенін айтсақ та жеткілікті. Армения мемлекетінің сыртқы істер министрі АҚШ азаматы армиян диаспорасының өкілі Вартан Осканян. Жуықта түрік теледидарына берген сұхбатында Түрікменістан президенті Сапармұрат Түркменбашы төрт вице-министрдің Түркия азаматтары екенін айтты. Олардың Түрікменістанның дамуына айтарлықтай үлес қосып жатқанын хабарлады. Бұған қоса жапон халқы тұрмайтын Перу мемлекетін он бір жыл бойы Алберто Фуджиморидің басқарғанын, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы болған М. Олбрайттың екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Чехиядан қашқанын айтуға болады. Тіпті, Чехия президенті В. Хавел қызмет мерзімі аяқтап келе жатқан Олбрайт ханымға телефондап, Чехияға көшіп келуін, президенттікті қуана қуана оған тапсыратынын айтқан. Алманиядағы Г. Коль басқарған христиан демократиялық одақтың басшылығына жуырда шығыс Алманиядан келген ханым сайланды.
Иә, мысалдар жеткілікті. Ұлт болған халықтар, дамыған мемлекеттер өз отандастарын пәлен жердікі, түлен жердікі деп бөлмей, объективті жағынан ғана қарап, елдің, мемлекеттің мүддесін жоғары ұстап қарауда. Жоғарыдағы айтылған кертартпа пікір иелерінің саны тым аз. Алайда, бір қарын майды бір құмалақ шірітеді дегендей, рухани ауруға шалдыққан осы бауырларымыздың бетін бері қаратып, халықтың бірлігіне ұйытқы етуіміз керек. Егемендігіміздің он жылдығын тойлап жатқан кезде қазақ халқының ынтымағын нығайту ең маңызды мақсат болуы керек. Көзі ашық, көкірегі ояу бауырларымызға Аллаһ Тағалам жар болғай! Хайырлы қызмет тілеймін.
Мұртаза БҰЛҰТАЙ
Философия ғылымдарының кандидаты, дінтанушы


ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТЕ ИСЛАМИ ТӘРБИЕ
МЕН САНАНЫҢ РӨЛІ ТУРАЛЫ

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ

А.Экономикалық-құқықтық себептер
1. Табыс жетіспеушілігі (жалақының аздығы):
әсіресе, бюджет мекемелерінде істейтін қызметкерлердің жалақылары орташа күнкөріс деңгейінің астында
2.Лауазымды пайдалану арқылы қосымша табыс табу мүмкіншілігінің болуы
Ресми мекемелер мен құқық қорғау органдарында жиі кездесетін жағдай
3.Әкімшілік басқару жүйесінің жемқорлыққа қолайлы жағдай жасауы
әр басшының өзінің командасын жасақтауы, жемқорлыққа белшесінен батқан қызметкерлердің көп жағдайларда тиісті жазаны алмауы, лауазымдардың сатылуы, жоғары лауазымды адамның өз командасы арқылы табыс ұйымдастыруы...
4.Мамандық иесі азаматтардың сыртқа көшіп кетуі
Біліктілік иесі және принципшіл азаматтардан гөрі жоғары лауазымдарға әдеттегі даму-жету жолы бойымен емес, таныстық-тамырластық арқылы төтесінен келген азаматтардың парақорлыққа бейім келуі
5.Азаматтардың жұмысының төменнен жоғары қарай емес, жоғарыдан төмен қарай шешілуі
Көп жағдайларда алдымен бастыққа кіру, бастықтың рұқсатын, қолтаңбасын алу, бастық пен орындаушының ымыраласуы
6.Азаматтардың мемлекет қызметкерімен жүзбе жүз келуін қажет ететін шарттардың жиі кезігуі
Салық комитеттері, жер басқармасы, құқық қорғау органдары, ресми мемекелердің басым көпшілігінде қалыптасқан жағдай.
7.Коммунистік-тоталитарлық жүйеден базар экономикасына өтудің салдары
Бұрынғы жүйе мемлекет берген кепілдіктерге негізделген еді. Бүгінгі жүйе болса, азаматтардың өз бастамаларына негізделген жүйе. Кеңестер тұсында өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтердің саны аз, сапасы төмен еді. Базар экономикасында болса тауарлар мен қызметтер шексіз, ақшасы бар адамдар ең сапалы тауарлар мен қызметтерге қол жеткізе алады.
8.Қазақ халқының тарихында бұрын-соңды болмаған байлыққа және билікке қол жеткізуі
Бұрынғы қазақтарда байлық малдың санымен есептелетұғын. Жер, өндіріс, кәсіпорын, жылжымас меншік, интеллектуалдық байлық сияқты бүгінгі категориялар бұрын болған жоқ. Қазір мемлекет билігі негізінен қазақтардың қолында.

Б. Діни-рухани себептер
1.Халықтың діни сенім тапшылығы
Атеизм және әсіре материализм салдарынан адамдардың жеткілікті дәрежеде діни сана-сезімге ие бола алмауы
2.Діни тәлім-тәрбиенің жетіспеушілігі
Бұрынғы жүйеде және бүгінгі оқу жүйесінде діни тәлім-тәрбие берудің көзделмеуі
3.Мемлекет қызметкерлерінің діни-этикалық тұрғыдан дайындалмауы
«Мемлекет діннен бөлек» деген қитұрқы қағида салдарынан мемлекет қызметкерлерін қабылдау, дайындау және өсіру кезеңдерінде діни-этикалық тәрбиенің берілмеуі
4.Әсіре материализм мен индивидуализм
Қазіргі қоғамда Батыс елдерінің бульвар мәдениетінің көбірек таралуы, жиһандастыру арқылы бүгінге дейін Батыс елдеріне тән болып келген әсіре материализм, менмендік, өзімшілдік, іштарлық, ұятсыздық сияқты жағымсыз қылықтардың белең алауы
5.Ұлттық сананың қалыптаспауы
Кейбір азаматтарымыздың жеке басының мүддесін мемлекеттің, халықтың мүддесінен жоғары қоюы
6.Жалпы білім деңгейінің төмендігі
Соңғы жылдары көбейіп кеткен жеке меншік оқу орындары мен мемлекетке қарасты оқу орындарындағы білім беру сапасының төмендеуі, ғылыми зерттеулердің тұралап қалуы. Білімі төмен азаматтар басқа мүмкіндіктерді пайдалану арқылы табыс тапқысы және қызметте өскісі келеді.
7.Оқу жүйесіндегі кемшіліктер
Сырттай оқу жүйесі, оқу саласындағы жемқорлық, заманауи талапқа сай кәсіби және діни-рухани білімнің берілмеуі
8.Білікті мамандардың сыртқа кетуі немесе базарда жүруі
Жалақы тапшылығына байланысты білікті мамандардың көбісі шет елдерге кетіп қалды, қалғаны күн көру үшін базарды жағалап жүр.
9.Білім және тәрбие саласы қызметкерлерінің жалақыларының аздығы
10.Халықтың алуан түрлі дінге бөлінуі
Бұл ұлттың ішіндегі байланыстарды әлсіретеді, қоғамның бақылау функциясына нұқсан тигізеді, жалпы халықтың береке-бірлігін шайқалтады.
11.Рухани иммунитеттің әлсіреуі
Халықтың алуан түрлі дінге бөлінуі және діни-этикалық тәрбиеден махрұм болуы салдарынан қылмыс пен күнә істеуден қайтаратын рухани тетіктердің істен шығып кетуі
12.Сыбайластық, руластық, ынсапсыздық, қанағатсыздық, ұятсыздық сияқты келеңсіздіктердің артуы
Ар-ұят азайған қоғамда имандылық та әлсірейді. Мұндай қоғамда қылмыс пен жемқорлық кең етек жаяды.
13.Құмар ойындарының көбеюі
Заңсыз және еңбексіз ақшаның көбеюі нәтижесінен осы табысты заңдастыру жолдары пайда болады. Оның бірі құмарханалар мен ойын автоматтары қойылған залдардың саңырау құлақша қаптап кетуі.
14.Еңбексіз ақша табу көздерінің көп болуы
Парақорлық, тендерлерде қолды болатын ақшалар, бюджет ресурстарының талан-таражға салынуы, жекешелендіру т.т. сияқты толып жатқан жолдармен қысқа уақытта орасан зор мөлшерде табысқа жету мүмкіндігі бер. Бұл тұтынушылар базарында аса қымбат тауарлардың көбеюіне әкеп соқтырады.
15.Арақ-шарап өндірісі мен тұтынушылығының шектен тыс артуы
Маскүнемдік қоғамның рухани иммунитетін шайқалтады, ұятты құртады, қылмысты көбейтеді.

ҰСЫНЫСТАР:

1.Діни сана-сезімді ояту, имандылықты арттырушы шараларды қолдану.
2.Экономикалық саладағы кемшіліктерді жою.
3.Құқық саласындағы ағаттықтарды жөндеу.
4.Электронды үкімет басқару жүйесін жедел іске асыру.
ТҮРКІСТАННЫҢ ИСЛАМ ӘЛЕМІНДЕГІ ЕРЕКШЕ ОРНЫ

Мұртаза БҰЛҰТАЙ

Ислами әдебиеттерде көбінесе “Йесе” (Йеси) деп аталатын заманауи Түркістан шаһарының діни, тарихи, әлеуметтік маңызын екшемес бұрын, “Түркістан” сөзінің мағнасын сәл талдап көрелік. VII-ғасырда Орта Азияны өз билігіне қаратқан арабтар (Әмәуилер) Жейхұн[1] өзенінің ар жағындағы елдерді “Мауера-ән-Нәһір”, яғни “өзеннің ар жағындағылар”, ал осы аймақты бағындырған олар кейінірек Сейхұн[2] өзенінің солтүстігіндегі елдерді “Биләд әт-Түрк”, яғни “Түрік елі” деп атаған.[3] Иран тілді халықтар да мағналас түрде “Түркістан”, яғни “Түрік Елі”, “Түрік Жері” деп атаған-тұғын. Заманауи түсінікте “Түркістан” – Жейхұн өзені бастауының солтүстігіндегі Орталық Азия елдерінің жалпы атауы.[4] Қарахан (942-1211), Ғазна (962-1187), Селжүк (1040-1157) ханадандары[5] кезінде түркілер билеген аумақтың үнемі өсуіне байланысты бүгінгі күнгі мағнадағы “Ұлы Түркістан” ұғымы қалыптасады. XVIII-XX ғасырлардағы саяси-әкімшілік өзгерістер салдарынан Ұлы Түркістан аймағы “Шарқи Түркістан” (Шығыс Түркістан) және “Ғарби Түркістан” (Батыс Түркістан) деп аталған екі бөліктен құралады. Ресей патшалғы мен Ежен Хандығының (Цин Имериясы) отарлаушылық іс-әрекеттерінің нәтижесінде Ұлы Түркістан аймағы осылайша бөлінеді. Батыс Түркістанға – Татарыстан, Басқортостан, Қазақыстан, Қырғызыстан, Тәжікістан, Өзбекістан, Түрікменістан жұмһұрияттары[6] мен Хорасан, Солтүстік Ауғаныстан енеді. Әсілі, Ұлы Түркістан ұғымы қамтитұғын жағырапиялық алаңның нақтылы тағрифы[7] жоқ, авторлар әр қилы тағриф етуде. Шығыс Түркістан елі болса Қашғар, Йаркенд, Тұрфан, Құмұл, Үрімжі секілді қалалар орналасқан Қарахан дәулеті (840-1212), Ойғыр мемлекеті (840-1337), Моғолистан Хандығы (1348-1514), Йаркенд Хандығы (1514-1644) қатарлы мұсылман-түркі мемлекеттері билеген ұлан-байтақ мекендер.[8]
Кәтіп Челеби[9] өзінің “Жиһан-нама” атты еңбегінің 27-бабында Түркістан туралы: “Жүз бір дәреже[10] бойлық, қырық үш дәреже ендіктегі, Түркістан аймағында орналасқан мәшһүр шаһар-дүр. Бұрынырақ Өзбек Хандығының тағы (орталығы) еді. Нақшибәндие машайыхтарынан Хожа Ахмед осы шаһардан-дүр” деп жазған.[11] Кейбір мұсылман тарихшылар мен жағырапияшылар “Йесе” уә “Несе”[12] қалаларын шатастырып алған. Мәселен, Ахмед Уәфиқ Паша өзінің “Ләһже-и Османи” атты еңбегінде Түркістанды: “Самарқандтың солтүстігіндегі көне қазақ шаһары – Несе, Ахмед Несеидің мақамы (орны) бар” деп тағриф еткен. Бағзы авторлар Йесе қаласын көне Тараз (Тыраз, Талас) деп жазған.[13] Алайда, көпшілік зерттеушілер Йесенің Несе мен Тараздан бөлек, осы күнгі Түркістан шаһарының орнындағы көне қала екеніне дауласпайды. Біздіңше, Йесенің Тараз уә Несе секілді көне қалалармен шатастырлуы яки олармен қатар аталуы осы қаланың қадимнен келе жатқан белгілі орталық болғанын дәлелдейді.
Жоғарыда айтқанымыздай Ахмед Ибраһимұлы әл-Йесеуи (уаф. 1166) дүниеге келген жылдары заманауи Түркістан шаһары “Йесе” деп аталатұғын. Жә, Йесе қалайша Түркістан аталып кетті? деген заңды сауал туады. Ахмед Ибраһимұлы әл-Йесеуидің таңғажайып шахсияты,[14] үстем ахлақы, көркем сөздері, үгіт-насихаттары Түркістан елдерінде соншалықты тәсірлі болған-кім, дүйім мұсылман жұрты оны құрметтегендіктен “Пир-и Түркістани” (Түркістанның Пірі), “Хазірет-и Түркістани” (Түркістанның Хазіреті) деп атаған (ат тергеу). Мұндағы Түркістан ұлан-байтақ Түркістан екенін айта кетелік. Демек, Ахмед Йесеуи XII-XIII ғасырларда күллі Түрік Елінің ең мәшһүр тұлғаларынан болған. Осы себепке байланысты ол жерленген Йесе шаһары “Пир-и Түркістани қаласы”, “Хазірет-и Түркістани қаласы”, кейінірек “Түркістан” қаласы боп аталған деп ойлаудамыз. Бізде, халық арасында, Түркістан дегенде Ұлы Түркістаннан зияда[15] Түркістан шаһары еске түседі. Ләкин, шетелдерде (батыс һәм мұсылман елдерінде), ғылми бұлақтарда “Түркістан” әлі де болса кең мағнада қолданылуда. Әсіресе, Иран, Пәкістан, Үндістан, Түркия, Балқан және Араб елдерінде Түркістан сөзі қаладан зияда жағырапиялық аймақ турасында пайдаланылады. Күні кеше ғана Пәкістанда, Саұди Арабыстанда, Түркияда жүрген қазақ, ойғыр, өзбек, татар ұрпақтарын “Түркістани” яки ”Түркістандық” деп атаушы еді. Қылышынан қан тамған Кеңес империясының өзі Ақмешітті – Қызылорда, Ақмоланы (немесе Ақмолла) – Целиноград еткенімен, Түркістанға тисуге батылы бармаған.
Ұлы Түркістан алып тұлғаларға бай, тарихы терең, Ислам өркениетінің жарқын мекені. Осы аймақтың дәл кіндігінде орналасқан һәм атын иемденген Түркістан (Йесе) шаһары да жалпы Түркістанның тарихи, мәдени, әлеуметтік өмірінде орасан зор маңызды орынға ие ғаламат мекен. Түркістан шаһарының діни, мәдени тәсірлерін сонау Пәкістан-Үндістан елдерінен, Таяу Шығыстан, Балқан түбегінен табуға болады. Бұның бәрі Түркістанның қаншалықты ықпалды мәдениет, өркениет орталығы болғанын аңғартады. Йесе (Түркістан) шаһарының біздің елімізде орналасқаны болса, жалпы қазақ баласы уә барша Қазақыстандықтар үшін аса үлкен мақтаныш, зор бақыт. Қазақ жерінде тарихи мұралар, көне қалалар, мәдениет орталықтары бұрын-соңды болмаған деп дақпырттап жүрген көрсоқырларға бір Йесенің (Түркістанның) өзі-ақ жетерлік. Йесеге ат шаптырымдай қашықтықтағы мәдениет, мағариф орталықтарынан шыққан Фарабилер, Отырарилер, Сығанақилер, Исфижабилер, Сайрамилер, Қарнақилер, Иқанилер, Сығанақилер, Қаршилер, Таразилер, Шашилер, Баласағұнилер т.т. тізімін жазуға осы мақаланың көлемі шақ келмейді. Кейде бір қаланың түрлі дәуірлердегі атауларымен аталған бабаларымыздың ұзын саны мыңнан асып жығылатыны еліміздің сонау Қарлұқ (754-840), Қарахан (942-1211) дәуірінен бастап-ақ Ислам әлемінің ең басты білім-ғылым ұяларының бірі болғанын дәлелдейді. Әмәуи (661-750) мен Аббаси (750-1258) әулеттері тұсында Ислам әлемінің мәдениет һәм әкімшілік орталықтары Шам, Басра, Кұфа, Бағдад, Фұстат (көне Қаһира), Нишабұр еді. Орталық Азияда Ислам өркениеті гүлденіп, мұсылман-түркілер халифалық тізгінін бірте-бірте қолға алған соң Мауера-ән-Нәһір, Хорасан, Түркістан уилаяттары аса дамыған, халқы бай, сауаттылық деңгейі һәм мәдениеті жоғары, саяси жағынан үстем мекендерге айналды. Батыстағы Әндүлүсте де (Андолұсия) күллі Еуропаны тамсантқан Ислам өркениеті дүниеге келді. Ислам әлемінің қиыр шығысы мен қиыр батысындағы осы елдерде бәшериет[16] тарихындағы ең зерделі ғалымдар мен ойшылдар, данышпандар мен мемлекет қайраткерлері өмір сүрді. Хорасан, Хорезім, Мауера-ән-Нәһір (Бұхара, Самарқанд, Шаш, Тирмиз т.т.) мен Оңтүстік Қазақыстанда (Фараб, Исфижаб, Тараз, Йесе, Баласағұн т.т.) әлемдік сәуиедегі ғалымдар, философтар, фақиһтар,[17] мұхаддистар,[18] әдибтер дүниеге келді. Абдұлазиз Баб (ІХ ғ.), Алааддин Аттар (уаф. 1400), Алааддин Мұхаммед (уаф. 1220), Алааддин Текиш (Текеш) (ХІІІ ғ.), Алааддин Хұсайын Ғұри (ХІІ ғ.), Арслан Ғазы Тафғач Хан (Х ғ.), Анұстегін Қарачай (ХІ ғ.), Арыстан Баб (ХІІ ғ.), Асан Қайғы Сәбитұлы (1361?-?), Ахмед Тұлұнұлы (ІХ ғ.), Әбдіжәлил Баб (VIII ғ.), Әбілғазы Баһадүр Хан (1603-1663), әз-Замахшари (1075-1144), әл-Бирұни (973-1048), әл-Биһдадини (уаф. 1430), әл-Бұхари (810-870), Баһаұддин Мұхаммед әл-Бұхари Нақшибәнди (1318-1389), әл-Ғиждуани (уаф. 1180), Ғаламаддин әл-Жәуһәри (Х-ХІ ғғ.), әл-Жұзжани (ІХ ғ.), Ахмед әл-Исфижаби (Сайрамдық, уаф. 1087), Әли әл-Исфижаби (Сайрамдық, ХІ ғ.), әл-Каффал (Ташкенттік, 904-976), әл-Кердери (?-1166), әл-Керейти (XVII ғ.), әл-Қалабади (уаф. 990/995), әл-Қаламати (Х ғ.), Жамал әл-Қарши (Алмалықта туған, 1230-1315), әл-Қимақи (ХІ ғ.), әл-Матұриди (870-944), әл-Мәруәзи (ХІІ ғ.), Әбіл Қасым әл-Фараби (Отырарлық, 1130-1210), Әбу Ибраһим әл-Фараби (Отырарлық, уаф. 951), Бәдреддин әл-Фараби, Бұрһанаддин әл-Фараби, Исмаил әл-Фараби, Махмұд әл-Фараби, Мәуле Мұхаммед әл-Фараби, Мұхаммед Әбу Насыр әл-Фараби (870-950), Қауамаддин әл-Фараби, Ахмед әл-Ферғани (уаф. 861), Мұхаммед әл-Хорезми (780-850), Әлішер Науаи, ән-Наршаһи (899-959), Әбіл Қасым әл-Хаким әс-Самарқанди (уаф. 953), әс-Самарқанди (Мұхаммед Қазы, 1451-1516), Махмұд әс-Сарайи (Батыс Қазақыстан), әс-Сығанақи (ХІІІ ғ.), Имам әт-Тирмизи (ІХ ғ.), Хаким әт-Тирмизи, Әбу Абдұллаһ әт-Түрки (Баласағұндық, 1040-1112), Рәшид әт-Түрки (ІХ ғ.), Пир-и Түркістани Ахмед Ибраһимұлы әл-Йесеуи (уаф. 1166), Зәһәби әт-Түркмани (1274-1348), Мұхаммед әш-Шаши (Ташкенттік, 904-976), Ұбайдұллаһ (Қожа Ахрар) әш-Шаши (Ташкенттік, 1404-1490), Бәйдібек Би (1356-1419), Гердизи (Гардизи, ХІ ғ.), Жалаладдин (Хорезімшаһы, уаф. 1231), Жүсіп Хас Хажиб әл-Баласағұни (1016-?), Селжүк Бек (Х ғ.), Имадәддин Ақсұңқарұлы (ХІІ ғ.), Қайыр Хан әл-Отрари (уаф. 1220), Ахмед әл-Йүгнеки (ХІІ-ХІІІ ғ.), Қорқыт Ата, Құталмыш Бек (ХІ ғ.), Құтбұддин Темір (1336-1405), Мансұр Нұхұлы (Х ғ.), Махмұд Йалавач (ХІІІ ғ.), Махмүд Ғазнауи (977-1030), Махмұд Қашғари (ХІ ғ.), Мәлік Шаһ (уаф. 1092), Мұзаффар әд-Дин Соңқұр (уаф. 1161), Мұса Қарахани (Х ғ.), Мұхаммед Барыс (Парса, 1345-1420), Мұхаммед Тұғачұлы (Х ғ.), Мұхаммед Тұғлұқ (уаф. 1351), Мүслім әл-Құшайри (817-875), Насыр Себұктегінұлы (ХІ ғ.), Нәжмеддін Дайа Рази (уаф. 1256), Нұх Насырұлы (Х ғ.), Оғұлшақ Қадыр (уаф. 893), Осман Қарахани (уаф. 1211), Насреддин Рабғұзи (XIV ғ.), Саққақи, Сатұқ Боғыра Хан (уаф. 955), Сәййіл Мирки (Меркелік, XVI ғ.), Сәййід Мир Кұлал (уаф. 1370), Себұк Тегін (уаф. 997), Сұлтан Ахмед Хан (Алаша, уаф. 1504), Сұлтан Илек, Сұлтан Санжар (1118-1157), Сүлеймен Хаким Ата әл-Бақырғани (1104-1186), Тағрибирдиұлы, Ақсақ Темір (1336-1405), Темір Құтлұқ Хан (уаф. 1397), Тұғрұл Бек Селжүки (990-1063), Ұлық Бек (1394-1449), Ибни Сина (980-1037), Фәридұддин Аттар (уаф. 1229), Мұхаммед Хайдар Дулати (1500-1551), Хайдар Хорезми, Хоженди, Хұсайын Байқара (1469-1506), Һарұн Боғыра Хан (Х ғ.) секілді санаумен таусылмайтын хүкімдарлар, әдебиетшілер, ойшылдар, ғұламалар осы Түркістан аймағының еншісіне тиген. Ислам тарихын, Ислам мәдениетін зерттеуде, ғылыми жүйеге салуда аталмыш жерлестеріміздің сіңірген еңбегі аса зор.
Орталық Азияда Исламият алғаш тарала бастаған VII-ғасырдың аяғы мен VIII-ғасырдан бастап “түрік” атауы тек Түрік Қағанатын орнатқан тайпаның есімі ретінде ғана емес, осы қағанаттың қарамағындағы басқа да түркітілді тайпалардың ортақ атауына айналды. Мәселен түргештер, қарлұқтар, басмылдар, шығылдар, оғыздар, қырғыздар, ойғырлар т.т. түгелдей түрік аталатын болды. Түркі тайпалары бірте-бірте хақ дін Исламды қабылдады, орталық билік орнатқан, алуан тайпалардың басын біріктірген мықты дәулеттер хасил болды. Исламият көшпелі түркі-мұңғұл тайпаларының отырықтануында елеулі рөл атқарды. Жұма күнгі ғибадаттың жұма мешіттерінде оқылуы, медреселер мен ханакалар, керуенсарайлар мен уақыфтар, күллийелер мен тәккелер, шифаханалар мен қолөнершілер махаллалары қалалық өмірдің көркеюіне атсалысты. Қарлұқ һәм Қарахан дәуірінде, әсіресе, Сыр бойында көптеген жаңа қалалар бой көтерді, мұсылмандықты қабылдаған оғыздар сауда шаһарларын жандандырды, сүйтіп ІХ-ХІІ ғасырларда елімізде қалалық мәдениет айтарлықтай дамыды. ХІІІ-ғасырдың бірінші ширегінде мәдениет ошақтарын жойған мұңғұл шапқыншылығына дейін жалпылағанда Орталық Азияда, жалқылап айтқанда еліміздің Оңтүстік шекарасы бойында Жібек жолы саудасы кемеліне жетіп, сол дәуірдің ең зәулім қалалары бой көтерді. Исламияттың бірлікті, ұйымшылдықты, берекешілдікті уағыздауының нәтижесінде бұрын қырық пышақ боп жүрген тайпалар Саманилер (819-1005) мен Қарахан мемлекеті (942-1211) кезінде бір билікке бағынды. Үшбұ бірігу процесі түркі тайпаларының етене араласуына, түрік тілінің бүгінгі ортақ формасының қалыптасуына, ортақ дәстүрлер мен әдеттердің пайда болуына қолайлы жағдай әзірледі. ХІІІ-ғасырдағы мұңғұл шапқыншылығы мәзкүр[19] барысты пышақпен кескендей етіп тұралатып тастады, оқу-білім деңгейінің төмендеуіне, тілдік һәм антроплогиялық бірліктің шайқалуына, қалалық мәдениеттің жойыла жаздап, көшпелі тірліктің қайта жайылуына себеп болды.
Исламияттан бұрын түркілер арасында әр түрлі дәрежеде таралған зороастризм (отқақұлдық), манихейзм, бұдда (бұрқан), христиандық (мәсіхшілдік) сенімдері мүжәссәм[20] тәңірлерді дәріптеуші еді. Исламият заттық (материалдық) тәңірлер ұғымының орнына, барлық әлемдерді жаратқан, теңдесі жоқ, тумаған һәм туылмаған, есіркеуші, күллі адамзаттың Раббы бір Аллаһ Тағалаға иман етуді (сенуді) насихаттады. Таухид деп аталатын осы негізгі сенім бұрыннан таптық-сыныптық парықтарға негізделіп қалыптасқан қоғамға үлкен өзгерістер әкелді. Біріншіден, қаған яки ел билеуші таптың мансұбтары[21] аспан тәңірінің ұлы, киелі кісі деген атақтарынан айырылып, Аллаһ Тағала алдында көпшілікпен (қара халық, қара бұдұн) тең дәрежелі болды. Екіншіден, ұрық қуалайтын артықшылықтар, үстемдіктер, әлеуметтік парықтар (ақсүйектік, қарасүйектік т.т.) жойылды. Үшіншіден, бұрынғы діндердің басты құрылымы боп саналатын рұһбандық[22] сыныпы[23] жойылды; үйткені, Исламиятта рұһбандық яки Аллаһ Тағала мен пендесі арасында делдалдық (дәнекерлік) жасайтын адамдар ұғымы жоқ. Әр пенде Жаратушысына құлшылығын жасап, мұң-мұхтажын арашасыз-ақ айта алады. Төртіншіден, ою-өрнектер мен суреттердегі, қабір тастарындағы тәңір, рұһбан, періште, хор қызы тасуирлері[24] тәдрижен[25] ғайып болып, олардың орнына мүжәррәд[26] заттар, гүл-шешектер, хұсни-хат[27] (каллиграфия) көбірек қолданылатын болды. Міне, қоғамның һәм жеке адамдардың (фәрд) өзін еркін сезінуіне, еркін оқып, білім алуына, әрқандай хүкімділіктен[28] аулақ болуына, ғылым, мәдениет көкжиектерінің айқара ашылуына керемет қолайлы жағдай жасаған хақ дін, адамдарды заттарға құл болудан құтқарды, фәрдтер арасында рухани теңдік пайда болдырды. Бұрын әртүрлі бұттарға, тәңірлерге, рәміздерге[29] кұл боп бар өмірін өткізгендер, енді кертартпа догмалар мен табұлардан құтылып, ырым-хұрафалардың құрсауынан азат болып ғылымның тұңғиықтарына сүңгуге мүмкіндік тапты. Ислам әлемінде, әсіресе, Түркістан елдерінде заманауи ғалымдарды тамсантатын даналар өсті, өнді. 870-жылы Йесенің түбіндегі Фарабта дүниеге келген Мұхаммед Әбу Насыр әл-Фараби, дәл сол жылдары “Қасиетті Қала”[30] деп аталған еңбегін жазған-ды. Мәшһүр философ бұл еңбегінде “қасиетті қала” тұрғындарын екі топқа бөледі; Аллаһ Тағаланы, материалдан тыс болмысты, адамның мәңгі қуанышын ойлап, ақылын пайдаланатын таңдаулылар тобы және осыларды тек қиял арқалы ғана түсіне алатын көпшілік қауым.[31] Әл-Фараби “Қасиетті Қала” атты рисаласында қаланың басқарушысы ретінде Әз Мұхаммедті суреттейді, қала тұрғындары хақ нәбидің[32] жолына ұйыған адамдар ретінде суреттеледі.[33] Платонның қаласын философ, әл-Фарабидің қаласын болса Аллаһ Тағаланың елшісі басқарады.
Түркістан елдерінен Таяу Шығыстағы мұсылман өлкелеріне көшкен бабаларымыз өздерімен бірге көп нәрсені де ала барған. Құрылыс салуда тас пен мәрмәрден гөрі кірпішті пайдалану осының нағыз айғағы.[34] Мәселен, Мысырда мемлекет орнатқан Ахмед Тұлұнұлы (ІХ ғ.), Мұхаммед Тұғачұлы Ихшид (Х ғ.) секілді дәулет адамдары мен Бағдад түбіндегі Самарра қалашығын салған түркілер Түркістанға тән сәулет-құрылыс әдістерін паш еткен. Қаһирадағы Ахмед Тұлұнұлы мешіті кірпіштен салынған бірегей мешіт боп дараланады, Сұрия, Ирақ, Түркия секілді бауырлас елдерде кірпіштен салынған кесенелер, мешіттер мен медреселер, рибаттар көруге болады. Тіпті, Пәкістан мен Үндістанға осы стил Түркістаннан барған десек қателеспейміз. Мәселен, 1152 жылы салынған Мұлтандағы Шаһ Йұсұф Гердизи кесенесі, тағы да Мұлтанда 1320-1324 жылдары салынған Шаһ Рұкна Алам кесенесі кірпіш ісмерлігінің баға жетпес мұралары.[35] 1397-98 жылдары тәмам болған Ахмед Йесеуи кесенесі де тура сол үлгімен салынған алып кірпіш құрылыс.
Әбу Насыр әл-Фарабидің музыка саласында жасаған еңбектері өз алдына бір төбе, оның бәрін мұнда айтып жату артықшылық болар. Бірақ, көпшілікке онша мәлім емес екі тұлғаны айта кетелік; біріншіден, Расұлұллаһтың[36] немере ағасының Сұрайж деген түркі нәсілді қызметшісі бар еді. Осы Сұрайж иман етіп, мұсылмандықты алғаш қабылдаған түріктерден саналады.[37] Оның 634-643 жж. шамасында дүниеге келген ұлы Ибн Сұрайж (Сұрайжұлы) араб музыкасының негізін салушы сазгер-ғалым һәм “Ұд” деп аталатын аспапты тұңғыш пайдаланған күйші ретінде тарихта аталады. Исламияттың Пәкістан-Үндістан құрлығында таралуында үлкен рөл атқарған Әмір Хұсрау Деһлеуи (1253-1325) болса “Ситар” деп аталатын музыка аспабын тұңғыш жасап, пайдаланған сазгер. Хорасанда дүниеге келген Мәулана Жалаладдин (1207-1273) де бірнеше аспапты мәжлістерінде керектенген мәшһүр тұлға. Осының бәрі Түркістан елдерінен шар тарапқа тараған жерлестеріміздің Ислам елдерінде қаншалықты әсерлі болғанын байқатады.
Тілбілімі саласында да жерлестеріміздің алар орны ерекше. Түркістандық ғалымдар тек түркі тілдерін зерттеуде емес, сонымен қатар араб, парсы, ұрдұ тілдерінің зерттелуінде һәм қалыптасуында бек маңызды уәзифа[38] атқарған. Қашғарлық Махмұд (ХІ ғ.), Замахшарлық Омар (1075-1144), Деһлилік Әмір Хұсрау (1253-1325), Ұрымдық Мәулана Жалаладдин (1207-1273) аталмыш тілдердің қалыптасуында ерекше орынға ие. Мәселен, Мәулана Жалаладдин жазған "Мәснәуи" парсы тілінің классикалық туындыларына жатады һәм осы тілдің негізгі әдеби арнасын ұстаушы ұстындардың бірі. Әмір Хұсрау парсы тілінің ғана емес, сонымен қатар ұрдұшаның да майталманы. ХІ-ХІІІ ғасырларда түрік тілі Ислам әлеміндегі ең басты үш тілдің біріне айналды.

Исламияттың жайылуында Түркістанның рөлі және Ахмед Йесеуи

Исламияттың Түркия, Қырым, Балқан елдері, Шын-Машын мен Пәкістан-Үндістанда жайылуында Түркістандық дәруіштердің, мұттақилардың,[39] жарандардың атқарған қызметі телегей-теңіз. Аталмыш елдерге Түркістан-Хорасаннан арнайы тапсырмамен жіберілген мүршидтердің[40] уағыз-насихаттары арқалы діни ағарту ісі жүзеге асырылды. Өзінің туып өскен жерінен шалғайға сапар шеккен көптеген мүршидтер алыс-алыс елдерге барып, маңайына шәкірттер жинап, хақ дінді түсіндірумен шұғылданды. Бар өмірін осы жолда сарп еткен ірі тұлғалар өте көп. Олар бейбітшілікте білім беру, ағарту жұмыстарымен шұғылданып, жаугершілік (ғазауат) кезінде болса шәкірттерімен ең алдыңғы сапта жауға аттанған батырлар да бола білді. Олардың ерліктері аңызға айналып, дініміздің көпшіліктерге мәлім болуында аса маңызды рөл атқарды. Осы тұрғыдан алғанда Түркістандық Ахмед Ибраһимұлы әл-Йесеуи бабамыздың және оның рухани халифаларының[41] алар орны ерекше. Түркі халықтары мекендеген жағырапияда дін Исламның дүйім жұртшылыққа иршад етілуінде Йесеуие тариқатының[42] атқарған қызметіне тоқталуымыз ләзім. Әсіресе, Түркістаннан шар тарапқа таралған данышпан тұлғалар өздері барған елдерге жаңа ұғымдарды, жаңа құрылымдарды, жаңа фәлсәфәні де ала барды. Осының ең басты белгілерінен “уақыф”[43] ұйымдары мен кәсіби бірліктерді атап өткеніміз жөн. Уақыфтар ХІ-ХV ғасырларда жоғарыда аталған елдерде алтын дәуірді бастан кешті, он мыңдаған уақыфтар, хайрат[44] ұйымдары бой көтерді. Ғылым жолын қумақ жастарға әр түрлі қолайлы жағдай жасалды, медреселерде рухани һәм дүнияуи ғылымдар туралы дәрістер оқытылды, тәжрибелік әдістер пайдаланылып, көптеген ғылыми жаңалықтар ашылды. Ислам әлемінде тұңғыш Түркістан өңірінде, атап айтқанда Бұхарада бой көтерген “медреселер” (күллі ғылымдар зерттелетін ғылым ошақтары – университеттер) жайылып, мұсылмандар ғылымның шыңына жетті. Уақыф және медресе дегеніміз тек өркениеті дамыған, мәдениеттің жоғары сатысына көтерілген қоғамдарда ғана болатын құрылымдар. Батыс елдері медресеге тең келетін университеттерді мұсылмандардан 3-4 ғасырдан кейін ғана аша алды. Ал, уақыфқа ұқсас “фонд” (Foundation, Stiftung) мекемелері болса тек XIX-ғасырдың аяғы мен ХХ-ғасырдың басында ғана пайда болды. Мұның бәрі мұсылмандардың, әсіресе, Түркістандық мұсылмандардың бір кездері қаншалықты жоғары өркениет орнатқанын паш етеді.
Енді, Ахмед Ибраһимұлы әл-Йесеуи бабамыздың иршад әрекеттері мен Исламияттың жайылуындағы Түркістанның маңызды орны хақында біраз әңгімелейік. Әсілі, Ахмед Йесеуи түркі жұртынан шыққан тұңғыш сопы емес, һижри ІІІ-IV ғасырдан бастап көне Иран дәстүрлері берік қалыптасқан Хорасан аймағы мен Бұхара, Самарқанд, Ферғана сықылды уилаяттарда “баб” яки “баба” деп аталатын сопы шайхылар кезігуші еді. Мәселен, Мұхаммед Мағшұқ әт-Тұси және Әмір Әли Әбу Халис секілді мәшһүр сұфилар (сопылар) түрік нәсілінен шыққан-ды.[45] Сұфи шайхылардың тәсірінің, абырой-беделінің күштілігі сондай дәрежеге жеткен-кім, Қарахан (942-1211), Самани (819-1005), Селжүк (1040-1157) билеушілері халықтың алдындағы беделдерін нығайту мақсатымен олардың қолын (батасын) алатын болған. Үшбұ себепті, Ахмед Йесеуи өмір сүрген ХІІ-ғасырда сұфи шайхыларының (бабтардың немесе бабалардың) мейлінше күшті әсерге ие болғанын айта аламыз. Құран Кәрім аяттары мен Расұлұллаһтың хадистерінде сұфилық, тасаввұф[46] туралы үгіттер болмағанына қарамастан, осы үрдістің көне Иран мәдениетінің ықпал шеңберінде, әсіресе көшпелі һәм отырықшы түркілер арасында кең таралғаны байқалады. Халық арасында сопылардың кереметтері, табиғаттан тыс, әдеттен тыс қабілеттері, таң қаларлық қылықтары хақында шексіз көп риуаяттар мен аңыздар таралады. Міне, Ахмед Йесеуи осындай қоғамда дүниеге келді. Кейін, ел ішінде Ахмед Йесеуиге сілтенген бек көп сөздер, хикаялар, риуаяттар, аңыздар таралғаны, аталмыш дәуір мен сол ғасырдың қоғамына тән жағдай. Ғылыми критерияларға сәйкес келетін деректемелер бойынша Ахмед Йесеуидің өмірі мен еңбектері туралы нақтылы мәліметтер көп емес. Көбінесе манақыптар,[47] нақылдар мен ауызекі жеткізілген мәліметтерге сүйенуге тура келеді көп жағдайда. Ахмед Йесеуидің өмірі мен еңбектерін терең зерттеген мархұм академик Фұад Көпрүлү (Fuad Köprülü) сұфилықтың әу баста Иранда пайда болғанын айта келіп былай дейді:
“Көне Иран рұхы қайтадан бой көтеріп һижри IV-ғасырдан бастап Иран тілі мен әдебиеті Ислами кескінді жамыла отырып, дами және көтеріле бастады…. Ескі мифология қайтадан жаңғырып, араб әдебиетіне беймәлім жаңа “дастандар” дәуірі ашылды. Түріктер Исламияттың көптеген ұнсұрларын (элементтерін) тікелей арабтардан емес, ғажамдар (ирандықтар) арқалы қабылдады. Ислам мәдениеті түрік жұрттарына Иран мәдениетінің орталығы Хорасан арқалы Мауера-ән-Нәһірді өтіп келуші еді. Мауера-ән-Нәһірдің көптеген ірі орталықтары болса рухани жағынан “түркіліктен” зияда “Ирани” (Ирандық) болатұғын”.[48]
Ахмед Йесеуи Түркістандағы тәккесінде тәлім-тәрбие берген жылдары Орталық Азияда елеулі өзгерістер болған-ды. Селжүк билеушісі, Орта Азияны хүкіміне қаратқан Сұлтан Санжар 1157-1158 жылы қайтыс болады. Хорезімшаһтар дәулеті мықты мұсылман мемлекеті болу жолында дардай табысқа жетеді. Шығыс Түркістан, ішкі Қытай аймақтары мен Жетісу өлкелерінде бек күшті Ислами ояну, жаппай иһтидә[49] қозғалыстары байқалады. Дәл осындай ахуалда Ахмед Йесеуи парасаттылығы және шешендік қасиетімен бек көп адамды маңайына жинай біледі, әсіресе, Қазақыстан мен көршілес елдерді мекендеген көшпелі һәм жатақ түркі тайпаларынан мыңдаған шәкірттер Түркістанға (Йесе, Йеси) келеді.
Ахмед Йесеуи тарапынан негізі қаланған “Йесеуие” тариқаты “Нақшибендие” кең жайылғанға дейін Түркістан елдеріндегі ең мықты сұфилық жолы болған-ды. Нақшибендилік түркілер арасында үстем орынға ие болған соң, Йесеуилік осы тариқаттың бір шұғбасы[50] боп жалғаса берген. XII-ғасырдың аяғынан XV-ғасырға дейін Йесеуиліктің бек тәсірлі болғаны байқалады. Мәселен, Ақсақ Темір падишаһтың Ахмед Йесеуиге ерекше кіріптар болғаны белгілі. Самарқандтан басқа жерге құрылыс салдырмаған Темір арнайы бұйрық беріп, 1397 жылы осы күнгі кесене мен уақыф мүліктерін салдыртқан-ды.[51] Хатта, 1402-жылы болған Анкара соғысына аттанар алдында Темірдің кесенені зиярат етіп, ырымдағаны “Уақыат-и Тимұр” атты еңбекте келтірілген.[52] Ахмед Йесеуидің осыншама көп ардақталуы оның халифаларын (орынбасарлары) жан-жаққа жіберіп, тағлым-тәрбие саласында келелі қызмет істегендігінен деп ойлаймыз. Бұған қоса, Ахмед Йесеуи бабамыз түркі тілін пайдаланып, түркі халықтарының Исламиятты ұғынуында қалың бұқараға әсер еткен өсиеттер қалдырған. Осы себепке байланысты оның есімі көшпелі һәм отырықшы түркілер арасында Қорқыт Ата, Шопан Ата, Манас Батыр секілді мәшһүр тұлғалардың қатарында, тіпті олардан жоғары дәрежеде аталатын болды. Мәселен, Хұсамаддин Шарафәддинұлы тарапынан 1584-1588 жылдары жазылған “Рисала-и Тауарих-и Бұлғария” атты еңбекте Ахмед Йесеуидің даңқының қыпшақтар һәм бұлғарлар арасында өте жоғары болғаны жазылған. Осы қатарда бұлғар-қыпшақ жұрттарынан келген Хасан әл-Бұлғари (яки Бұлғани) мен Бираш Абрашұлы, Ахмед Йесеуидің тәрбиесінен өтіп, Еділ-Жайық өңірінде діни насихат жүргізуге жіберілген екен. Кітапта жазылғанына қарағанда, Адай ауылынан Ешмұхаммед Тоқмұхаммедұлы жоғарыдағы Бираш сұфидің мүриді болып, 36 жыл бойы туған елінде шәкірт оқытып, ел ішінде Шайх Баба деп атағы шықққан екен. Ол қайтыс болған соң, Ідріс Зұлмұхаммедұлы Йаркендке барып, Йесеуие тариқатының басшысы, Ахмед Йесеуидің мүридінің мүриді болған Шайх Һидайатұллаһтың жанында онбес жыл мағрифат алып, Бұлғар еліне қайта оралып Ешмұхаммед сопының орнын басады. Ідрістен кейін Қазандық Қасым Шайх Ибраһимұлы деген кісі орынбасарлық етеді. Ақ Еділдегі Бай Чора ауылының жұртында Ахмед Йесеуидің шәкірттерінен Қожа Әмір Кәлалдың бейіті бар. Осының бәрі де Ахмед Йесеуидің бұлғар-қыпшақ елінде қаншалықты мәшһүр болғанын һәм Исламияттың жайылуына орасан зор үлес қосқанын көрсетеді. Тіпті, кешегі Қазан төңкерісіне дейін татар, башқұрт, қазақ халықтары арасында “Диуан Хикметтің” уә Сүлеймен Бақырғанидің кітабының жатқа айтылуы осының мызғымас дәлелі. Өкінішке орай, Кеңес билігі орнаған соң жатқа айтылатын осы кітаптар ұмыт болып қала жаздады.
Тариқаттық дәстүрлі риуаяттар бойынша Ахмед Йесеуидің осы күнгі Түркия мен Балқан елдерінде де жолын ұстанған сопыларды анықтауға болады. Мәселен, Ниязабадда жерленген Аушар Баба, Мерзифонда жерленген Пір Дәдә,[53] Қаратеңіз жағалауындағы Батоуа жазығында жерленген Ақйазылы, Бұлғарыстандағы Филипе қаласы маңындағы Баба Сұлтан, Бұрсадағы Гейикли (Киікті) Баба, Ыстамбұлдағы Хороз (Қораз) Дәдә, Арықоуадағы Шайх Нұсрат, Тоқаттағы Ғажғаж Дәдә - Ахмед Йесеуидің жолын қуған орынбасарлары делінеді.[54] Бұларға қоса, Қыршәһәрде жерленген Қажы Бекташ Уәлидің де Йесеуие мүриді екені туралы риуаяттар бар.
Ахмед Йесеуидің орынбасарларынан Сүлеймен Хаким Ата (Бақырғани) Хорезім өңірінде шәкірттер жинап, тәлім-тәрбие жұмыстарымен шұғылданған. Оның шәкірттерінен Араб Арслан (Арыстан) Бабаның нәсілінен Зәңгі Ата (уаф. 1258-59) Ташкент өңірінде көп жылдар халыққа үгіт-насихат айтқан. Осы Зәңгі Атаның танымал мүридтерінен Сейіт Ата мен Садыр Атаны айтуға болады. Сайрамда (Исфижаб) көп жылдар діни ағартушылық қызмет атқарған Исхақ Қожаның әкесі Исмаил Ата әл-Хұзйани[55] осы Сейіт Атаның мүриді болатұғын. Нақшибендие тариқатының ұстазы Мұхаммед Баһаұддин әл-Бұхари (1318-1389) де Йесеуие машайыхынан Қасам Шайх және Халил Атадан дәріс алған. Бұл күндері миллиондаған мансұбтары табылатын осы Нақшибендие тариқатының негізгі дәстүрлерінде Йесеуи жолының айтарлықтай ықпалын байқауға болады. Бұдан басқа Түркістан маңындағы Иқан ауылынан шыққан Шайх Камал әл-Иқани тарапынан негізі қаланған Иқания тариқаты да Йесеуие мансұбтарынан Мәудүд Атадан рұқсат алған. Йесеуиліктің осыншама ықпалды болуындағы негізгі себептердің бірі Ахмед Йесеуидің ұстазы Йұсұф (Жүсіп) әл-Һемеданидің (уаф. 1140) ілмінің тереңдігінде, әһли сүннет уәл жамағат жолының айнымас қолдаушысы болғанында. Әсілі, күрт нәсілінен шыққан Қожа Жүсіп әл-Һемеданидің бабасы мұсылмандықты қабылдаған. Шайх Әбу Әли Фармедиден тәлім алған әл-Һемедани шарғи[56] ғылымдарды терең зерттеген, хадистану саласында мол мағлұматқа ие, Құран Кәрімді басшылыққа алған мүбәрәк жан еді. Оның ұстазынан атақты ғалым, ойшыл Мұхаммед әл-Ғазали әт-Тұси (уаф. 1111) де дәріс алған. Осы себепке байланысты, Ахмед Йесеуи ұстазынан алған білімінің нәтижесінде әр түрлі хұрафа, жаңсақ сенімдер мен ырымдарға қарсы болды. Исламияттың хақ һәм орта жолын түркі халықтарына уағыздады. Осының арқасында шиғалық, Исмаилия сықылды баатыл[57] мәзһәбтер түркілер арасында көп уақытқа дейін тарай алмады. Тарихи деректер мен ауызекі жеткізілген дәстүрлерге қарағанда Йесеуие тариқаты алдымен Түркістан, Сайрам, Ташкент төңірегінде орныққан соң, Хорезім, Мауера-ән-Нәһір және солтүстік-батыстағы қыпшақ-бұлғар елдерінде жайылған. Жекелеген Йесеуие дәруіштерінің еңбектерінің арқасында Ахмед Йесеуидің тағлымдары Хорасан, Әзербайжан және Түркия жеріне дейін жеткен. Ахмед Йесеуидің пікірлері, үгіттері ешқашанда маңызынан айырылған емес. Кеңес дәуірінде дінге қарсы уағыз жүргізілгенімен, шетелдерде, әсіресе, Түркия мен Балқан елдеріндегі мұсылмандар оның шахсияты жөнінде үздіксіз хабардар болып тұрды. Ахмед Йесеуи өзінен кейінгі ойшылдарға, әдибтерге, сұфилерге үлкен ұлгі болды, мол мұра қалдырды. Құл Шәмсәддин, Бақырғани, Хұдадад, әл-Иқани, Құл Ұбайди, Фақири, Биһбұди, Шұһұди, Құл Шарафи, Тұфейли, Хуайда, Махдұм Құли қатарлы толып жатқан сопылар өздеріне Ахмед Йесеуиді үлгі алды.
Қорыта айтқанда, еліміздің оңтүстік уилаяттарында дүниеге келген бабаларымыз Исламияттың шар тарапқа мәлім болуында бек ұлық қызмет істеді. Түркістан шаһары тек қазақ халқының тарихында ғана емес, жоғарыда айтқанымыздай, жалпы Ислам тарихында ерекше орынға ие болды. Түркістаннан Аллаһ жолында (Фи сәбилиллаһ) Түркияға көшкен бабаларымыз жер-су аттарын бірге ала барды. Мәселен, Иқан маңындағы Қарачұқтан көшкен дәруіштер Түркияның Ұрфа уилаятына орналасып, сондағы тау сілемін Қарачұқ деп атаған. Сейхұн-Жейхұн өзендеріне ұқсас қатар ағатын екі өзен Сейхан-Жейхан (Адана уилаяты) аталған. Қазақыстанымыздың ең шұрайлы өңірлерінен Жеті-Судың аты Түркиядағы Бингөл (Мыңкөл) уилаятындағы өзенді аймаққа берілген. Со сықылды, көне Барчын және Баласағұннан барған бабаларымыз Конйа уилаятының Ерменек ауданындағы екі атақты жайлауға осы шаһарлардың есімін берген. Қайсери уилаятында Талас ауданы бар, бұл да Таластан көшкен оғыз, қыпшақтардың қойған аты. 751 жылғы Талас ғазауаты болған Ахлат есімі, 1071 жылы болған Малазгирт (Манцикерт) соғысы өткен ауданға берілген. Бұларға қоса Түркияда жиі кезігетін Қарасу, Сарысу, Көксу, Ақсу өзен, аудан аттарын, Амасйа уилаятындағы Борабай (біздегі Бурабай) көлін айтуға болады.[58]
Осы шағын мақалада, Түркістанның Ислам әлеміндегі ерекше орны хақында мұхтасар ғана мәлімет беруге тырыстық. Негізінен бұл жеке зерттеу жұмысы, көлемді кітаптың тақырыбы. Жоғарыда келтірілген қысқа да нұсқа деректердің өзі Түркістанның қаншалықты беделді орталық болғанын тайға таңба салғандай көрсетеді. Тойың құтты болсын ата-мекен!

Мұртаза Жүнісұлы БҰЛҰТАЙ

4 Қыркүйек 2000 ж. Алматы қаласы

ӘДЕБИЕТТЕР:

1. ALTAN, Bayram., Türkiye’de Dini Ziyaret Yerleri, Istanbul, 1996
2. ASIMGİL, Sevim., Tarikat, Timaş, Istanbul, 1995
3. AYDIN, Mehmet., Turkish Contributions to Philosophical Culture, ASCACC Publications, Ankara, 1997
4. БАЙПАҚОВ, К., НҰРЖАНОВ А., Ұлы жібек жолы және орта ғасырлық Қазақстан, Қазақстан баспасы, Алматы, 1992
5. ESİN, Emel., The Culture of the Turks: Initial Inner Asian Phase, ASCACC Publications, Ankara, 1997
6. FİDAN, Mehmet Emin, Sufilik, Umran Yayınları, Istanbul, 1997
7. Ислам на территории бывшей Российской империи, Российская Академия Наук, Москва, выпуск 1, 1998
8. KAFALI, Mustafa., Anadolunun Fethi ve Türkleşmesi, AYKAKM Yayınları, Ankara, 1998
9. KÖPRÜLÜ, Fuad., Türk Edebiyatında İlk Mutasavvuflar, Diyanet İşleri Başkanlığı Yayınları, Ankara, 1991
10. ÖNEY, Gönül., İslam Mimarisinde Çini, Ada Yayınları, 1987
11. ТҰЯҚБАЕВ, Марат., Түркістанда жерленген тарихи тұлғалар, Алматы, 2000
12. TÜRKMEN, Erkan., Emir Hüsrev-I Dehlevi, Ankara, 1989
13. ÜLKEN, Hilmi Ziya., İslam Felsefesi, Ülken Yayınları, Istanbul, 1998
[1] Жейхұн – Аму Дария, Оксұс өзені
[2] Сейхұн – Сыр Дария, Йаксарт өзені
[3] Ислам на территории бывшей Российской империи, Российская Академия Наук, Москва, выпуск 1, 1998, 103-бет
[4] Esin, Emel., The Culture of the Turks: Initial Inner Asian Phase, ASCACC Publications, Ankara, 1997, 40-41 беттер
[5] Ханадан – династия
[6] Жұмһұрият – республика
[7] Тағриф – описание
[8] Аталмыш мемлекеттерден Қарахандар 960 жылы Исламиятты ресми дін етіп жәриялаған. Ойғыр мемлекетінде IX-XI ғасырларда Манихей, Бұрқан (Бұдда) нанымдары кең таралғанымен, Қашғарлық Махмұд және Баласағұндық Жүсіп Хас Хажип өмір сүрген ХІ ғасырдан бастап Исламият дүйім жұрт қабылдаған дінге айналған.
[9] Мұстафа Абдұллаһұлы (1609-1657): Кәтіп Челеби деген атпен мәшһүр болған Османия тарихшысы. Әскери сапарларда ұзақ жылдар тәжрибе жинаған ғалым, Ыстамбұлда тұрақтанған жылдарында мәшһүр кітапханалардағы жүз мыңдаған ғылыми еңбектерден пайдаланады. Ол, біздерге жетпеген көне бұлақтарды оқыған, Құран және хадис ғылымдары бойынша терең білім алған, библиографист, хұсни-хатшы ғалым еді. Ең белгілі еңбегі “Кәшіф әл-зұнұн ған-асами әл-кұтұб уә-л фұнұн” (Кітаптар мен ғылымдардың есімдерінен күдікті кетіру) деп аталатын керемет туынды; автор мұнда өзіне дейін жарық көрген, араб, парсы және түркі тілдеріндегі 15 000 кітаптың аты-жөні, мазмұны, авторы хақында мағлұматтар келтіреді. “Жиһан-нама” атты еңбегінде жағырапия туралы мол хабар мен дүние жүзінің қариталары бар.
[10] Дәреже – градус
[11] Әулие Челеби, Жиһан-нама, 367-бет
[12] Несе деп аталатын бірнеше елді мекен болған. Бұлардың екеуі Ферғана өңірінде, біреуі Хорасан уилаятында болған.
[13] Мәселен, фырансыз шарқиятшы Dubeux Йесе туралы айтып кеп, бір кездері бұл қала Тараз деп аталған дейді. Қараңыз; Dubeux, Tartarie, 113-бет.
[14] Шахсият – тұлғалық қасиеттері мен мінез-құлқы
[15] Зияда – гөрі, артық
[16] Бәшериет – жалпы адамзат, күллі адам баласы
[17] Фақиһ – фиқһ ғалымы, Ислам хұқұғын зерттеуші
[18] Мұхаддис – хадистанушы, Пайғамбарымыздың хадистерін жинап, жеткізуші
[19] Мәзкүр – аталмыш
[20] Мүжәссәм – жісімге айналған, материалдық, инкарнацияланған
[21] Мансұб – мүше, өкіл, қатыстылар
[22] Рұһбан – жрец, діни тап мансұбы (өкілі)
[23] Сынып – класс, тап, әлеуметтік топ
[24] Тасуир – бейне, сурет, сұлба. кескін
[25] Тәдрижен – дәрежелі, саты-саты, бірте-бірте
[26] Мүжәррәд - абстракт
[27] Хұсни-хат (көркем жазу) саласында түркілерден бек мәшһүр шеберлер (хаттат) шыққан. Мәселен, Х-ғасырда өмір сүрген Фарабтық (Отырар, Кеңгу-Тарбан, Қарачұқ) Исмаил Хаммад әл-Жәуһәриұлын айтуға болады. Демек, жерлестеріміз тек философия, тарих, әдебиет, музыка салаларында ғана емес, Ислами өнерлердің ең маңыздыларынан боп табылатын хұсни-хат саласында да әжептәуір дәрежелерге жеткен. Хақани дәуіріне тән қолжазба Құран Кәрім мұсхафтарында Түркістандық хаттаттардың шеберлігі ерекше көзге түседі, кейбір мұсхафтарда аяттардың Хақания түрік тіліндегі мағналары да жазылған. Өткен жылы Түркиядағы Конйа қаласына барып Мәулана Жалаладдин Рұмидің кесенесіндегі мұражайды аралағанымда, жерлесіміз Сәййід Мирки (Меркелік) тарапынан жазылған Құран Кәрім қолжазбасын көрген едім.
[28] Хүкімділік – предубеждение, бір нәрсе туралы алдын ала хүкімді болу
[29] Рәміз – символ, белгі
[30] Ülken, Hilmi Ziya., İslam Felsefesi, Ülken Yayınları, Istanbul, 1998, 63-бет. Фарабидің бұл еңбегі арабша “Китаб әра әһл-үл мәдинәт-үл фадыла” деп аталған.
[31] Aydın, Mehmet., Turkish Contributions to Philosophical Culture, ASCACC Publications, Ankara, 1997, 53-бет
[32] Нәби – пайғамбар, елші
[33] Esin, Emel., The Culture of the Turks: Initial Inner Asian Phase, ASCACC Publications, Ankara, 1997, 51-бет
[34] Kafalı, Mustafa., Anadolunun Fethi ve Türkleşmesi, AYKAKM Yayınları, Ankara, 1998, 32-бет
[35] Öney, Gönül., İslam Mimarisinde Çini, Ada Yayınları, 1987, 142-147 беттер
[36] Расұлұллаһ – Аллаһ Тағаланың елшісі
[37] Esin, Emel., The Culture of the Turks: Initial Inner Asian Phase, ASCACC Publications, Ankara, 1997, 56-бет
[38] Уәзифа – міндет, рөл
[39] Мұттақи – тақуашылдар, тақуа елі
[40] Мүршид – иршад етуші, тура жолға бастаушы
[41] Халифа – орынбасар
[42] Тариқат – жол
[43] Уақыф – бір мүлікті Аллаһ жолына бағыштап, хайырымдылық жасау
[44] Хайрат – хайырымдылық
[45] Köprülü, Fuad., Türk Edebiyatında İlk Mutasavvuflar, Diyanet İşleri Başkanlığı Yayınları, Ankara, 1991, 18-бет
[46] Тасаввұф – сұфилық (сопылық) ілімі
[47] Манақыб – аңыз аралас хикаялар, ауызекі жеткізідген дәстүрлер
[48] Köprülü, Fuad., Türk Edebiyatında İlk Mutasavvuflar, Diyanet İşleri Başkanlığı Yayınları, Ankara, 1991, 20-21 беттер
[49] Иһтидә - һидайат табу, иман ету, тура жолға қосылу
[50] Шұғба – бөлік, парша, қысым
[51] Зафар-нама атты еңбектің авторы Шарафәддин Йәздидің айтуынша Темір һижри 799-жылы (1396-97) Сейхұннан (Сыр Дария) өтіп қолын қазақ жерінде қыстатады. Осы арада Түркістанға барып, Ахмед Йесеуидің кесенесін салуды бұйрық етіп, бұл міндетті Мәулана Абдұллаһ Садырға тапсырады. Хожа Хұсайын Ширази атындағы архитектор (сәулетші) құрылысты салады. Темірдің бұл уақыфына 801-жылы (1398-99) ұста Шарафәддин Тебризидің ұлы Әбу әл-Азиз (Әбілғазиз) тарапынан құйылған, Құран аяттарымен көмкерілген атақты тай қазан да қосылады. Белгілі зерттеушілер Темір салдырған осы құрылыстың Түркістан шаһарының ғана емес, бүкіл дүние жүзінің ең ғажайып құрылыстарына жататынын айтады. Кесенеде Ахмед Йесеуидің жанына бек мәшһүр тарихи тұлғалар, қазақ хандары, билер, ғұламалар жерленген. Мәселен, Темірдің немересі, Ұлық Бектік қызы һәм Әбілқайыр Ханның зайыбы Рәбиға Сұлтан Бегім де осында жерленген.
[52] Köprülü, Fuad., Türk Edebiyatında İlk Mutasavvuflar, Diyanet İşleri Başkanlığı Yayınları, Ankara, 1991, 41-бет
[53] Altan, Bayram., Türkiye’de Dini Ziyaret Yerleri, Istanbul, 1996, 107-бет. Бұл орын Пири Баба деп те аталады.
[54] Мұның бәрін Әулие Челеби деп атағы шыққан, XVII-ғасырда Османия дәулетін 40 жыл бойы шарлаған Дәруіш Мәһмед (Мұхаммед) Зилли (1611-1684) өзінің “Саяхатнама” атты еңбегінде жазған. Әулие Челеби саяхатнамасының бірнеше жерінде өзін тікелей Ахмед Йесеуидің ұрпағы етіп танытады. Қараңыз: Әулие Челеби, Саяхатнама, ІІ-том; 17, 293, 398 және ІІІ-том 277, 349, 388 беттер.
[55] Хұзйан – Сайрам мен Ташкент (Шаш) арсындағы елді мекен аты.
[56] Шарғи – шариғатқа тән
[57] Баатыл – нахақ, әһли сүннет жолына қосылмайтын
[58] Бұл жеке тақырып. Түркиядағы елді мекен, тау, жер-су атаулары мен Қазақыстандағы атаулардың көбісі таң қаларлық дәрежеде ұқсас. Мысалдарды жүздеп беруге болады. Мұның бәрі де Түркия жерін фәтіхке барған бабаларымыз тарапынан туған жерін сағынып, еске алып қойылған.
МЕДИАФОРУМ

Сіз не дейсіз?

Мұртаза БҰЛҰТАЙ, дінтанушы:

Бұл жыйындарда біздің еліміздің, халқымыздың ұстанымы лайықты деңгейде көрініс тауып отыр деп айта алмаймын. Былтырғы болған медиафорумнан есімде қалғаны – Израиль мен Палестина мәселесін талқылағанда Израильдің ұстанымына жақын мәлімдемелер жасалды. Палестиналықтар жасап отырған лаңкестік әрекеттер жөнінде көбірек айтылды да, Израиль жағының алпыс жыл бойы жасап келе жатқан озбырлығы туралы айтылған жоқ. Сондықтан, бұл медиафорумда Батыстың менталитеті үстем шығып отыр. Өзімізде де проблема жеткілікті, әрине. Дегенмен, халықаралық мәселелерден де шет қалмауымыз керек. Осының барлығын біз Қазақстан тұрғысынан, өзіміздің ұлттық, діни мүддеміз тұрғысынан жасасақ, дұрыс болар еді. Яғни, мұнда әлемде болып жатқан уақиғаларға Қазақстан жұртшылығының да көзқарасы берілуі керек.

Жас Алаш газеті, №32(15070) 20.04.2006, 1-бет.
Айқын

Республикалық – қоғамдық саяси күнделік № 21 (473) 07.02.2006

Мемлекеттік тілді меңгермейінше, азаматтық берілмеуге тиіс дейтін талапты заңға енгізетін уақыт жетті ме?

Мұртаза БҰЛҰТАЙ, дінтанушы-саясаткер

- Қазақ тілінің мәртебесін көтеру және оның қолданылу аясын кеңейту бағытындағы әрекеттердің барлығын қолдаймын. Бірақ біз кейде іс жүзіне асырылуы мүмкін емес немесе оның жүзеге асуы кей шақта бізге де зияны тиіп жататын талаптарды қоятын сияқтымыз. Себебі сыртта жүрген қандастарымыздың бәрі бірдей қазақ тілін білмейді. Мысалы, Еуропда, Америка, Түркия сияқты елдерде тұратын бауырларымыздың көпшілігі ана тілінен мақрұм. Тіпті Моңғолияда тұратын қазақтардың ішінде де, Пекин секілді ішкері ірі қалаларда, Ресей ердерінде ұзақ жылдар бойы тұрақтап қалғандар арасында да ондай қаракөздер кездеседі. Азаматтық қажет болып, сынақ тапсыратын болса, олар емтиханнан өте алмас еді. Сондықтан қазақ тілінің мәртебесін көтереміз деп олардың “атамекен” деп аңсаған көңіліне су сеуіп, обалына қалып, келеңсіздеу жайға да тап болуымыз мүмкін. Сырттағы бауырларымыздан тіл білуін талап етуден бұрын, азаматтығы бар, Қазақстанда туған, бірақ ана тілінің иісі мұрнына бармайтын қандастарымызды қазақ тіліне үйретейік біз. Ал сырттан басқа ұлт өкілдері келіп, Қазақстан азаматтығын алмасын десек, онда біз “Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы” заңға өзгеріс енгізіп, этникалық тұрғыдан қазақ емес адамдардың азаматтық алу мәселесін дүниедүзілік нормға сәйкес қиындадатын талаптар қоюымызға болады.
«Алыста жүрген ағайын»

МҰРТАЗА ДЕЙТІН МҰСЫЛМАН[1]

Батыс елдеріндегі азшылық болып табылатын діні бір бауырларын қорғаудың қамында жүр.

«Жетім өспей ме, жарлы байымай ма» дейтін халқымыздың қалт айтпасына тағы көз жеткіздік. Кезінде Пәкістан арқылы, Иран арқылы Түркияға зорға талып жеткен қазақтардың аузына нәр тамызғанда түріктер исламға тән имандылықты көрсеткен еді. «Қазақ» та деген жоқ, «қазақтың ішінде керей екен» де деген жоқ. Қолдан келгенше көмектесті, ығыспаса да орын тауып берді. Сол қазақтардың алды міне, Батыс елдеріндегі мұсылмандарды қорғауға дейін жетіпті.
Өркениет көшіне ілескен ел, ұлт, ұлыс, тіпті тайпа болса да, енді оқшау қала алмайды. Араласуға-құраласуға, үйренуге-үйретуге, беруге-алуға тура келеді. Сөйте тұра, өзіңнің тегіңді, дініңді, діліңді, тіліңді, мәдениетіңді сақтау үшін күресуге тиіссің. Өгізді де өлтірме, арбаны да сындырма. Бұған жапондықтар, ағылшындар мысал болмақ. Қаншама халықтар өркениеттің тынбай айналатын тас диірменіне түсіп, үгітіліп кетті. Орыс өркениетінің өзі-ақ черемистерді, вотяктарды, пермяктарды, қаншама Сібір халықтарын «жұтып» жіберді. Әлемдік өркениет зеңгілерді, үндістерді, әріге бойласақ латындарды байқатпай, бірте-бірте ұмыттырып жіберді.
Бәрібір, араласпай тағы тұра алмайсың. Демек, араласа отырып өзіңді ұмытпау – жалғыз жол осы. XX ғасыр жылнамасы кіндік тұсынан жоғары көтерілгенде мұсылман халықтарының Батыс Еуропаға қоныстану құбылысы басталды. Түріктер, арабтар, қызылбастар және басқа ислам дінін тірек еткен ұлттардың өкілдері бірі кәсіп іздеп, бірі саяси баспана іздеп ежелгі Еуропаға табан тіреп жатты. Түріктерге ілесіп біздің қандас қазақтарымыз да Батыс Еуропадан табылып жатты. Өсті-өнді. Дәулеттенді. Өз қолдары өз ауыздарына жеткен шақта естерін жыйып, енді бас амандығын ғана емес, басқаны да ойлайтындай болды. Дінді түгендеу, ділді түгелдеу басталды.
Еуропа Ұлттық көзқарас ұйымдары (Ауропа Милли гөрүш ташкилатлары) осылай құрылған. Ол Батыс Германияның Кёльн қаласында қоныс теуіпті. Аталған ұйымның үлкен бөлігі болып табылатын Орта Азия және Қазақстан кеңсесін біздің қандасымыз, өз аузымен айтсақ: «Керей, Керейдің ішінде Жәнтекей, Жәнтекейден Сүйіншалы» Мұртаза Жүнісұлы БҰЛҰТАЙ басқарады.
Жоғарыдағы ұйым Еуропадағы 12 елдің мұсылмандарының басын біріктіріп отыр.
Мыңнан астам түрлі ұйым, қозғалыстың басын қосады. Мәселен, құрамында «Мұсылман жастар одағы», «Мұсылман әйелдер одағы», «Қоғамдық және экономикалық жүйелерді зерттеу орталығы» сияқты ірі құрылымдар бар. Өздерінің күнделікті «Милли газеті» шығып тұрады.
Батыс Еуропада қазір қызмет етіп жатқан он мыңнан астам мешіттің денін осы қоғам салдырды. Одан тысқары кітапханалары, асханалары, спорт ғимараттары, сауда орындары қаншама.
– Біздің қоғамымыз ресми тіркелген. Заңды құқығы мойындалған, - дейді Мұртаза. Батыс Еуропа елдерінде тұратын мұсылмандар өз діндерін ұмытпау үшін күресу, солардың басын біріктіру, берекесін арттыру жолында жұмыс істейміз. Біздің Еуропа Одағы кеңесінде бақылаушы деген мәртебеміз бар.
Қоғам, шынында, осы мақсаттар үшін айтарлықтай жұмыс жүргізеді екен. Амстердамда, Кёльнде, Берлинде өз телехабарларын таратады. Бес жерде ислам гимназиясын ашқан. Бөтен елдерде тұрып, қаржы қыспағында жүріп, мұншалықты шаруа тындыру – алдымен демократия мүмкіндігін пайдалану шеберлігін танытса, екінші жағынан дін мен діл үшін ештеңені аямай, оларды қайткенде қорғау қажеттігі ақиқат екенін айғақтайды.
Еуропа ұлттық көзқарас ұйымының үш үлкен саласы бар. Сол салалар бойынша жыл сайын бас қосылып, конференция өткізіледі. Бірінші саласы – ислам дінін Батысқа тарату.
Осы тұста біз Мұртазадан дәл қазір Еуропада қанша мұсылман барын сұрағанбыз. «26 миллион мұсылман бар» деді. Бұл біз ойлағаннан анағұрлым көп еді. Бұл жерде Югославияның, Албанияның, Болгарияның байырғы тұрғындарының бірсыпырасы ежелден мұсылман дінін ұстанатынын ұмытпау керек. Ал, қалған елдер негізінен ислам әлемінен келіп қоныстанушылар арқылы тізімге ілігіп отыр. Мұртазаның айтуынша, кейінгі жылдары Батыстың көптеген адамдары, әсіресе оқымысты, ғалымдар жағы ислам дінін ұстана бастаған. Сол себептер арқылы қазіргі Францияда 4,5 миллион, Германияда 3 миллион, Англияда 2,5 миллион мұсылман бар көрінеді. Бір Кёльн қаласында 24, Берлинде 60-тан астам мешіт барын ескерсек, мұсылмандардың көбейе бастағанына еш таңырқауға болмас.
Қоғамның екінші үлкен конференциясы жылма-жыл «Жаңа проблемалар, жаңа ойлар, жаңа шешімдер» деген тақырыппен өтеді. Мұның басқа екі конференциядан ерекшелігі – санаулы ғалымдар мен саясатшылар қатысады. Исламның экономикалық жүйелері талданады. Исламның жыл сайынғы салмағы таразыланады. Ұйғарымдар жасалып, бағыт айқындалады.
Үшінші сала – «Еуропа мұсылмандарының мәселелері».
– Сіздерде қандай мәселе болуы мүмкін, - деп таңырқағанбыз. – Мың-мыңдаған мешіт бар. Демократиядағы жүйеде діннің толық еркіндігі сақталады ғой.
– Қыйыншылықтарымыз бар, - деген Мұртаза. – Алдымен, мұсылман балаларын оқытуда үлкен гәп бар. Батыс Еуропадағы мектептерде ислам діні оқытылмайды. Біздің талап етуіміз бойынша ондай сабақ жүргізілсе де, сапасы басқа дін оқуларынан төмен болады. Жас ұрпақтың біздің ертеңіміз екенін ескерсек, олардың толық діни білім алуын талап етпей бола ма?
Қазақстанда дін оқуы талап етілмек тұрмақ, қазақ тілін жүйелі оқытуға қол жеткізген жоқпыз. Ал, жат ортасында жүрген Мұртазалар өз ұрпағының ертеңі үшін қалай күресіп жатыр. Салыстырып көріңіз.
Сайлау және сайлану құқығы жөнінде де ойландыратын жәйттер бар. Германияда неміс паспортын алмаған адамдар дауыс беруге жіберілмейді. Жалдамалы жұмысшы болып жүрген мұсылмандардың көбінде Германия паспорты жоқ.
Конференциялардың сыртында қоғамның ұлы құрылтайы шақырылады. Соңғы құрылтайға 40 мың адам қатысқан. Ұйымшылдық деген – осы. Діннің біріктіруші күші – осы. Қоғам оның үстіне жыл сайын исламды уағыздайтын, оның ілімін жетілдіретін, күш-қуатын айғақтайтын кітаптардың көрмесін өткізеді, саудасын ұйымдастырады. Соңғы көрмеге ислам діні жөніндегі түрлі кітаптарын жолдау арқылы әлемнің 80 баспасы қатысқан. Қоғам өзінің «Саяхат» агенттігі арқылы қаржы бөліп, мұсылмандарды Меккеге мінәжат етуге жібереді. Таяуда ғана алты мың адам «Саяхат» арқылы қажы атанып қайтты. Қоғам 2 мың студентке стипендия төлейді.
Мұртаза одан кейін қоғам алдында қойған төрт үлкен міндетті айтты. Әрине, олармен келісу-келіспеу әркімнің жеке еркі, бірақ бұлардың қоғамы мына төрт міндетке ұмтылатын болады. Алдымен – мұсылман елдерінің өз Біріккен Ұлттар Ұйымын құру.
– Үй ішінен үй тігіп керегі не? Біріккен Ұлттар Ұйымы бар емес пе? Әрі оның бас хатшысы болып жақында араб азаматы сайланды емес пе? – деп сұрадық.
Мұртаза өз ойына мығым екен. «Бәрібір қазіргі Біріккен Ұлттар Ұйымы кез-келген мәселеде еврейлерге қарай бұра тартып отырады. Ол мұсылман халықтарының құқығына әділ әрекет жасап жүрген жоқ» деді.
Екіншіден, әлемде 1,5 миллиард мұсылман болғандықтан ислам елдері ортақ валютаға көшуі керек дейді. Еуропа елдерінің бірыңғай валютаға көшіп жатқанын ескерсек, бұл ойланатын шаруа шығар. Қалай дегенде де, біздегі мұсылмандардың ішінен суырылып шығып, Меккеге барғысы келгендер ақша ауыстыруға келгенде қатты қыйналатыны рас.
Қандасымыздың «мұсылман елдерінің ортақ базары болуы керек» дегені құлаққа кірді де, «мұсылман елдерінің ортақ әскері болуы керек» дегені қыйсынға сыймады. Күні кеше идеологиясы бойынша екі жарылып, соғысу алдында тұрған екі блокта болған әлемді енді діни нанымы бойынша екі жарудың қажеті бар ма?
Кёльннен арнайы келіп отырған қандастарымызбен әлемдік деңгейде өрбіген әңгіме ақырында барып күнделікті тірлікке, жеке жағдайларды білуге ойысқан.
Үлкен ойлап, ірі сөйлегенмен, иегінің астынан бастап, жағына дейін сақал жібергенмен, әлі жас екен. Үйленбеген де. «Таяу күндері Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне Қазақстан азаматтығын беру жайында өтініш жазамын», - деді сөзінің соңында. – Наурыз айында сол азаматтықты алсам, қазақ жеріне, бабалардың асқар таулары мен байтақ даласына азаматы болып оралмақпын».
Отырып-отырып, тағы өкініш білдірген. «Алғашқы арызды «Қазақстан» қоғамына апарып едім, бір ағамыз «толық механизмі шешілген жоқ» деп қайтарып берді. Немістер бұл мәселені небәрі үш күнде шешеді. Израилде де ащы ішектей созбайды».
Олар – немістер, еврейлер, біз қазақпыз да...

Қайнар ОЛЖАЙ

[1] Қайнар ОЛЖАЙ, Мұртаза дейтін мұсылман, «Егеменді Қазақстан» газеті, 04.02.1992 ж.
Қазақ Әдебиеті
№ 43 (2829)
31.10.2003

Мұртаза Бұлұтай,
Философия ғылымының кандидаты, дінтанушы

Шовинизмнің қандай формасы болса да, адамзатқа өте зиянды. Кез келген ұлттың шовинизмі алдымен сол ұлтқа зиянын тигізеді. Заманауи ұлтшылдық пен шовинизмнің тарихын зерттеу үшін ХҮІІІ ғасырдағы Еуропаға, әсіресе, Шовин өмір сүрген Францияға назар аударуымыз керек. Ұлтшылдық пен шовинизмнің негіздері атақты француз төңкерісі жылдарында қаланды.Еуропаның әр елдеріне таралған яғуди идеологтары мен саясаткерлері, сол елдің барып тұрған ұлтшылы болып шыға келді.Өздері яғуди бола тұрып, француз, неміс, итяльян, ағылшын, орыс ұлтшылдығында олар ешкімге есе жіберген жоқ. Ресей тарихын алып қарайық. Бүгінгі орыс шовинизмнің көсемдері де, қолдаушылары да шын мәнінде кәдімгі қарапайым орыстар емес. ХІХ және ХХ ғасырлар дүниежүзінде тек көпұлтшылдық негізінде құрылған мемлекеттерді тарих сахнасына алып келді. Дүлей ұлтшылдық шовинизмге, ал, шовинизм болса нәсілшіл фашизмге апарып соқтырды. Ал фашизм зобалаңының адамзатқа қандай қасірет болып төнгенін барша жұрт біледі. Мәселеге Ислам діні тұрғысынан қарайтын болсақ, біздің дініміз барлық адамзаттың теңдігін, достастығын, ағайыншылығын және бірін – бірі сыйлай отырып, араласуын қалайтын дін. Тарихта бірінші рет, жалпы адам құқықтары, атап айтқанда, адамдардың өмір сүру құқығы, сенім бостандығы, меншікке ие болу құқығы сияқты негізгі еркіндіктер мен бостандықтар айқын түрде көрсетілді.

Рас, адамзат қоғамдастығы көптеген ұлттар мен этникалық топтардан құралған. Бірақ, бұны Құран кәрім Алла Тағаланың хикметі ретінде, яғни адамның танысып- білісулері үшін жасалған нығмет етіп көрсетеді. Адамның адамға үстемдігі болмайтын сияқты, бір ұлттың басқа бір ұлтқа да үстемдігі болмайды. Үстемдік тек имандылықта, рухани және этикалық қасиеттерде. Ал диалектикалық философияда әр қимыл қарсы қимыл туғызады деген заң бар. Яғуди ұлтшылдығы басқа ұлттардың ұлтшылдығын һәм шовинизмін туғызды. Біз қазақ халқы ретінде Құранда көзделген үстемдікті басшылыққа алуымыз керек. Яғни, имандылық, рухани және этикалық құндылықтардың ең асылдарын, ең таза, ең жоғарыларын нысана етуге тиіспіз. Мемлектіміздегі басқа ұлт және дін өкілдерінің құқықтарын құрметтей отырып, алдымен, өзіміздің тілімізге, дінімізге, жерімізге, ұрпағымызға ие болуымыз қажет. Бізге арзан ұлтшылдық пен халқымызға зиян ететін шовинизмнің қажеті жоқ. Біз жеңіске жетуіміз үшін ғылым мен білімде, өнер мен мәдиниетте озуымыз керек, ұлттық береке – бірлік жағынан болаттан соғылған қамал сияқты қазақ ұлты түрік һәм мұсылман халқы ретінде барлық адамзатқа үлгі бола алады. Қазіргі кезде күллі жиһанды тамсантқан Швейцария, Сингапур, Малайзия сияқты елдер жерінің үлкендігі, халқының көптігі немесе ұлтшылдығы жағынан емес, мәдени және дүнияауи жетістіктері, халқының жоғары тұрмыстық жағдайы және адам құқықтарын сыйлауы жағынан үлгі болуда. Сондықтан біз өз-өзімізге шовинизмді үлгі етпейік. Аурумен ауру арқылы күресуден гөрі, ауруға шипа іздеу арқылы күресу жөн деп санаймын. Әр халық өзінше шовинист бола беретін болса, жер бетінде тыныштық пен татулық қалмайды. Бұл Ислам дінінің мұраты емес. Біздің мұратымыз – тең құқықты ұлттардың жалпыадамзаттық мүддесі үшін күш біріктіріп, еңбек етуі. Міне, осы ұлы арманды орындауда қазақ ұлты жас мемелекет ретінде серпіліс жасап, алға шығуы керек, бастаушы күштің бірі болуымыз керек. Күшті Ислам діні бізге бере алады.
26 Июня 2000г
РЕКОММЕНДАЦИЯ

Изучив книгу Муртазы Жунусулы БУЛУТАЯ «Религия предков? Почему тюрки стали мусульманами?» (на казахском языке) я, как ученый и как общественный деятель получил большое удовлетворение и думаю, что предлагаемую вниманию читателей книгу, с полным правом можно назвать духовным, историческим и литературным вестником.

Для достижения поставленной цели автор дает исторические сведения, относящиеся к периоду древности и до наших дней. Подробно исследованы верования, обычаи и культура саков, сарматов, усуней, канлы, гуннов, тюрков, киргизов, уйгуров, согдийцев, хазаров, булгар, кимаков, кыпшаков, карлуков, огузов, кереитов, найманов, аргынов и других народов, в разное время населявших территорию Евразийского континента, и оказавших влияние на формирование казахского этноса.

Автор приводит сведения о сущности, характере существовавших в Центральной Азии политеистических (тотемизм, анимизм, натуризм, шаманизм, фетишизм, зороастризм, буддизм, манихейство) и монотеистических (иудаизм, христианство и ислам) религий, исследует историю их возникновения и распространения. Свои выводы автор основывает на исследованиях известных ученых, историков, деятелей культуры. Следует отметить, что автором было использовано свыше 300 трудов на 8-ми языках, таких как казахский, русский, английский, немецкий, турецкий, арабский.

В следующих разделах книги освещаются вопросы о причинах принятия тюркскими народами ислама и факторы, сыгравшие значительную роль в этом процессе. Автор приводит многочисленные сведения по истории Казахстана и Средней Азии в период до монгольского нашествия XIII века, в частности, о развитии городской культуры, расцвете архитектуры, образования; рассказывается о жизни и творчестве выдающихся деятелей, таких как Аль-Фараби (870-950), Ахмед Яссауи (1097-1161), Махмуд Кашгари (XI в.), Жусуп Хас Хажиб (XI в.) и многих других авторов, имена которых малоизвестны современным читателям. Особое внимание автор уделил малоизученной проблеме культа предков. Книга содержит познавательную информацию о сущности этого культа, на ее страницах приводятся научные свидетельства осуществления культа предков у древних народов Среднего Востока и Европы, “примитивных” народов Африки и Азии. Уже в произведениях древних пророков делаются попытки анализа роли и значения культа предков. С этих позиций рассматриваются такие отрицательные явления, как захватничество, скотокрадство, кровосмешение, колдовство, заклинательство, пьянство и другие виды правонарушений, как не имеющие научных оснований и препятствующие развитию самосознания людей. Вместе с тем, подчеркивается позитивная роль общечеловеческих ценностей, таких как гостеприимство, дружба, мир, стремление к знанию, справедливость и многие другие.

В виду изложенного, считаю целесообразным издание указанного труда Булутая М.Ж. на русском языке, так как максимально доступным для народов Казахстана, Татарстана, Башкортостана и других является указанный язык.

Доктор медицинских наук, профессор, Академик МАН,
Полномочный представитель Республики Татарстан
в Республике Казахстан,
Член Совета Ассамблеи народов Казахстана,
Президент Ассоциации татар Республики Казахстан
М.А. КАРИМОВ
ҰЛТТЫ ҰЛЫҚТАЙТЫН КІТАП[1]


Жақында «Арыс» баспасынан белгілі дінтанушы, мәдениеттанушы, ғалым Мұртаза Бұлұтайдың «Дін және ұлт» деп аталатын кітабы жарық көрді. Бір кездері қазақ басылымдарында жарияланған дін ғылымдары, әлеуметтану, тарих, философия, филология, құқық, саясаттану, халықаралық қатынастар мен мәдениет салаларын қамтыған ауқымды ғылыми-публицистикалық мақалалары осы кітапқа топтастырылыпты. Автордың ұлттық бірлік пен егемендікті сақтау, дінді бұрмалаушылықтан қорғау, зайырлы да өркениетті қоғам орнатуға үлес қосу мақсатын көздегені айқын аңғарылады.
Кітаптың жұртшылыққа берер пайдасы жайлы алғы сөзін жазған, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, Бас Мүфти, филология ғылымдарының докторы, профессор Әбсаттар Дербісәлі: «Мұртазаның сұхбаттары мен көлемді талдау мақалалары кезінде радиода, теледидарда айтылды және газет-журналдарда шықты. Дегенмен баспасөзде жарияланған материалдары бірте-бірте ұмытылып қалуы мүмкін. Ал олардың осы кітапқа енуі, кітаптардың кітапханаларға түсуі, дінтанушыларға, өзінің ата дінінің тарихы мен құндылықтарын білгісі келетін жас шәкірттерге, студенттер мен болашақ ғалымдарға таптырмас олжа»,-дейді. Сондай-ақ араб, парсы, түрік, ағылшын, неміс және орыс тілдерінің дерек көздеріндегі мағлұматтарды, еңбектерді, қолжазбаларды оқып, сараптама жасап, ой жүгірте, ақ-қарасын ажырата алатын зерделі қаламгердің еңбегіне пікір жазған филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішұлы болса: «... Батыстан да, Шығыстан да, бүгінгіден де, бұрынғыдан да келтіріп отырған дәлелдері мені тәнті етті, қанағаттандырды. Сондағы ұққаным, дін дегеніміз әлдебіреулердің әншейін ойлап тапқаны емес, тек құлшылық етудің амалы ғана емес, өмір сүрудің, тіршілік жасаудың, жалпы, адам болып қалыптасудың жолы екен», - деп ағынан жарылады.
Бұған дейін М. Бұлұтайдың «Ата-баба діні. Түркілер неге мұсылман болды?» атты үлкен монографиясы еліміздегі зиялы, ғылыми, әдеби ортада өзінің жоғары бағасын алғанын білеміз. Енді соның санатына исламның қыр-сырын білгісі келетіндер үшін «Дін және ұлт» басылымының қосылып отырғаны бізді қуантады.
[1] Ұлтты ұлықтайтын кітап, «50де50» газеті, №06(07), 13.10.2006 ж.
ТЕОЛОГИЯ МЕН ФИЛОСОФИЯ ЭТИОЛОГИЯСЫ[1]

Адам мен Ғылым егіз екен

Жалпы ғылым атаулының генезисі, немесе, түп-тамыры неде? Иә болмаса, адам құдіреті мен тіршілігінің гнесеологиясы қайда? – деп толғанып көрген жөн сияқты. Әйтсе де бұл мәселені барынша ұтымды, тұжырымдап қысқа қайыру – бұл мақаладағы басты талап болмақ. Өйткені, телегей-теңіз ойға жетелейтін, шеті мен шегі жоқ сауалдың – тек тегіне ғана көңіл аударсақ та, тақырыбымыздың табиғаты адам болмысына барып тірелетінін анық байқауға болады. Тек, осы түсініктің өзінен-ақ – Адам – Табиғат – Ғылым – бір үндестікте екенін ұғыну қиын емес. Олай болса, адам санасының жетілуімен ашылған, бүгінгі қолданыстағы ғылымның екі саласы – Табиғи (естественный) ғылым және Рухани (гуманитарный) ғылым – деп аталынып жүргені де белгілі. Ендеше, осынау ұзақ–сонар мәселенің этиологиясын қысқа қайырып, немесе, тектік себебін мүлдем жаңа көзқараспен айтар болсақ: 1. Табиғи ғылымның тегі – адамның Тән қажеттілігінен туындаса; 2. Рухани ғылымның тегі – Жан қажеттілігінен жетілетіндігі анық. Бұл жаратылыстың – өзгермейтін тұрақты заңдылығы десек те болады. Сонымен, Адам мен Ғылым егіз екен!..

Сөз жоқ, жер бетінен адамзат қауымының жойылуымен бірге, бүгінгі таңғажайып жетістіктерге жетіп отырған Табиғи және Рухани ғылым салалары да із-түссіз ғайып болары ақиқат. Сондықтан да адамзатқа Жан мен Тән тәрбиелерінің үндестіктері туралы терең толғанып, қатты ойланатын мезгіл жетті. Өйткені, осы екі үндестік қана рух қуатына негіз болмақ?! Рухы биік жандар ғана рухани байлық жасай алатыны белгілі. Мінеки, осынау адам бойындағы – Тән – Жан – Рух – атты үш жүйенің гнесеологиясы да, тек білім-ғылыммен ғана жетілетіні ақиқат. Осыдан келіп, сол білім-ғылымның тегі қайдан шығады дейтін заңды сауал туындайды. Міне соған мысал іздеп көрсек, адам алғаш рет отты игеру арқылы – оның жылуы мен жарығынан бүгінгі Физиканың негізі (1) қаланса, ал тамақ пісіру әрекетімен Химияның негізі ашылып, күллі Табиғи ғылымның алғашқы қадамы жасалғанын түсінеміз.
Ал, өзімізге белгілі ғылымның екінші саласы – Руханияттың негізі – сөз, жанның азығы ретінде бүкіл (2) рухани байлығымызды жасайтыны да рас!.. Олай болса, Аллаһтан түскен Құран Кәрімді күллі ғылыми танымның рухани көзі деудің жөні бар. Оны Жаратушы, тек адам үшін ғана түсірген ғой. Ендеше, Теология мен Философия ілімдерінің түп-тамырының бір екендігі дау тудырмаса керек.
Жалпы бұлардың өзара ұқсастығымен қоса, тәулік ішіндегі күн мен түн тәрізді айырмашылықтары да аз емес. Осы айырмашылықтарды анық байқап, терең ұғындыру үшін, ұстаздыққа жетілген ғұламалардың қажеттігі айдан анық. Ондай ұстаздарды іздеген жан, еріксіз осы саладағы ғалымдардың еңбектеріне үңілуге тура келеді. Бұл да айтқанға оңай көрінгенмен, осыншама игілікті игерудің өзі де оңай шаруа емес. Әйтседе, кімдер бар дейтін сауал бәрібір мазаңды ала береді. Сірә, міне, осындай ізденістің нәтижесі болар, жақында Мұртаза Бұлұтайдың – «Ата-баба діні. Түркілер неге мұсылман болды?», Алматы, 2000 ж., «Мұсылман қазақ еліміз», Алматы, 2001 ж., «Бурханизм туралы шындық», Алматы, 2003 ж., «Дін және ұлт», Алматы, 2006 ж. – атты іргелі еңбектерімен танысып шықтым.
Осы еңбектерден жоғарыдағы мен іздестіріп отырған – теология – фәлсәфә - тарих – этнология – социология – шығыстану – түркология – мәдениеттану – дінтану – антропология – археология – филология – мәселелері бірсыдырғы үндесе зерттелгені қанағаттанғандық сезімге бөледі. «Ата-баба діні» атты монографиялық еңбекке алғы сөз жазған – филология ғыл.док.проф., ҚР ҰҒА академигі Рахманқұл Бердібай және философия ғыл.док.проф. Аманжол Қасабек – ғұламалардың талдауларымен ұқыпты түрде таныстым. Белгілі ақынымыз, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әли және мед.ғыл.док., академик Мұрат Каримов мырзалардың пікірлерінде де шындық бар.
Әділетін айтсақ, М. Бұлұтайдың бұл монографиясы өзінің алдына қойған аса биік мақсатына орай, бұрын-соңды ана тілінде айтылып көрмеген, күрделі де батыл құрылымына лайық – жүйе мен қисын (логика) үндесе өріліпті. Жеті-сегіз тілді еркін меңгерген Мұртаза бауырымыз, айтар ойын түйдектете қотарып сапыра білген. Егер оқып отырған адамның дайындығы жетсе, әрбір тақырыптың ішінен, соншама мол ақпарат пен дәл айтылған деректерге еріксіз айызың қанғандай әсерге бөлейді. Мұның дәлелін көргіміз келсе, тек мазмұнына көз жүгіртсек жетіп жатыр. Тоғыз бөлімнен тұратын ғылыми еңбектің сан-алуан тарауларынан мысал келтірсек те болады. Бірақ, бұл тым ұзаққа созылып, шұбалаңқы жайсыздыққа ұшыратар еді. Сондықтан да, түсінген жанға, әр тақырыптың өзі-ақ ішкі мазмұнына кепілдік беріп тұрғаны анық.
Басқа бөлімдердегі сансала ғылыми ақпараттар мен білімге толы деректерді айтпағанда, тек Сегізінші – Тоғызыншы бөлімдегі, Ата-баба жолының қазақ тарихындағы кейбір аспектілері мен ислам және әдет-ғұрыптар жайында айтылған жаңалықтар да жетіп жатыр. Қысқартып қорта айтар болсақ, иісі қазақ қауымына берер білімі мен тәлімі мол еңбек деп түйіндесек, ешқандай да артық айтқанымыз емес.
Мұртаза бауырымыздың – «Дін және ұлт» және «Мұсылман қазақ еліміз» – деген кітаптары да, аса үлкен жауапкершілікпен жазылып, бүгінгі әділеті мен тәртібі жоқ қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді қозғайды. Тіпті осы кітаптарды оқи отырып, оның нағыз әмбебап дінтанушы, білімдар теолог фәлсәфашы ғалым екеніне шек жоқ. Сондықтан да ол қай ортада болса да, кез келген мәселені жүйелі де қисынды айтып, шешен сөйлеп отырады. Адамдардағы мұндай құбылыстар, сөз жоқ, оның сансала ақылмандығын байқатары хақ. Мұртаза Бұлұтайдың «Мұсылман қазақ еліміз» (2001), атты кітабындағы – «Гете және хақ дін ислам» деген мақаласынан үзінді келтіре отырып, көтерген мәселедегі танымдық сипаттарды аңғартқым келеді.
- «Әсілі, Гетенің хақ дін ислам мен исламдық шығысқа» деген махаббаты, алғысы һәм еміренуі хақында Алмания уә Түркия сықылды мемлекеттерде ертеден-ақ жазылып һәм айтылып келе жатыр. Біз де осы мақала арқылы еліміздің оқырман жұртшылығының назарын аударуды жөн көрдік.
Аталмыш жинақта Гетенің:
- Әз пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у) туралы 3 арнау өлеңі;
- Исламдық шығыстың белгілі ақыны Хожа Хафиз туралы 6 өлеңі;
- Мұсылмандар ерекше құрметтейтін 4 әйел аналарымыз хақындағы 2 өлең;
- Исламдық шығыстың белгілі есімі Зылихаға арналған 8 өлең;
- Исламдық шығыс әдебиетінің белгілі есімдері Жалаладдин Руми (1207-1273, Түркиядағы Қония қаласында қайтыс болған ғұлама, ойшыл, сопы), Шаһ Зижан, Атымтай Жомарт, Мұхаммед Шәмседдин, Осман патшалығының сол кездегі шейхұлисламы Әбұссұғұд Әфенди, Низами, Сағди, Жами, Бақи жөніндегі жиырма шақты өлеңі;
- Ақсақ Темір падишаһ хақындағы 3 өлеңі;
- Исламдық Шығысқа тән тақырыптарда, атап айтқанда – Самарқанд, Бұхара, Бағдат қалаларына, бұлбұл, хұри (хор қызы), сонымен қатар пайғамбарымыз Хазіреті Мұхаммед Мұстафаның (с.а.у) 622 жылы Меккеден Мединеге көшуіне, діни фәтуәларға (бітімдерге) Аллаһ жолында залым патшаның кесірінен қашып, бір үнгірдің ішін паналап, ұйықтап жатқан жеті әулиеге және қасиетті кітабымыз Құран Кәрімге т.т. арналған жиырмашақты өлеңдері бар.
Бүкіл әлемнің жаратушысы һәм билеушісі ретінде Аллаһ Тағаланы «Гуте Нахт» яғни, «Хайырлы кеш» атты өлеңінде Гете былай деп тағриф қылады:
Шығыс Құдайдікі,
Батыс та Құдайдікі,
Теріскей мен Күнгейдегі жерлер,
Оның қолындағы тыныштықта де алады!
Ал, қасиетті кітабымыз Құран Кәрімнің әр Рахман сүресінде Аллаһ Тағала былай деген:
«Ол Аллаһ, екі күншығыстың және
Екі күнбатыстың Раббы-дүр!
Олай болса Раббыларыңның қайсы
Нығыметтерін өтірік дейсіңдер!»
Міне, «Гетенің барша адамзатқа жіберілген ең соңғы Құдай бұлақпен үндестігі!» – дей келіп, алып отырған мәселесін жан-жақты сипаттап, Мұртаза теолог одан ары тереңдей береді. Ол оқырманын осылайша сендіре отырып, тақырыптың маңызы мен мәнін жымдастырып жібереді.
Мұртаза Бұлұтайдың биыл 2006 жылы жарық көрген «Дін және ұлт» атты ғылыми және публистикалық мақалалар жинағына енген материалдардың құндылығы бірінен бірі өткендей маңызды. Мәселен, «Исламтану», «Ислам философиясы», «Дін философиясы мен теологияның арақатынасы туралы», «Дін және мәдениет», немесе, «Қазақ пен ортаазиялықтардың ұлттығын кімнен қорғау керек», «Қазақтың ұлттығына нұқсан келтіретін диссертацияларға әрқашанда қарсы боламыз» т.б. толып жатқан әлеуметтік маңызы зор сұхбаттары да кітапқа енгізіліпті. Соңғы айтылған мақалаға аз кем тоқталуға тура келіп тұр. Мұнда, филология ғылымдарының кандидаты, талантты абайтанушы Жабал Шойынбеттің мақаласы жайында, оған қарсы хат ұйымдастырған академик Ғарифолла Есімнің «Ана тілі» (18.05.06ж.) газетіндегі материалы жайында қатты күйініп толғанады.
Мұртаза Бұлұтайдың әрқайсысы 40,0 баспа табақ көлемнен тұратын, үш кітаптан алынған – үш мақаланың ұлттық құндылығы осындай екеніне, ризашылық пікірімді білдіргенді жөн көрдім. Ал, телегей-теңіз күйінде қалған басқа тақырыптар мен мақалалардың мәдениетімізге қосар үлесі ұлан қайыр екені сөзсіз. Жалпы, соңғы жылдарда оқырмандарының ерекше көңілінен шығып жүрген дінтанушы ғұлама Мұртаза Бұлұтай мен абайтанушы – ғалым Жабал Шойынбетті барынша әділ түрде азаматтықтарын айтып, ер мінезді жүздерінің нұры тасығанын тілер едім. Кезінде бұлардың – Абайды кришнаиттерден сақтап қалғандары да есімізде?! Онда да қазақ философ ойшылдарының ағаттықтарымен алысып, жоғарыдағы жалалы диссертация тәрізді, кришнаит мәселесі де Білім министрлігінің қатаң шешімімен аяқталған еді. Бұл екі мәселеде, өз тамыры мен тегінен шықпаған, еліміздегі философияның еліктегіштігі мен әлсіздігін көрсетіп отыр. Сондықтан, философ ғалымдарымыз шамданып шамырқанбай–ақ, азаматтық парасаттарымен ойланғандары жөн. Себебі, ғылым атаулының – атасы саналатын, ақылмандық ілімінің абыройлы болғаны, келешек ұрпағымыздың тәрбиесіне керек...

Совет-Хан Ғаббасов,
Жазушы-дәрігер, фантаст, медицина ғылымдарының кандидаты, педагогика ғылымдарының докторы, Махамбет сыйлығының лауреаты






«Дін және ұлт» білуге тиісті білім

23-қараша күні түстен бұрын Алматы қаласы әкімдігі, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті, «Иман» республикалық қорының ұйымдастыруымен Алматы қаласының Достық даңғылы, 85-үйінде белгілі дінтанушы, мәдениеттанушы ғалым Мұртаза Бұлұтайдың «Дін және ұлт» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Бұл тұсаукесерге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти, филология ғылымдарының докторы, профессор Әбсаттар қажы Дербісәлі, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішұлы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, академик Махмұд Фәһми Жинази және әдебиет-мәдениет қайраткерлері мен дінтанушылар қатынасты.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 15 жылдығына орай жарық көрген «Дін және ұлт» кітабына тоқталған ғалымдар мен қаламгерлер оның ұлтымызды, дінімізді танудағы сүбелі еңбек екенін ерекше атап, оны автордың ғана емес, қазақ мәдениеті мен дінтануының мақтанышы деп бағалады.


[1] Советхан Ғаббасов, Теология мен философия этиологиясы, «Әдебиет айдыны» газеті, №47(93), 30.11.2006 ж.