пятница, 21 марта 2008 г.

КІТАПТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ[1]


23-қарашада Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі дінтанушы, мәдениеттанушы ғалым Мұртаза Бұлұтайдың Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 15 жылдығына арналған «Дін және ұлт» атты кітабының тұсаукесерінде болды. Оған Қазақстан республикасына еңбегі сіңген мемлекет, қоғам, мәдениет пен өнер және дін қайраткерлері қатысты. Әуелі Құран оқылып, Дінбасы тұсаукесерге келген жүздеген адамға бата беріп, игі тілегін айтты. Содан соң Әбсаттар қажы Дербісәлі хазірет сөз алып М. Бұлұтайдың көп тілді тез үйреніп алу қабілетіне сүйсінетінін білдіре келе, оның жарияланған көптеген еңбектеріне тоқталды. Ол асыл дініміз жайлы қалам тартып жүрген жас ғалымдардың бірі. М. Бұлұтай болашағынан зор үміт күттіреді, - дей келе Дінбасы Қазақстан мұсылмандары атынан оған шығармашылық табыс тіледі.
Автор Дінбасыға өз кітабының тұсаукесеріне қатысып, жүрекжарды лебіздерін білдіргені үшін алғысын айтып, иығына шапан жапты. М. Бұлұтай өз сөзінде: «Аллаһ Тағала еліміз дінінің тұтқасын осындай парасатты ғалымға ұстатқанына мың да бір шүкір» – деді.

[1] Кітаптың тұсауы кесілді, «Ислам және өркениет» газеті, №23(83), 1-15.12.2006 ж.