пятница, 21 марта 2008 г.

МЕДИАФОРУМ

Сіз не дейсіз?

Мұртаза БҰЛҰТАЙ, дінтанушы:

Бұл жыйындарда біздің еліміздің, халқымыздың ұстанымы лайықты деңгейде көрініс тауып отыр деп айта алмаймын. Былтырғы болған медиафорумнан есімде қалғаны – Израиль мен Палестина мәселесін талқылағанда Израильдің ұстанымына жақын мәлімдемелер жасалды. Палестиналықтар жасап отырған лаңкестік әрекеттер жөнінде көбірек айтылды да, Израиль жағының алпыс жыл бойы жасап келе жатқан озбырлығы туралы айтылған жоқ. Сондықтан, бұл медиафорумда Батыстың менталитеті үстем шығып отыр. Өзімізде де проблема жеткілікті, әрине. Дегенмен, халықаралық мәселелерден де шет қалмауымыз керек. Осының барлығын біз Қазақстан тұрғысынан, өзіміздің ұлттық, діни мүддеміз тұрғысынан жасасақ, дұрыс болар еді. Яғни, мұнда әлемде болып жатқан уақиғаларға Қазақстан жұртшылығының да көзқарасы берілуі керек.

Жас Алаш газеті, №32(15070) 20.04.2006, 1-бет.