tag:blogger.com,1999:blog-65446822916237004422008-07-03T12:04:34.279+06:00ІЗГІЛІКІЗГІЛІКhttp://www.blogger.com/profile/18135807716445827167noreply@blogger.comBlogger91125tag:blogger.com,1999:blog-6544682291623700442.post-72903080918402948362008-07-03T11:58:00.001+06:002008-07-03T12:04:34.318+06:00"ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰЛТ" БҰЛ НЕ?«ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰЛТ» БҰЛ НЕ?
БҰЛ – ҚҰБЫЖЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТ![1]

«Қазақстандық ұлт» деген тексiз, тамырсыз, талайсыз һәм сүйкiмсiз идеяны қазақ халқы қабыл алған да, қабылдаған да жоқ. Қабылдау былай тұрсын, мұның «ұлтты жоюға бағытталған зиянкес идея» екенiн, бұл идеяның «қазақ ұлтын қор ететiнiн және құрбандыққа шалатынын» айтудай-ақ айтып келедi. Бiрақ, неге екенi белгiсiз, Қазақстанның билiгi райынан қайтар емес, «қазақстандық ұлт» дегендi ұсынудан да, тықпалаудан да танбай-ақ қойды. Шынында да, мұның астарында не жатыр? Өмiр сүруге ешқандай қақысы да, құқысы да жоқ жасанды идеяға бiздiң билiк неге соншама өлiп-өшiп құштар боп отыр? «Қазақ ұлты» деген атауды «қазақстандық ұлт» деген атаумен ауыстыруға кiмдер мүдделi? Бұл идея қайдан шыққан? Қайдан келген? Кiм жасаған? Авторы (не авторлары) кiм мұның? Қазақ зиялыларын қатты алаңдатып әрi әбiгерге сап қойған осы сауалдарға жауап iздеу үшiн «Жас Алаш» газетi бүгiн арнайы дөңгелек үстел өткiздi. Белгiлi саясаткер, «Жас Алаш» газетiнiң бас редакторы Рысбек Сәрсенбайдың тiкелей бастамасымен өткiзiлген бұл әңгiмеге белгiлi қоғам қайраткерi, көрнектi ақын, «Жалын» журналының бас редакторы Мұхтар Шаханов, қоғам қайраткерi Асылы Осман, белгiлi жазушы Смағұл Елубай, «Түркiстан» газетiнiң бас редакторы Шәмшидин Пәттеев, дiнтанушы-ғалым Мұртаза Бұлұтай, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан тарихшылар қауымдастығының төрағасы Мәмбет Қойгелдi, «Жас Алаш» газетiнiң бас редакторының бiрiншi орынбасары, публицист Әмiрхан Меңдеке қатысты.
Рысбек Сәрсенбай: – Бiз бүгiн көптен берi мемлекеттiк басшылықтың деңгейiнде айтылып, талқыға түсiп келе жатқан, бiресе бәсеңдеп, бiресе қайта көтерiлiп, үзiлмей келе жатқан ұлтқа қатысты бiр мәселеге тоқталуды жөн көрдiк. Оны сiздер бұрын да айтып, қазiр де жазып жүрсiздер. Бiздiң бүгiн осы мәселеге қайта оралуымызға тура келiп отыр. Бүгiнгi әңгiмемiз «қазақстандық ұлт» идеясы төңiрегiнде болмақ. Алғашында «қазақстандық ұлт» дедi, кейiннен ҚР Президентiнiң өзi де күмәнданған болуы керек, «қазақстандық ел» деп, жаңа бiр атауды ойлап тауып қойды. Алайда, атында өзгешелiк болғанымен, «қазақстандық ұлт» идеясымен мұның заты да, мақсаты да бiр. Жарайды, бұл елдi жұмылдыруға, бiрiктiруге ұйытқы болады деген пиғылмен, түзу ниетпен көтерiлген бастама шығар делiк. Бiрақ, бұның ұлт тағдырына тигiзер әсерi өте ауыр болатындай. Халықты дүрлiктiрiп, ел арасында дүрдараздық тудыратындай. Осы мәселе төңiрегiнде пiкiр алмасып, ой бөлiссек деген ниетпен сiздердi шақырдық. Демократиялық елмiз деп кеуде қағамыз, сол рас болса, билiк қоғамдық пiкiрге де құлақ асуы тиiс. Сiздер секiлдi беделдi, белгiлi азаматтардың көзқарасымен санасуы керек. Мiне, осы тақырыптың төңiрегiнде ашық ой бөлiссек. «Қазақстандық ұлт», «қазақстандық ел» ұғымына ғылыми анықтама берiп, оның мәнi мен мазмұнына тереңiрек ой жiберiп көрсек.
«Жымысқы идеяны жапсырған кiм?»
Мұхтар Шаханов: – Ортамыздағы жалғыз қыз ғой, әңгiменi Асылы бастасын.
Асылы Осман: – Әу баста «қазақстандық ұлт» деген бастама көтерiлгенде, бұған алғашқылардың бiрi болып қарсы шыққан мен едiм. «Қазақстандық ұлт» дегенiмiзбен, ертең қарындары тойған өзге ұлт өкiлдерi тарихи отандарына көшiп жатса, олар қайтадан орысы – орыс, орманы – орман болып кетедi. Ал осы кең байтақ елдiң иесi де, киесi де – қазақ ұлты, бұлар қайда барады? Өз елiнде отырған қазақ халқының аты да, заты да жоғалып, ұлт ретiнде құрдымға кетпей ме деген қауiп бiлдiргенмiн. Бұл тұрғыдан келгенде «қазақстандық ұлт» идеясын қолдауға болмайды. Қазақстанда бiр ғана ұлт – қазақ ұлты болуы тиiс, қалғандарының барлығы – ұлт өкiлдерi. Осы ұстанымнан бiз ешуақытта айнымауымыз керек. Қажет болса, Қазақстанда тұрып жатқан өзге ұлттардың барлығын «қазақстандық» емес, «қазақ» деген атауға көшiрейiк. Түркиядағыдай. Не болмаса, Франциядағыдай. Бұған ешкiмнiң де қарсылығы бола қоймас деп ойлаймын. Президенттiң «Айқын» газетiнде айтқан бiр жақсы пiкiрi бар. «Бiз Қазақстанда татулық, бiрлiк орнату үшiн күш-қайратымызды аямадық. Қазақстан халық ассамблеясынан бастап барлық ұйымдар сол татулықты сақтауға жұмылуы қажет. Елдегi тыныштық пен бiрлiктiң кепiлi – қазақ ұлты. Өйткенi қазақ – бiрден-бiр мемлекетқұрушы ұлт» деген елбасымыздың сөздерi әлi көкейiмде тұр. Осы пiкiрдi негiзге ала отырып, мен елiмiзде мекендеп жатқан өзге ұлттардың барлығына «Қазақстанда бiр ғана ұлт бар. Ол – қазақ ұлты» дегендi саналарына сiңiруге тырысып-ақ жүрмiн. Сонымен бiрге, бiз халықтың санасына патриоттық сезiмдi ұялатуымыз керек. Бұл орайда Ресейдi мысалға алсақ та жетедi. Путиннiң де, Медведевтiң де сөздерiнде патриоттық рух көзге ұрып тұрады. Осыдан кейiн Ресей жүргiзiп отырған ұлт саясатына қалай риза болмасқа? Орыс тiлi үшiн Ресей мемлекетi жан алысып, жан берiсуге даяр. Осындай саясатты бiздiң елiмiз де қолға алса деген тiлек бiлдiремiн. Бiз де «қазақстандық ұлтты» қойып, «қазақ ұлты» деген атауға көшуiмiз керек. Қазақ ұлтының айналасында ұйысуымыз, топтасуымыз қажет. Қазақ ұлтының мемлекетқұрушы, мемлекеттүзушi ұлт екенiн ұмытпайық. Ендi «қазақстандық ел» дегенге келейiк. «Ел» деген ұғым көңiлiме қонады. Бiрақ «қазақстандық ел» дегенен гөрi «қазақ елi» деген әлдеқайда дұрыс болатын сияқты. «Қазақстан Республикасы» деген атауға қарағанда «Қазақ елi», «Қазақ мемлекетi» деген атаудың дұрыс екенiн айтып, мақалалар жазып та жүрмiн. Менiң ұстанымым – осы! Ендi сiздердi тыңдап, артынан ойларымды ортаға тағы да салсам.
Рысбек Сәрсенбай: – Рақмет. Мұха, сiздi тыңдасақ.
Мұхтар Шаханов: – «Қазақстандық ұлт» идеясы алғаш рет 1994 жылы көтерiлдi. Оған Қазақстанның 150-ге жуық iрi компанияларының басшылары қолдау бiлдiрдi. Бұлардың арасында «Қазкоммерцбанктiң» басшысы Н.Сұхбанбердин, «Астана Моторстың» президентi Н.Смағұловтар бар. «Азат» партиясының төрағасы Болат Әбiлев те кезiнде қолдау бiлдiрген-дi. Болат екеумiздiң арамызда дәл осыған қатысты әңгiме де болды. Сонда Болат өзiне Қозы – Көрпеш Есенберлиннiң екi күн қатарынан телефон соғып, жоғары жақтың арнайы тапсырмасы екенiн айтып қоймағаннан соң, «қазақстандық ұлтты» қолдап қол қоюға мәжбүр болғанын айтты. Қазiр Б.Әбiлев «қазақстандық ұлтқа» түбегейлi қарсы. Ол жөнiнде жазды да. Сөйтiп, Болат бұл мәселеде бiздiң жағымызға өттi. Жалпы, «қазақстандық ұлт» идеясы өзiнiң бастауын американдық ұлттан алады. Кезiнде Американың жерiн әртүрлi тiлде сөйлейтiн, әртүрлi сенiм-нанымдарға табынатын үндiстер мекендедi. Америка олардың ата қоныстары, отаны болды. Олардың шұрайлы жерлерiне еуропалықтар көз сала бастады. Кейiннен Франциядан, Германиядан, Португалиядан, Испаниядан, Ұлыбританиядан барған басқыншылар үндiстердiң жерiн басыбүтiн тартып алу үшiн оларды қынадай қырды. «Үндiстi кiм көп өлтiрсе, соған бәйге беремiз» деген кездерi де болды. Үндiстердi көп өлтiрген адамдар құрмет биiгiне көтерiлдi. Осындай жолмен еуропалық басқыншылар 150 миллионға жуық үндiстi жер бетiнен жойып жiбердi. Сөйтiп, «американдық ұлт» дүниеге келдi. Бiздiң басшылар да сол американдық ұлтты негiзге алып, «қазақстандық ұлт» жасамақшы. Бiз бұған әуел бастан-ақ қарсылық бiлдiрдiк. Осыдан бiр жыл бұрын «Халық рухы» партиясы құрылып жатқанда «қазақстандық ұлтқа» қарсы екенiмiздi оның бағдарламсына да ендiрдiк. Бiрақ билiк ешкiммен ақылдаспай, кеңеспей, «қазақстандық ұлтты» «Қазақстан 2030» стратегиялық бағдарламасына ендiрiп жiбердi. Әртүрлi тiлде сөйлейтiн ұлт өкiлдерiнен бiр ғана «американдық ұлт» жасаған басқыншылар тәрiздi бiздiң басшылар да «қазақстандық ұлт» моделiн жүзеге асырмақшы. Президенттiң сөздерi де соны дәлелдеп тұр. Бiрақ, бiр қазақ жұмған аузын ашпады. Ешкiм үндеген жоқ. Барлығы өз көлеңкесiнен қорқады. Сонда қалай, бiз өзiмiздiң қай ұлт өкiлi екенiмiздi тек үйде, бала-шағамыздың алдында ғана айтуға қақымыз бар да, былайғы кезде «қазақстандық ұлт» болып шыға келемiз бе? Бұл не деген сұмдық?...
Әмiрхан Меңдеке: – Мұха, осы ретте менiң сiзге бiр сұрағым бар. Қазiр бәрiмiзге белгiлi болып отыр ғой, «еуразиялық» дегенiмiздiң бiзге Ресейден келген идея екенi. Яғни, бұл идеяны ойлап тапқан да, негiзiн қалаған да, жасаған да, оны бiзге ендiрген де орыстар, орыс ғалымдары мен орыс саясаткерлерi болып шықты. Сол сияқты, осы «қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып, сырттан әкелiнiп жатқан жоқ па? Өйткенi, «қазақстандық ұлт» деген құбыжық, қорқынышты идеяны менiң ойымша, бiрде-бiр қазақ ғалымы, бiрде-бiр қазақ саясаткерi дәтi барып жасай да алмайды, қолы барып ұсына да алмайды. Осы «қазақстандық ұлт» деген идеяны бiзге кiм жапсырып отыр? Осы идеяның авторы кiмдер? Қайдан шыққан, кiмнен шыққан идея бұл өзi?
Мұхтар Шаханов: – Менiңше, осы идеяны бiзге жапсырып отырған американдықтар сияқты. Бұндағы американдықтардың мақсаты не? Олар жылына әлемде әртүрлi дiндердi көркейту үшiн 11 миллиард доллар бөледi. Бiздi жiк-жiкке, топ-топқа бөлу үшiн. Қазақтың дiнi не? Ислам дiнi. Орыстардың отарлау саясаты барысында қазақ елiне православ дiнi келдi. Сөйтiп, тәуелсiздiкке қол жеткiзгенге дейiн Қазақстанда екi дiн өмiр сүрдi. Қазiр қарасаңыз, 2000-нан астам дiни секталар мен бiрлестiктер елiмiздi еркiн жайлап алған. «Қазақстандық ұлт» идеясы да дәл сол сияқты бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Негiзгi авторлары – американдықтар. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Бәрiмiз орысшаға көшемiз. Ұлт жойылады. «Мордиясы ғана қазақ» (МҒҚ – Шахановтың терминi) боламыз. Бiздiң шала қазақтардың көбi қазақ тiлiнiң дамуына титтей де мүдделi емес. Қазақ тiлiнде сөйлеуге ешкiмнiң аттап басқысы келмейдi. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ. Соны көздеген. Шала қазақтардың ойы – осы! Ендi Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкiлдерiне келейiк. «Қазақстандық ұлтқа» айналу бұларға да тиiмсiз. Әркiм өзiнiң ұлтын сақтағысы келедi. Мәселен, Асылы Осман – әзiрбайжан ұлтының қызы, ол неге «қазақстандық» болуы тиiс? Ол өз ұлтын сүйедi. Өзiнiң ұлтын сүю арқылы қазақ ұлтын да жақсы көретiндiгiн дәлелдеп жүр . Ұлт үшiн шырылдап жүрген бiздердi шала қазақтардан гөрi орыстар жақсы түсiнедi. Әрбiр нағыз орыс өз ұлтын жанындай жақсы көредi. Сол арқылы бiздi жақсы түсiнетiн, жанашырлықпен қарайтын орыс ұлтының азаматтары көп. Евгений Евтушенко секiлдi орыстар маған үнемi қолдау бiлдiрiп отырады. Мен сiздерге мынадай қызықты айтып берейiн. Қайбiр жылы АҚШ-ты аузына қаратқан ақын Роберт Блай, Ресейдiң әйгiлi ақыны Андрей Вознесенский үшеуiмiз Алматының Республика сарайында поэзия кешiн өткiзбекшi болдық. Маған Алматы облысының басшысы телефон соқты. «Кештi жарнамалауды, билет таратуды бiз өз мойнымызға алайық, сiз әуре болмай-ақ қойыңыз» деп. Мен келiсе кеттiм. Кеш тақағанда өзiме 10-15 билет сұрап едiм, әлгiлер билеттiң барлығы сатылып кеттi, халық кешке кiре алмай сабылып жүр дедi. Сөйтiп, кешке сарайға бардық. Барсақ, сыртта 5-6 адам ғана жүр екен. Төбе шашым тiк тұрды. Поэзия кешiне келген көрермен жоқ. Бiрден әлгi басшыға хабарласып, дүрсе қоя бердiм. Не керек, билет сол кезде ғана таратыла бастады. Әйтiп-бүйтiп 400 адам жиналды сол кешке. Артынан өзiм Блай мен Вознесенскийден кешiрiм сұрауға мәжбүр болдым. Вознесенский бұның себебiн менiң Желтоқсан мәселесiн көтерiп жүргенiммен байланыстырды. Бiздiң басшыларға «Осыдан Шахановтың басынан бiр тал шаш түссе, әлемдiк деңгейде шу шығаратынын» ескерттi. Мiне, әңгiме осылай. Бұдан байқайтынымыз, ұлт деп дабыл қаққан бiздердi iшiмiздегi шала қазақтардан гөрi сырттағы азаматтар жақсы түсiнедi. Өкiнiшке қарай, өз елiмiздегi орыстар ұлттық мүддеге мұрын шүйiре қарайды. Бұған да кiнәлi – бiздiң өзiмiз. Бiздiң шала қазақтар. Өз ұлтымызды өзiмiз менсiнбей тұрғаннан кейiн бұлар қалай менсiнедi? Тағы бiр мәселе. Кейбiр газет беттерiнен таяуда халыққа жаңа төлқұжат берiлетiндiгi туралы сыбыс естiлдi. Ол құжатта «ұлты» деген графаның орнына «қазақстандық» деп жазылмақшы. Бұған жол берiлетiн болса, онда бiздiң ұлттың бiржолата жойылатыны айдан анық. Қазақ тiлi де, мәдениетi де, өнерi де болмайды. Барлығы да құриды! Ұлтты жоюға бағытталған «қазақстандық ұлтты» қолдату үшiн референдумға салып жiберуi де мүмкiн. Бiздiң құритынымыз да осы жер болады. Өйткенi, қазiр қазақтардың 60 пайызы үй iшiнде, жұмыс орнында, көшеде тек орыс тiлiнде сөйлеуге көштi. Бұл идеяны өзiмiздiң космополиттерiмiз де қолдап жiбередi. Ұлт өмiрiнiң үзiлетiн жерi осы болмақ!
Смағұл Елубай: – «Қазақстандық ұлт» деген идея – қазақ халқының болмысы мен болашағына қарсы идея. Бұл идеяны тықпалап жүрген кiмдер? Қазақ тiлi шын мәнiнде мемлекеттiк тiлге айналып, күшiне мiнiп, қанатын кеңге жайып кетедi деп қауiптенетiндер. Қазақ ұлтын жоюдың әр түрлi құйтырқы жолдары бар. Бұл да – соның бiр жолы. Егер түсiне бiлсек, «қазақстандық ұлт» дегенiмiз – аса қорқынышты һәм құбыжық эксперимент. Кезiнде «кеңес халқы» деген эксперимент жасалынбап па едi?! Елдiң бәрiн орыстандыру, орыс тiлiнде сөйлету үшiн. Осы құбыжық эксперименттiң кесiр-керiнен Кеңес Одағында бар-жоғы 70 жылдың iшiнде 93 ұлт (!) жойылып кеттi ғой. Бiржолата! Шындап келсек, қазақ халқын тұралатып кеткен, ендi түбiне жетуге жақын қалған саясат та – осы, «кеңес халқы» деген саясат. Бiр құбыжық саясаттан әзер құтылып, екiншi бiр құбыжық саясаттың торына шырмалып жатқанымыз, қай қылғанымыз? Егер тереңiрек ойлай бiлсек, «қазақстандық ұлт» деген идея Қазақстандағы ұлт өкiлдерiнiң арасына от жағады. Олардың араздығын қоздырады. Бiрiнiң-бiрiне деген өшпендiлiгiн тудырады. Қалай дейсiз ғой? Былай. Мәселен, Қазақстанда 4 миллион орыс бар. Бұлар өзiнiң «орыс» деген атынан айырылып, «қазақстандық ұлт» болып кеткенiне, сөз жоқ, ең алдымен қазақты кiнәлайды. «Қандай қиын заманда да, нендей күрделi өткелектерде де «орыс» деген атымыздан айырылмап едiк. Ендi келiп... Осы бәленi ойлап тауып жүрген сендерсiңдер» дейдi. Ал қазақ та өзiнiң «қазақ» деген етене ат-есiмiнен айырылып, қайдағы бiр «қазақстандық ұлт» болып кеткенiне орысты кiнәлайды. «Осы бәле сендерден шықты...» дегендей. Мұның арты – өрт! Үлкен өрт! Үлкен өрттi өз қолымызбен тұтатпайық! Тоқтатайық! Ақылға келейiк! Өз басыма келсем, менiң ұлтымды өзгертуге ешкiмнiң құқысы жоқ. Республикалық референдумның да, тiптi әлемдiк референдумның да менiң ұлтымды өзгертуге ешқандай құқысы жоқ! Мен қазақ боп тудым, қазақ боп өлем. «Кеңес халқы» деген ұғымды енгiзгендерге (Ленинге, Сталинге) жұртшылық бүгiн қалай қарғыс айтса, «қазақстандық ұлт» дегендi енгiзушiлерге де ертең халық дәл солай қарғыс айтады...
Асылы Осман: – Өзге ұлттардың «қазақстандық ұлт» идеясына көзқарасы туралы айтсам деймiн. Бұл идея 1994 жылы көтерiлген тұста Қазақстан халық ассамблеясында үлкен жиын өттi. Сонда бiр немiс орнынан тұрып: «Менiң жанымды қазiр алсаңыздар да, мен төлқұжатыма «қазақстандық» деп жазғызбаймын. Мен «қазақстандық» емеспiн! Мен немiс болып тудым, немiс болып өлемiн!» дедi. Бұл ненi аңғартады? Бұл қазақтан өзге де ұлттардың «қазақстандық» болуға қарсы екенiн танытады. Әрқайсысы өз ұлтын сақтағысы келедi. Сондықтан «қазақстандық ұлт» идеясын референдумға салған жағдайда халықтың басым бөлiгi бұған қарсылық танытары сөзсiз. Әрине, егер дауысты әдiл санаса. Бұған қолдау бiлдiретiндер – тек қана орыстiлдi қазақтар. Қарап тұрсаңыз, бұл идеяны көтерiп жүргендер де – орыстiлдi қазақтар. Бұл идеяны қолдап, қол қойған бизнесмендердiң түгелге дерлiгi – орыстiлдi қазақтар. Оларды бiреу сырттан да демеп отырған сыңайлы. Сондықтан, Мұха, «қазақстандық ұлттың» референдумда халықтың қолдауына ие боларына менiң үлкен күмәнiм бар.
Рысбек Сәрсенбай: – Бұл жерде екi түрлi пiкiрдi байқап отырмыз. «Қазақстандық ұлт» идеясы сырттан келдi және өз iшiмiздегi шала қазақтардан туып отыр деген. Не десек те, сырттан келсе де, iштен пайда болса да, желеп-жебеушiлерi – орыстiлдi қазақтар екен. Осы идея орыстандыру саясатының жалғасы iспеттi болып көрiнедi маған. Мысал келтiрейiк. Кезiнде билiк «кеңес халқы» деген идеяны енгiзе бастап едi. «Кеңес халқының» тiлi – орыс тiлi, салты – орыстың салт-дәстүрi болды. Ол салт-дәстүрге орыстарша арақ iшу, орысша сөйлеу, орысша балағаттау, бәрi-бәрi кiрдi. Бұл Кеңес Одағында тұратын халықтардың барлығына ортақ үрдiс ретiнде таңыла бастады. «Қазақстандық ел» де соның жалғасы тәрiздi. Бiрақ, бiздiң елiмiзде тұрып жатқан халықты табыстыратын, бiрiктiретiн не болмақ? Қазақстан халқын қандай белгiлерi бойынша бiрiктiрiп «қазақстандық ел» етпек?
«Айналасындағылар адастырып жүр ме? Әлде...»
Шәмшидин Пәттеев: – «Қазақстан» деген – «қазақтың елi» деген сөз. «Қазақ» деңiз, «қазақстандық» деңiз, онда тұрған дәнеңе де жоқ. Қазақстанның Конституциясында да тайға таңба басылғандай етiп «ежелгi қазақтың жерiнде құрылған мемлекет – Қазақстан» деп көрсетiлген. Қазiр ұлт дегенiңiздiң өзi «мемлекет» ұғымымен тең дәрежеде қолданылады. Қазақ мемлекетiнде тұрғандардың барлығы да қазақ деп қабылданады. Сондықтан бұл – психологиялық мәселе. Тағы бiр айта кететiн жайт, қалай десек те, бiздiң барлығымыз да орыс мәдениетiнiң аясында тәрбиелендiк. Орысша оқыдық, орысша бiлiм алдық. Қазiр Қазақстанда екi мәдениет – қазақ және орыс мәдениеттерi қатар өмiр сүрiп келе жатыр. Бұдан бiз ешқайда қашып құтыла алмаймыз. Бiздiң сақтанатын тұсымыз – «қазақстандық ұлт» болып, оның мәдениетi орыс мәдениетiнiң негiзiнде болуы. Себебi, халықтың 99 пайызы орысша бiледi де, көпшiлiгi қазақ тiлiнде сөйлемейдi. Бұл – бiздiң жасаған қатемiз. Бiрiншiден, бiз отарсыздандыру саясатын жүргiзбедiк. Екiншiден, мемлекеттi құрған тұста басымдық қазақ мәдениетiне берiлетiнiн ашып айтпадық. Соған әу бастан ден қоюымыз керек едi. Ұлтқа, ұлысқа бөлiнудi қойып, қазақ мәдениетiне көшуiмiз керек едi. Құқықтардың барлығы елiмiздi мекендейтiн ұлттарға тең берiлуi керек едi де, бiрақ мемлекет қазақ мәдениетiнiң негiзiнде бой түзеуi, дамуы қажет болатын. Қазiр өзге ұлт өкiлдерi бiрден осыған бейiмделiп кетуге психологиялық тұрғыдан дайын емес. Ешқайсысы қазiр қазақ болып кеткiсi келмейдi. Қазақ мәдениетiнiң негiзiнде құрылған мемлекет дегенге ешқайсысы мойынсұнғысы келмейдi. Олардың «қазақстандық» болғысы келмейтiнi де сондықтан. Қазақстанда тұрған халықтар иесiз жатқан жердi өз отаны еткен жоқ. Қазақтың жерiнде, қазақтың мемлекетiнде өмiр сүрiп отыр. Осыны түсiнуi тиiс. Мейлi, ол қай ұлт болсын, бәрiбiр қазақ мәдениетiнiң аясында өмiр сүруге тиiс. Бұл аксиома болуы шарт. «Қазақстандық ұлт» идеясының көтерiлуiнiң өзiндiк себебi бар. Орыс ұлты бiзге «аға» болып әбден үйренiп алған, оларға бiрден «қазақ» бола қою қиын. Сондықтан олар «қазақстандық» дегенге қолдау бiлдiредi. Швейцария тәрiздi мемлекеттi бiзге ешуақытта үлгi етiп алуға болмайды. Швейцария – Италияның, Германияның және Францияның бөлiктерiнен бiрiгiп құрылған конфедерация. Ол елде үш тiлдiң қатар қолданылуы да сол себептен. Оны бiзге насихаттаудың да қажетi шамалы. Швейцариялықтардың барлығы да үш тiлде сайрап тұрған жоқ. Үш бөлiгi үш тiлде сөйлейдi. Ал бiзде бiр-ақ ұлт бар. Ол – қазақ ұлты. Қазақстан – қазақ мемлекетi. Әңгiме осымен тәмамдалуы тиiс. Президенттiң бiздi АҚШ-пен салыстыруы мүлде қате. Бiздi Америкамен салыстыруға болмайды. Қазақстанды Жапониямен, Франциямен салыстырайық. Олар ұлттық мемлекет құрып отыр. Франция француз мәдениетiнiң негiзiнде құрылды. Президенттерi Николя Саркозидiң ұлты – венгр. Бiрақ ол француз президентi болып саналады. Француз халқы үшiн еңбек етедi. Бiз де соған көшуiмiз керек. Ешбiр ұлтты кемсiтпеймiз, бiрақ барлық ұлттар қазақ мемлекетi үшiн қызмет етуi мiндет. Басшымызға соны жеткiзуiмiз керек.
Рысбек Сәрсенбай: – Шәмшидин, сiз бiрқатар басылымдардың бас редакторларымен бiрге президенттiң қабылдауында болдыңыз. Сол жерде неге президенттiң Қазақстанды Америкамен теңеуi дұрыс еместiгiн айтпадыңыздар?
Шәмшидин Пәттеев: – Ол жерде американдық ұлт туралы сөз қозғалған жоқ. Рысбек Сәрсенбай: – Дегенмен, сол мәселенi айтуға мүмкiндiгiңiз болды ғой. «Қазақстандық ұлт» туралы ойыңызды президентке жеткiзу керек едi ғой? Әлде сұрақ қоятын еркiндiгiңiз шектелдi ме?
Шәмшидин Пәттеев: – Сұрақтардың көпшiлiгi алдын ала дайындалған ғой...
Рысбек Сәрсенбай: – Мен Шәкеңе сын айтқалы қозғап отырғам жоқ бұл мәселенi. Бiрақ президенттiң бетiне айтылатын мәселенi зиялылар ол кiсiнiң көзiне тура қарап тұрып айтпағаннан кейiн елбасы да қателесiп жүрген шығар. Бәлкiм, әдеттегiдей төңiрегiндегi шала қазақтар президенттi адастырып жүр деймiз бе?
Шәмшидин Пәттеев: – Оны да жоққа шығаруға болмайды. Президенттiң айналасындағылар қателiк жiберiп жатқан тәрiздi. Менiң айтатыным, бiз ұлттық мемлекет болуды қолға алуымыз қажет. Көршi Ресейдi мысалға алайықшы. Ресей – федеративтi мемлекет. Бiрақ оның бiр ғана мемлекеттiк тiлi бар. Ал заң бойынша федеративтi мемлекеттiң бiрнеше мемлекеттiк тiлi болуы керек. Олар оған қарап отырған жоқ. Орыс тiлiн мемлекеттiк тiл жасап қойды. Бiзде олай емес. Тiптi Қазақстан халық ассамблеясының құрылуы да елiмiздiң тұтастығына үлкен қауiп тудыруы мүмкiн. Кеңес Одағы 15 ұлтқа бөлiндi. Бара-бара он бесi он бес жаққа тарап кеттi. Ассамблеядағы ұлттар да келешекте солай бөлiнуi мүмкiн. Бұл – өте қауiптi жағдай. Қазақстан – унитарлы мемлекет. Сондықтан бiзге де бөлiнуге болмайды. Бiртұтас ұлт болуымыз керек. Ассамблеяның жұмысы тоқтатылуы тиiс. Бұл бiздiң Конституциямызға қайшы жұмыс iстеп жатқан ұйым. Басшыларымыз «қазақ» деген атаудан қашуды қоюы керек.
Әмiрхан Меңдеке: – Осы бiз айтып жүрген мәселенiң бәрi де Түркияда баяғыда шешiлген. Шешiлiп қойған. Егер жаңылыспасам, Түркияда 76 ұлттың өкiлi өмiр сүредi. Осы ретте Мұртаза Бұлұтайды тыңдасақ қайтедi? Түркияның тәжiрибесi туралы не айтар екен? Сонымен бiрге, менiң Мұртаза Бұлұтайға қоятын сауалым да бар. Бiз бiрыңғай кеңiстiк, бiрыңғай мәдениет, бiрыңғай өркениет жасау үшiн бiрыңғай ұлт («қазақстандық ұлт») жасап жатырмыз-ақ делiк. Ал ендi неге дiнiмiз бөлек-бөлек? Бiз неге ұлтты бiреу етiп, ал дiндi 2000 етiп жатырмыз? Бұл қалай? Бiр ұлт жасау үшiн дiн де бiреу-ақ болуы керек емес пе? Осыған басым жетпей-ақ қойды. Дiнтанушы-ғалым ретiнде не айтасыз осыған?
«АҚШ бiзге үлгi емес»
Мұртаза Бұлұтай: – Көтерiлiп отырған «қазақстандық ұлт» мәселесi бүгiнгi күнi өте өзектi болып отыр. Шекспирше айтқанда, «Боламыз ба, жоқ әлде бордай тозамыз ба?» деген кезеңге қазақ ұлты да аяқ басқан сияқты. Қазақстан тәуелсiздiк алғанына 17 жыл болса да, әлi күнге дейiн өзiнiң мемлекеттiк пәлсапасын, доктринасын айқындай алмай келедi. Қазiр талқылап отырған мәселенiң түп-төркiнiне тоқталмасқа болмас. Әрбiр идеяның авторы болатыны ақиқат. «Қазақстандық ұлт» идеясын ұсынған адамдармен жүздесiп, олардың да пiкiрiн тыңдасақ орынды болар едi. «Қазақстандық ұлт» идеясын ұсыну арқылы олар қандай мақсатты көздедi? Қандай мәселенi шешкiсi келдi? Қандай негiздемелерi бар? Олар бiзге түсiндiрсiн. Бiз ол идеологтардың көзқарасын сараптап, өзiмiздiң ұстанымымызды жеткiзсек. Мiне, сонда нағыз демократиялық негiздегi сұхбат болар едi. Қазақстанның қазiргi проблемаларының төркiнi кеңестiк кезеңге барып тiреледi. Кеңес Одағы тұсында 4-5 рет конституция өзгерiптi. Сол конституциялардың барлығын да қарап шықтым. Сонда байқағаным – одақтас республикалардың бәрiнiң де өздерiнiң тiлдерi, астанасы болды. Мемлекеттiк атрибуттары сақталды. Бiрақ, барлығы да қағаз жүзiнде ғана. Қазақ тiлi де тек қана қағаз жүзiнде дамыды. Өйткенi, мемлекеттiк iс, жоғары дәрежедегi қарым-қатынас тек орыс тiлiнде жүргiзiлдi. Қазақ тiлi тұрмыстық деңгейден асқан жоқ. Қазақша тек дастарқан басына жиналғанда ғана сөйлестi. Дәреже-деңгейi одан асқан емес. Қазақ тiлiн қазақ халқына кеңес идеологтарының үгiт-насихаттарын жеткiзу үшiн ғана пайдаланды. Тiптi қазақ тiлiнде қалам тартатын ақын-жазушыларымыздың өздерi перзенттерiн орысша оқытып жатты. Қазақ халқының үлес салмағы өз елiнде 20-25 пайыз деңгейiне дейiн құлдырады. Соның нәтижесiнде қазақ тiлi тұрмыстық тiл деңгейiне түстi. 74 жылда қазақ тiлiнiң мәртебесi тым төмендеп кеттi. Өкiнiшке қарай, қазақ тiлiнiң мәртебесi егемендiкке қол жеткiзгеннен кейiн де айтарлықтай биiкке көтерiлмедi. Ештеңе де өзгермедi. Қазақстанға көшiп келгенiме 18 жылдың жүзi болды. Сол кезде қазақ тiлi реанимацияда жатқан науқастың күйiн кешсе, әлi күнге дейiн сол реанимациядан шықпаған сияқты. Не өлмейдi, не тiрiлмейдi. Бiр ғана жағдайды айтайын. Мен Түркияда тудым, Германияда бiлiм алдым. 90-жылдары бiржолата Қазақстанға көшiп келдiм. Қоныс аударардың алдында орыс тiлiн үйренбеймiн деген ұстанымда болдым. Қазақстанда қазақ тiлiн бiлсем болғаны, орыс тiлiнiң қажетi шамалы деген ойда жүрдiм. Келгеннен соң 7 жыл бойы орыс тiлiн үйренуден бас тарттым. Бiрақ, орыс тiлiн бiлмегендiктен ұзақ уақыт бойы жұмыссыз жүруiме тура келдi. Еш жерге жұмысқа қабылданбадым. Сол кезде ғана орыс тiлiн үйрену керектiгi миыма қонды. Орыс тiлiнiң қазақ елiнде құдiретi басым екенiн түсiндiм. Айталық, орыс тiлiнде және қазақ тiлiнде мақала жазыңыз. 1995 жылы «Горизонт» газетiнде менiң «Гете и Ислам» атты мақалам орыс тiлiнде жарық көрдi. Содан кейiн-ақ маған бiраз адамдар келiп, сол мақала төңiрегiнде өздерiнiң ой-пiкiрлерiн бiлдiрiп жатты. Бiр-екi жыл бұрын Кореядағы Исламның таралуы туралы мақала жазғанмын. Орыс тiлiнде. Сол мақаланы оқыған кәрiс ұлтының ғалымдары маған хабарласып, алғысын бiлдiрiп жатты. Ұлттық Ғылым Академиясында 3 сағат баяндама оқыдым. 50-ге тарта кәрiс ұлтынан шыққан ғалымдар қатысты. Ал қазақ тiлiнде қаншама мақалалар жазылып жатыр. Одан ешқандай нәтиже жоқ. Қоғамдық пiкiрге әсерi мейлiнше төмен. Мемлекеттiк тiлдiң халi осындай дәрежеде. Тәуелсiздiк алған тұста қазақтардың Республикадағы үлес салмағы небәрi 42 пайыз едi. Қазiр 60 пайызға жетiп жығылды. Бiрақ жағдай өзгерер емес. Неге? Себебi, мемлекеттегi ұлт саясатын жүргiзiп отырғандардың санасын құлдық психология әбден дендеген. Олардың өздерi орысша тәрбие көргендер. Содан ұлт мүддесi алға жылжымай қалды. Әйтпесе қазақ ұлтының мәселесi шешiлетiн уақыт болды емес пе? Бiз тiл үйренуге қарсы емеспiз. Мен өзiм бiрнеше тiлде сөйлейтiн адаммын. Бiрақ, қазақ елiнде орыс тiлiнiң кең қанат жаюына түбегейлi қарсымын. «Қазақстан» – қазақтың мекенi деген сөз. Қазақтың отаны, туған жерi. Қазақстан – ұлттық мемлекет. Ұлттық мәдениет, ұлттық құндылықтар жоғары қойылуы тиiс. Жаңа Шәмшидин дұрыс айтты, Қазақстанда екi түрлi мәдениет тiршiлiк етiп жатыр. Бiрi – орыстiлдi орта, екiншiсi – қазақтiлдi қоғам. Екеуi екi бөлек өмiр сүруде. Орыстiлдi орта қазақтiлдi қоғамда болып жатқан жаңалықтардан бейхабар. Бұл қоғамның екi бөлiнгендiгiнен көрiнiс бередi. Сонымен бiрге, қазақ елiне мұхиттың арғы жағындағы АҚШ-тың үлгi етiп алынуы дұрыс емес. Ешбiр ғылыми негiзi жоқ. Американың мемлекет болып қалыптасуы мен Қазақстанның даму тарихы мүлде өзгеше. Америка – Еуропадан қоныс аударған еврейлер мен протестанттардың құрған мемлекетi. Пуритандық негiзде құрылған мемлекет. Дiни сипатта пайда болған ел. Ол елде еврейлер мен ақ нәсiлдi англо-саксон протестанттарының ықпалы күштi. Йерусалим - олар үшiн қасиеттi мекен. Америка тарихында 43 президент болды. Соның iшiнде 42-сi протестант болды да, тек Кеннеди ғана католик дiнiнде болды. Оның өзiн бiр жылдың iшiнде атып өлтiрдi. Бұдан байқайтынымыз, Американың өзi демократиялық ел емес. Ол мемлекеттiң өзi англо-саксон және еврей мәдениетiнiң негiзiнде құрылған. Осы екi мәдениеттiң өзара келiсiмi негiзiнде құрылған. Сондықтан олардың өзiн көп дiндi, көп ұлтты мемлекет деп атау дұрыс емес. Оларда ұлт деген ұғым жоқ. Американдықтардың тiлiнде «nation» деген ұғым бар. «Nation» «ұлт» деген ұғымды емес, «мемлекет» деген ұғымды бiлдiредi. Протестанттық мемлекет. Бiздiң билiктiң «қазақстандық ел» дегенiне не жорық? «Қазақстандық ел» деген ешқандай саяси, ғылыми, философиялық, социологиялық негiздерге сәйкес келмейдi. Түркияның тәжiрибесiн қарастырайық. Қазiргi Түркияның негiзiн қалаған адам – Ататүрiк. Осман патшалығы тұсында Түркияның жерiнде ұлттық мемлекет болған жоқ. Гректер бiр бөлек, сербтер бiр бөлек тiршiлiк етiп, кейiннен барлығы ыдырап кеттi. Түркияның 1982 жылы қабылданған Конституциясында да, ең алғаш қабылданған Ата заңында да өзгермейтiн бiр бап бар. Ол бапта: «Түркия Республикасының әрбiр азаматы түрiк болып табылады» делiнген. Бұны Ататүрiк енгiздi. Бәрi де түрiк азаматтары. Армян болса да, грек болса да, күрд болса да, албан болса да. Онымен қоса, Ататүрiк «Түрiк тарихы» және «Түрiк тiлi» деп аталатын мемлекеттiк мекемелер ашты. Тiл мен тарихты дамытуды, зерттеудi мемлекеттiк деңгейде қолға алды. Өзiнiң жинаған бүкiл қаржысын мұра етiп осы екi мекемеге қалдырып кеттi. Осындай көреген саясаттың арқасында ғана Түркияны бөлшектеуге тырысқандардың жолы болған жоқ. Бiз сондай саясатты неге жүргiзбеймiз? Қазiр ұлттың тағдыры қыл үстiнде тұр. Мен шетелде жүрген кезiмде ұлт келешегiне дәл қазiргiдей алаңдамаған едiм. Ол кезде бәрi оңалып кететiн тәрiздi болатын. Қазiр ол ойым өзгердi. Ендi 50 жылдан кейiн бiз ұлт ретiнде сақталамыз ба, жоқ па? Көкейде осындай сауал сайрап тұратын болды. «Ұлтсыздану» үдерiсi тым қарқынды жүрiп жатыр. Қазақстанда мәдениеттер шайқасы да жүрiп жатқаны айқын. Бiрақ бұл сайыста да қазақ мәдениетi оңбай жеңiлiп жатыр.
«Қазақтың арманы – ұлттық мемлекет құру»
Мәмбет Қойгелдi: – Бiз тұрып жатқан ел – Қазақстан Республикасы. Бұл – қазақ мемлекетi. Қазақтың жерi, қазақтың елi. Бұны президенттiң өзi де мойындап отыр. «Американдық ұлт» деген бiздiң елiмiзге мүлде жарамайды. Американың жолымен бiз жүре алмаймыз Америка мен Қазақстанды салыстыруға болмайды. Мұхаң дұрыс айтады, Америка – жергiлiктi халықты қанға бөктiрген басқыншылардың құрған мемлекетi. Қазақ мемлекетi олай құрылған жоқ. Бiз өзiмiздiң тарихи отанымызда отырмыз. Тарихшы ретiнде айтсам, «қазақстандық ұлттың» ешбiр тарихи негiзi жоқ. Қазақстандағы этникалық топтардың ең iрiсi – орыс ұлты. Олар бiздiң елге қашан келдi? Орыстардың үлкен легi ХХ ғасырдың басы мен соңғы ширегiнiң аралығында қоныс аударды. Қазақ жерiн отарлау үшiн келдi. Ресей – қазақ елiмен шекаралас мемлекет. Орыс үкiметiне жағрафиялық тұрғыдан қазақ жерiн отарлау оңайға соқты. «Переселен» саясаты жүзеге асты. Демографиялық тұрғыдан қысым жасау арқылы орыстар қазақ жерiн толығымен отарлауға көштi. Орыстардың Қазақстандағы санын арттыруға кiрiстi. Зорлық-зомбылықпен қазақ жерiн тартып алған орыс халқын бiз мемлекетқұрушы ұлт деп айта алмаймыз. Олар қазақ жерiн әлi күнге дейiн мекендейдi, бiрақ мемлекетқұрушы ұлт емес. Мемлекетқұрушы ұлт бiреу, ол – қазақ халқы. Ұлан-байтақ даланы уысында сақтау үшiн бабаларымыз қанын төктi, елдi, жердi қорғады. Сондықтан жер – бiздiкi. Бiз – бұл мемлекеттiң тарихи иесiмiз. Қалғандары – қонақтар. Тарихты бағдарлап қарасаңыз, қазақтың зиялы тобы екi рет ұлттық мемлекет құруға әрекеттендi. Бiрiншi рет «Алаш» қозғалысы ұлттық саясатты оңтайлы жүргiзуге талпынды. Қазақ халқын бiрден-бiр мемлекетқұрушы ұлт ретiнде қалыптастыру жолында еңбек еттi. Франция, Германия, Ұлыбритания тәрiздi ұлттық мемлекет құрғысы келдi. Бiрақ бұған кеңестiк жүйе жол берген жоқ. Ұлт үшiн күрескен «Алаш» зиялыларын қынадай қырды. Нығмет Нұрмақов, Смағұл Сәдуақасов, Тұрар Рысқұлов бастаған екiншi буын да ұлттық саясатты қолға алуға ниеттендi. Кеңес үкiметiнiң құрамындағы ұлттық сипаттағы мемлекет құруды жөн көрдi. Алайда олардың мақсаты да орындалмады. Ұлтқа жаны ашығаны үшiн олардың бастары да домалады. Бiз олардың арманын жүзеге асыруымыз керек. Қазақтың арманын орындауымыз қажет. Американың өзiнiң арманы бар («American dream»), олай болса, бiздiң де өз арманымыз бар емес пе? Ұлттық арманымыз бар. Қазақтың арманы – ұлттық мемлекет құру. «Алаш» зиялыларының өсиетiн орындау. Елiмiзде тұрып жатқан өзге ұлттарды ығыстыруға болмайды, бiрақ қазақтың мүддесi бәрiнен жоғары тұруы тиiс. Бiрақ бұл арманды орындауға бiреулер мүдделi емес көрiнедi. Бiреулер қарсы сияқты. Кiм? Осыған жауап табуымыз керек. Бiр анығы, қазақ жерiндегi байлыққа таласқан топтар қазақтың арманын орындауға ешуақытта мүмкiндiк бермейдi. Қазақтың байлығына кенелiп отырғандар бұған мүдделi емес. Аяқтан тартып отыратын солар. Қорыта айтсам, қазiр қазаққа екi нәрсе қажет. Бiрi – ұлттық кадрлар, екiншiсi – ұлттық сана, отансүйгiштiк. Екi мәселенiң басын бiр арнаға тоғыстыруымыз қажет. Мемлекет осы нәрселердi қолға алуы тиiс.
«Билiк қазақ ұлтын сатып кеттi!»
Дос Көшiм: – Бiз «Қазақ Республикасы», «Қазақ елi» деген атаулардан қашпауымыз керек. Нелiктен бiздiң мемлекет «Қазақстан Республикасы» деп аталуы тиiс? «Қазақ Республикасы» деп аталсын! Бiрақ ондайға елде жүргiзiлiп отырған сұрқия саясат жiбермейдi. Кеңес Одағының тұсында бiздiң ел «Қазақ КСР» деп аталды емес пе? 1991 жылы бiз соны «Қазақстан» деп өзгерттiк. Бұдан түсiнетiнiмiз, елiмiзде «қазақ» деген ұлтты жоюға күш салып жүрген топтар бар. Бұны ашық айтатын кез келдi. Халыққа «қазақстандық ұлттың», «қазақстандық елдiң» қазақ ұлтын жоюға негiзделген идея екенiн жеткiзуiмiз керек. Манадан берi Америка туралы айтып отырсыздар. Сол американдықтар, үндiстердi қалай қырса, бiздi де тура солай көзiмiздi жоюға тырысып отырғандар бар. Үндiстердi қырып тынса, бiздi психологиялық тұрғыдан тұқыртып тастады. Қазақты жүнжiтiп, бейшара күйге түсiрiп жатыр. «Қазақстандық ел» – соның бiр көрiнiсi. Бажайлап қарасақ, «қазақстандық ұлт» болуға өзге ұлттар да қарсы екен. Асылы Осман өте дұрыс айтты. Былтыр бiз 5 облыс бойынша 4 ай бойы зерттеу жұмысын жүргiздiк. Қазақ елiн мекендейтiн 7 диаспораның өкiлдерiнен сауалнама жүргiзгенiмiзде олардың 70 пайызы «қазақстандық ұлтқа» қарсы екендiктерiн көрдiк. Сауалнаманың қорытындысы осыны байқатты. Ұйғырлар – ұйғыр, орыстар – орыс, татарлар – татар болғысы келедi. Ешқайсысы «қазақстандық» болғысы келмейдi. Бұндай нәтиженi бiз өзiмiз де күтпеп едiк. Ендi ассамблея мәселесiне келейiк. Былтыр бұл ұйымнан парламентке 9 депутатты сайлау туралы конституцияға өзгерiстер енгiздiк. Бұл арқылы бiз өз сөзiмiзге өзiмiз қарсы шыққандай болдық. Қазақтар өзге ұлттарды кемсiтiп жатқандықтан, диаспора өкiлдерiне парламентте орынды жеңiлдiкпен бередi деген сыңай байқаттық. Шын мәнiнде олай емес қой! Ешкiмдi де кемсiтiп жатқанымыз жоқ. Мысалы, Севрюкова Шымкентте қазақтардың ортасынан сайлауда жеңiп шықты. Өйткенi, қазақтар оған сендi. Ондай болса, неге бiз диаспора өкiлдерiне жеңiлдiк беруiмiз тиiс? Кәсiби бiлiктiлiгiмен жеңiп шықсын. Бiрде Солтүстiк Қазақстан облысына жолым түстi. Жолда келе жатып көзiме билборд тақтасы түсе қалмасы бар ма? Әлгiде: «Бiздер ата-бабамыз аңсаған Қазақстан мемлекетiн құрдық» деген жазу бар екен. Соған қарап таңғалдым. Бiздiң бабаларымыз «Қазақстан мемлекетiн» емес, «Қазақ мемлекетiн» құруды аңсаған жоқ па? Бiз бұны ашық айтудан тайсалмауымыз керек. Менiң тағы бiр қорқынышым бар. Конституциядағы бiздiң «унитарлы мемлекет» екенiмiздi айғақтайтын бабын алып тастай ма деген уайымым бар. Оның орнына «уникальный» демесе болғаны. Өйткенi, бiз Жапония, Франция сияқты унитарлы ұлттық мемлекет болсақ та, соны айтуға батылымыз бармайды. Билiктiң айтуынша, бiз «ерекше мемлекет» екенбiз. Бұл – өте орашолақ пiкiр. Сауатсыздық. Бiлместiк. Бұны президентке жеткiзуiмiз керек.
Мұхтар Шаханов: – Мен тағы бiр ойымды айтсам. Орыстандыру саясаты Сталиннен бастау алады. Хрущев те, Брежнев те осы саясатты жалғастырды. Оларға қарағанда ұлт мәселесiне келгенде Горбачев белгiлi дәрежеде гуманистiк бағыт ұстанды. Бұл жайында кезiнде Горбачев екеуiмiздiң арамызда бiраз әңгiме болды. Кеңес Одағы құрдымға кеттi. Ұлтсыздандыру, орыстандыру саясатын жүзеге асырмақшы болған басшылардың арманы жүзеге аспады. Бiрақ солардың бастамасын қазiр Қазақстанның билiгi қолға алып, iске асыруға қатты тыраштанып жатыр. Қазақ өз ұлтын жоюға барын салып жатыр. Оған Америка да, Ресей де қолдауын аямай отыр. Естерiңiзде болса, мен егеуқұйрықтарды егеуқұйрықтар арқылы жою жайында бiр мысал жазғанмын. Сол сияқты қазақ ұлтының түбiне жететiндер де – өзiмiздiң «космополит» қазақтар. Өз қолымызбен өзiмiз ұлтты жоюға бекiнiп отырмыз. Мен қазақтарды төрт топқа бөлдiм. Соның төртiншi тобындағылар – қазақша да, орысша да сайрап тұрғандар. Бiрақ, өз ұлтын жою арқылы абырой-бедел жинаймын деп тыраштанатындар да осылар. Билiк ендi барын салып, космополиттердiң мүддесiн қорғап, ұлтты соларға жығып бермек. Мұның барлығы да келiсiлiп-пiшiлген, жоспарланған. Сөздiң анығы – билiк қазақ ұлтын сатып кеттi! Ендi ойланбасақ болмайды...
Рысбек Сәрсенбай: – Бүгiнгi дөңгелек үстелге жиналғандарға алғысымды бiлдiремiн. Мәселенi талқыладық. Пiкiрiмiздi ашық ортаға салдық. Болашақта тағы бiр басымызды қосуымыз керек сияқты. «Стан» дейтiн жұрнақтан арылуға тиiспiз. «Қазақ елi» деген атауға көшуiмiз керек. Бiздiң ата-бабамыз елдi, жердi «Қазақстан мемлекетiн» құру үшiн емес, «Қазақ мемлекетiн» құру үшiн қорғады. «Қазақ елi» деген атауды бiз неге қомсынуымыз керек? Бұдан қашпауымыз тиiс. Бiз қазақ елiнде тұрамыз. Жердiң, елдiң иесi – қазақ. Соны ұрпақтың санасына сiңiруiмiз керек. Сонда ғана ұлттың бойында патриоттық сезiм пайда болады. Қазақ елiнiң азаматы болу Қазақстанда тұратын кез келген ұлттың өкiлiне мақтаныш сезiмiн ұялатуы тиiс. «Қазақстандық ел» дегенiмiз – мемлекеттiң келешегiне үлкен қауiп төндiретiн бастама. Президент – бұл идеяның қолдаушысы ғана емес, iске асыруға ұмтылушысы да. Сондықтан мемлекет басшысының құлағына бiздiң бүгiнгi жиында айтылған сөздерiмiз жетуi керек. «Қазақстандық ел» – билiктi ұзағырақ ұстап тұру үшiн өзге ұлыстарды алдарқатып, өз жағына пайдалану үшiн таптырмас қитұрқы саяси тәсiл шығар. Бiрақ оның жарылмай қоймайтын қолдан жасалған қопарғыш боларын ұмытпаған жөн. «Американдық патриоттарға жетейiк!» деп армандау терiс те болмас. Ал жемқорлық желкесiн басып, аяғын тұсаған, парақорлық Ақордадан ауылға дейiн жайлаған елде, басшысының өзi екi сөйлейтiн, шенеунiктерi сатылғыш мемлекетте, жерiнiң бәрi алпауыттарға бөлiнiп берiлiп, кедей шаруаның егiн саларлық жерi жоқ, iшерге ас таппай қалған жұртта қандай патриоттық болмақ? Қазба байлығының бәрiн келiмсек пысықайларға ұстатып, солардың тастаған қайыр-садақасына халықты тәуелдi етiп қойған «станда» патриоттық сезiмдi тәумендiлiктiң, намыссыздықтың, қорлауға көнгiштiктiң жаншып тастағанын қайда қоямыз. Алаш, Желтоқсан рухын жойып, оны қасақана шеттеткен билiк үшiн қандай отаншылдық керек?! Бiз бұл сұрақтардың жауабын келесi жолы iздесейiк. Бүгiнгi сөздiң түйiнi – «қазақстандық ұлтқа да, қазақстандық елге» де – бiз қарсымыз!

Дөңгелек үстелдiң әңгiмесiн қағазға түсiрген
Азамат Байұзақұлы
[1] «Қазақстандық ұлт» бұл не? Бұл – құбыжық эксперимент! «Жас Алаш» газеті, №50(15300), 24.06.2008 ж., 4-5 беттерІЗГІЛІКhttp://www.blogger.com/profile/18135807716445827167noreply@blogger.comtag:blogger.com,1999:blog-6544682291623700442.post-29668874899169634882008-06-20T12:33:00.000+06:002008-06-20T12:34:57.666+06:00БОСТАНДЫҚ ПЕН БЕТПАҚТЫҚБОСТАНДЫҚ ПЕН БЕТПАҚТЫҚ[1]
Бұл екеуінің аражігін айыратын мәдениет жетпей жатыр бізде

«Жас Қазақтың» бүгінгі конференциясы қазақ баспасөзіне арналды. Біздің конференцияға «Дала мен Қала» газетінің бас редакторы Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ, «Түркістан» апталығының бас редакторы Шәмшидин ПАТТЕЕВ, дінтанушы ғалым Мұртаза БҰЛҰТАЙ, Гумилев атындағы ЕҰУ журналистика кафедрасының доценті Қуандық ШАМАҚАЙҰЛЫ және «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы «Көкпар» телебағдарламасының жүргізушісі Серік ЖАНБОЛАТ қатысып отыр.

«Жас Қазақ»: Еліміздегі ақпарат кеңістігінде қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарын қоғамдық пікірге ықпалсыз етіп ұстаудың механизмі жасалып қойған сияқты. Неге десеңіз, мемлекеттік тілде жарық көретін басылымдарда бүгінгі күннің ең күрделі тақырыптары талқыланып һәм жазылып жатады. Бірақ соған билік те, билік былай тұрсын, бұқара да елең етпейтін болып барады. Ал орыс тілді әріптестеріміз «мысық тышқан жепті» деген мәселе көтерсе, ақ жағалы ұлықтарымыздан бастап бәріміз қырылып қала жаздаймыз. Мұның себебін қалай түсіндіресіз? Бәлкім біз, қазақ тілді журналистер, бірлігіміз кем, берекеміз аз болғандықтан қоғамға үнімізді естірте алмай келеміз бе?

Мұртаза БҰЛҰТАЙ: Бүгінгі Қазақстан қоғамында өмірдің түрлі салаларында орын алып жатқан проблемалар мен кемшіліктердің негізін бұрынғы Кеңес дәуірінен іздеген жөн. Кеңес Одағы құрдымға кеткенімен, оның өктем билігі тұсында дүниеге келтірілген саясаттар мен олардың шірік жемістері тәуелсіз Қазақстанға мұра болып қалды. Кеңес империясының тілі орысша болды. Мемлекет билігі осы тілде және осы тілді жетік меңгерген кадрлардың қолымен жүргізілді. Кеңес империясының әралуан жылдары қабылданған конституцияларында «одақтас» республикалардың өзіндік конституциялары, ресми тілі, астанасы т.б. болуына символды түрде рұқсат етілген болатын. Бұл бір жағынан Кеңес идеологтарының сыртқы әлемге жасаған көзбояушылық қулығы болғаныменен, енді бір жағынан Кеңес халқының тең жартысын құрайтын орыс еместерді алдап, жұбатудың амалы еді. Дегенмен одақтас республикалардың, оның ішінде біздің Қазақстан сияқты мұсылман-түркі республикаларының тілдеріне жете көңіл бөлінген жоқ, формалды шарт-жағдайдан басқа шынайы қамқорлық жасалған жоқ. Жергілікті тілдер әшекей сияқты көзге көрініп қана тұрды. Біртұтас империяның барлық өмірі мен өлімі орысша жүргізілгендіткен жергілікті тілдер мешеу халде қала берді. Әсіресе, өзіміздің қазақ тілінің тағдыры белгілі. Кеңес дәуірінде реанимацияға жатқызылған қазақ тілі әлі тіріле алмай келеді. Қазақстан сол Кеңестің шаңырағынан бөлініп шыққан ел ғой. Қазірдің өзінде қазақша басылымдардың ықпалы мен атқаратын рөлі, олардың тиражы мен санының орысша басылымдардан әлдеқайда көп болғанына қарамастан, орысша басылымдардан көш артта десек қателеспейміз. Басқаны айтпаған күннің өзінде, Алматы мен Астананың әуежайларынан қазақша газет таппай, әлек боласың. Орысша жазған дүниелеріңнің күші қазақша жазғандарыңнан нар түйенің күшіндей артық. Себебі, біздің қазіргі қоғамымызда қазақ тілінің алар орны мен күші, жоғарыда айтқанымыздай, шалажансар аянышты халде. Еліміз тәуелсіздік алғалы өткен 17 жылда қазақ тілі үшін жасалған іс-шаралардың бәрі, жоғарыда айтқанымыздай, Кеңес билігі тұсындағы саясатқа ұқсас тілді не өлтірмейтін не тірілтпейтін сылап-сыйпаудан аса алмады. Бұған қоса, сұрақта айтылғанындай, қазақ тілді баспасөздің, жалпы қазақ тілді жұртшылықтың ұйымшылдығы мен осы ұлттық намысқа біздей бататын көкейкесті мәселені өткір қоя алмауының да ұпайы бар деп ойлаймын. Саяси биліктің Кеңестік саясаттан бас тарта алмауы, әрине, айтпаса да белгілі. Осы ұстанымдар қазақ тілінің мүддесіне қарай өзгермейінше нәтиже болады дегенге сену қиын.

«Жас Қазақ»: Ілгеріде қазақ баспасөзінде (телеарнасында, радио торабында) жарық көрген материалдарды орыс тілінде кекеп-мұқаудың бір «әдемі дәстүрі» қалыптасып қалып еді. Сол «дәстүр» аты-жөнінен басқасы ұлттық болмыстан жұрдай шенеуніктер мен кәсіпкерлердің санасына сіңіп үлгерген сияқты. Бұндай стеротипті бұзып-жару мүмкін бе? Жалпы, қазақ баспасөзінің кәсіби тұрғыдан дамып, өркендеуіне кедергі жасап тұрған жайт қазіргі қолданыстағы БАҚ туралы заңнан бұрын, билік пен бизнес элитаның салқын қабағы десек келісесіз бе?

Мұртаза БҰЛҰТАЙ: Негізінен бірінші сұраққа берген жауабымда осы сұраққа қатысты жайттар да айтылған сияқты. Шын мәнінде бұл траги-комедиялық мәселе. Біріккен Патшалық (Британия) заңдарында да Шотландия, Ирландия сияқты өлкелердің тілдерін сақтауға және дамытуға қатысты үкімдер бар. Олардың саясаткерлерін тыңдасаң, тілі салақтап, аталмыш халықтардың құруға таяған және күнделікті қолданыстан біржолата ғайып болған тілдерін насихаттау үшін қаншама қаржы жұмсалатынын, қаншама мекеменің осы жұмыстармен шұғылданатынын айтып басыңды қатырады. Ал, нақты өмірде Ирландия және Шотландия халықтарының тілдері неліктен орын таппайды деген қисынды да қарапайым сұраққа олар жауап бере алмайды. Біздегі ахуал да осыған ұқсас емес пе? Мемлекеттегі билік аппараты мен іс жүргізу әлемі түгелдей дерлік орысшамен күнелтеді. Жалпы унитарлық тәуелсіз ел болғандығымыз осы билер мен бектердің санасына әлі сіңген жоқ па деп қаламын. Конституциядағы мемлекет тілінің төменгі орынға, ал ұлтаралық қатынастың ресми тілінің жоғары орынға шығуын қандай қисынмен түсіндіресіз? Бұл еліміз аумағындағы ең биік заңның үкімінің жүзеге аспағандығын көрсетпей ме? Ал Конституцияның орындалмайтын үкімі болуы мүмкін емес. Менің ойымша, Ата заңымызда қазақ және орыс тілдеріне берілген мәртебе нақтыланбаған һәм өмірдегі шындыққа сәйкес емес. Қазақ тілі этнос тілі деңгейінен ұлтаралық қатынас және шынайы мемлекет тілі деңгейіне жетуі шарт. Бұл болмаса – Конституциядағы бір маңызды үкімнің орындалмағаны. Онда не Конституцияға өзгеріс енгізуге немесе мемлекеттің негізгі философиясы мен доктринасын қайтадан қарауға тура келеді.

«Жас Қазақ»: Қазақ баспасөзін тұрақты сынап жүретін жазушы Дулат Исабеков «қаракөз» газет-журналдардың таралымының азайып кетуін журналистердің, редакция жетекшілерінің қабілетсіздігінен көреді. Осы дұрыс па? Дұрыс дейін десең «саржағал» басылымдардың, әртістердің әншейінгі әңгімесін жұртқа әспеттеп жеткізетін журналдардың оқырманы жылдан-жылға көбейіп, өсе түсуде. Есесіне қаламгер Дулат Исабековтың кітаптары бұрынғыдай ел ішінде пәленбай мың тиражбен тарамайтын болды. Қалай ойлайсыздар, жұртымыздың парасаты парықсызданып, рухани сұранысы жұтап бара жатқан жоқ па?

Мұртаза БҰЛҰТАЙ: Бұл айтылған әңгімелердің барлығында да белгілі мөлшерде шындық бар. Елімізде білім берудің жалпы сапасының төмендегені еш күмән туғызбайды. Қай саланы алып қарасаңыз да, қазіргі заманның талабына сай даярланған, жан-жақты біліммен жабдықталған мамандар жетіспейді. Осы жақында ғана Қазақстанның 65 миллион долларға Ресейден сатып алған аспансерігі ғарышта қаңылтырға айналып, жұмысқа жарамсыз болып қалды. Енді мұндай жағдайда кінәліні еш таппайсың. Қаншама шығындалып жасалған жобалар сапалы да білікті мамандардың жоқтығынан және көпшілікке белігілі басқа да себептер салдарынан не сәтсіздікке ұшырауда, не орта жолда қаңтарылып қалуда. Мәселенің мән-жайын жілікше шағып, анық-қанығын түсіндіріп беретін не маман, не жауапты адам таппайтының тағы бар. Әзірінше, қолда бардың қызығын көріп, мадаққа малданып келе жатқан сияқтымыз. Құқықтың үстемдігі, заң алдындағы теңдік және азаматтарға мұрсат теңдігінің толықтай берілуі қағидалары қағаз бетінен шығып, іс жүзіне аспайынша, өмірде әділетті бағалаушылық ел бойынша үстемдік етпейінше, осы түрімізбен қала беретініміз шындық. Жемқорлық, парақорлық және сыбайластық сияқты сұмдықтардың бағы тайып, адам мен оның еңбегінің және білімінің бағалануы шынайы принциптер мен өлшемдер бойынша болмайынша, әлемдегі ұлттар арасындағы бәсекелестікте артта қаларымыз рас. Ұлтымыздың, мемлекетіміздің жарқын болашағын ойлайтынымыз анық болса, өз-өзімізді алдауды доғарып, барымыздың қадірін біліп, ертеңгі ұрпақтарымызға тәуелсіздігі бекіген, кереметтей білімді де еңбекқор азаматтардан құралған, құқығы мығым, еңсесі биік мемлекет орнатуымыз керек.

«Жас Қазақ»: Қазақстан мен Ресей «мәңгілік достық» декларациясына қол қойып жатқан кез есіңізде ме. Сол қым-қиғаш қарым-қатынастың ыстық құшағында «достастыққа қарай қарапайым он қадам» деген төте жол болды. Әлгі төте жол бізге Ресей баспасөзінің, телебағдарламалары мен радио хабарларының емін-еркін таралуына шексіз мүмкіндік туғызды. Дуалы ауыздар сонда, «орыс баспасөзінен үйрену керек» десіп сарнады. Қазір Ресей баспасөзінен үйренетін ештеңе қалмады. Өйткені Ресей баспасөзі қазақ билігіне араласып, қазақ ақпарат кеңістігін түгелге жуық жаулап алды. Турасына көшсек, Ресей БАҚ-ы біздегі ақпарат нарығының қожайыны. Ал қожайын қарауындағы мұңлыққа ештеңе үйретпейді. Керісінше бұйырады, жұмсайды, қорлайды, нәпақасын тартып жейді. Дегендей-ақ міне, Ресей БАҚ-ына қазір біздің шенді-шекпенділерге дейін бағынышты болып қалды. Осының ақыры мемлекетіміздің іргесін шайқап жібермес пе екен, қалай ойлайсыздар?

Мұртаза БҰЛҰТАЙ: Өмірде вакуум деген болмайды, иен нәрсе жатпайды. Біреу иелік етпесе, оған иелік еткісі келетіндер әлбетте табылады. БАҚ саласындағы алауыздық елдегі саяси-экономикалық, мәдени һәм рухани алауыздықтың көрінісі, өйткені, БАҚ солардың айнасы ғой. Жалпы қандай саяси-экономикалық топтың нөкері болсын, барлығының теке-тіресі мен таласы «Отан», «Ел-жұрт», «Дін мен тіл» сияқты тақырыптарға келгенде жойылуы керек. Қазақ халқы – 300 жылға жуық уақыт өз тізгіні өзінде дербес ел болуды армандаған, азаттық жолында жер бетінен жойылып қала жаздаған халық. Біздің саясаткерлер мен дөкейлеріміз осы шындықты бір мезет те естерінен шығармағаны жөн. Әрқашанда өткен тарих алдындағы, еш жазықсыз жер жастанған миллиондаған аруақтарымыздың, болашақ ұрпақтарымыздың алдындағы жауапкершілік сезімі бір сәт те маза бермеуі керек. Бұдан басқаның бәрі де ұсақ-түйек мәселелер дер едім. Мықты мемлекеттерді азаттықтың қадірін жете бағалай білетін, ел мүддесін өз мүддесінен жоғары қоятын, принципшіл, иманды һәм отаншыл қайраткерлер көркейтетінін әлем тарихы дәлелдеп отыр. Тәуелсіздікті сақтаудың маңызды майданының бірі – БАҚ әлемі. Оны қолдан шығарып алмайық, ағайын.

«Жас Қазақ»: Қай қашанда орыс тілді әріптестеріміздің, тіпті оқырмандарының тарапынан белсенділік көруге болады. Олар (бәрі емес, әрине) БАҚ туралы заңның жобасын жасауға қатысады, олар Еуразия медиафорумдарында сөз сөйлейді. Лауазым иелерімен соттасып, дауласып жататын да солар. Жасырмай-ақ қоялық, осындай аласапыран уақытта біздің бар-жоғымыз белгісіз болып барады. Осылай жүре береміз бе, әлде, бізде қимыл-әрекетке көшеміз бе? Істі неден бастау керек деп ойлайсыз?

Мұртаза БҰЛҰТАЙ: Біз Кеңес дәуірінде ұлттық рухы әбден жаншылған, көп қорлық көрген, тепкіге жығылған халықпыз. Басқаны былай қойғанда, бір Желтоқсанның өзінде құқығынан айырылған, артынша қудаланған бейкүнә азаматтарымызды айтсаңызшы. Сондай қудалаушылықтар мен қысымдар салдарынан қазақтар өз жерінде, өз елінде жүріп, өз құқығын қорғаудан қорқатын халге жеткізілген. Бір жасықтық, бір самарқаулық ызғары байқалады. Бұл мәселені терең талдауымыз керек. Бұған қоса сонау Ибраһим (Абай) Құнанбайұлының еңбектерінде шенелген кері мінездеріміз де бар жалғасып келе жатқан. Еріншектік, бейғамдық, немқұрайдылық, жалқаулық, т.б. қатарлы өзгеден емес, өзімізден туындап жатқан кедергілеріміз тағы бар. Осының бәрінен құтылу үшін жалпы ұлттық сілкініс, бүкіл қоғамды ұйыстыратын күшті шаралар жүзеге асырылуы керек. Әлем сахнасында бой көтерген Қазақстан деген мықты мемлекеттің, қазақ деген мықты халықтың бар екенін дәлелдеуіміз керек. Шын іспен, шын тірлікпен, уақытша науқанмен емес, мәңгі еңбекпен ауызбіршілікте, жұмыла талпынуымыз керек. Ол үшін керемет күшті саяси қалау, ұлттық ұйғарым, іждиһаттылық пен жігерлілік болмағы керек.
[1] Бостандық пен бетпақтық, «Жас Қазақ» газеті, №24(180), 20.06.2008 ж., 3-4 беттер.ІЗГІЛІКhttp://www.blogger.com/profile/18135807716445827167noreply@blogger.comtag:blogger.com,1999:blog-6544682291623700442.post-26755940766853184842008-06-18T14:46:00.000+06:002008-06-18T14:48:50.307+06:00Вопрос дня
Программа «Культурное наследие»: миф или реальность?

Муртаза Булутай, религиовед, культуролог:[1]– За пять лет действия программы сделано очень много. Изданы и переизданы труды многих известных казахских и зарубежных авторов, которые писали о Казахстане. Были реконструированы многие культурные сооружения, исторические памятники. Всю эту работу я бы оценил положительно и с признанием. Однако я думаю, что объем не проделанной работы гораздо больше. Уровень знания культуры казахского народа, истории, языка, наконец, остается на катастрофически низком уровне. Если спросить сейчас молодежь о выдающихся лицах казахской истории, какие ответы мы получим? Почему израсходованные государственные средства на такие программы не дают конкретного, реального результата? Почему до сих пор только одна третья часть говорит на государственном языке? Разве это можно считать реализацией культурного наследия?
[1] Газета «Литер», 14.06.2008 г.ІЗГІЛІКhttp://www.blogger.com/profile/18135807716445827167noreply@blogger.comtag:blogger.com,1999:blog-6544682291623700442.post-48163355060695417152008-06-18T14:45:00.000+06:002008-06-18T14:46:10.351+06:00«Жас қазақтың» шаңырағында – отаншыл қайраткерлер[1]

«Жас қазақ» оқи алатындарға ортақ газет қана емес, зиялы қауымның басын қосатын ортаға айналып келеді. Сәрсенбі күні елдің аузында жүрген бір топ азамат редакциямызда бас қосты.
Ақынымыз бір жақта, батырымыз бір тұста қалды қазір. Өз қотырын өзі қасумен әлекке түскен ақын мен батырдың басын қоспайынша, алаштың рухын көтеремін деу бекер. Қазір қай қазаққа да білектей бірлік керек екені айдан анық, күннен жарық. Ортаға осындай ой тастаған «Жас қазақтың» Бас редакторы Дәурен Қуаттан кейін сөз алған Ауған соғысының батыры Бақытбек Смағұл редакцияға келудегі мақсатты одан ары тарқатты. Бүгін елдің іргесі бүтінделді. Енді отан үшін отқа түсуге әзір ұрпақ өсіру қажет. Мұндай ұлық іс қазір атқарылмай жатыр деу, әрине, әбестік. Десе де, әлі де кемшін тұстар бары анық. Ғұмырын отаншыл ұрпақ тәрбиелеуге арнаған арда қазақ та аз емес. Олар биік мінберден, мәртебелі адамдардан жылы лебіз бен қошеметке қарық болып жатыр десек тағы ағат кетерміз.
Ұлы Отан және Ауған соғысы ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығы кеңесінің шешімімен жас ұрпақтың бойынан дәл осындай отаншыл сананы оятуда, ұлтшылдық тәрбие беруде айтулы үлес қосып жүрген бір топ азаматқа өздеріне лайық сый-сияпат пен марапат жасалды. Біз ұмыта бастаған батырлардың сауыт-сайманы мен киім-кешегін жасаушы ағайынды үш ұстаны білмейтін қазақ қазір кемде-кем болар. ҚР Мәдениет қайраткерлері, «Түркі дүниесіне сіңірген еңбегі үшін» сыйлығының иегерлері Құлментегі Тұрсынжан, Махмұт, Айтберген Жетенұлдары төл қолөнерімізді дамытудағы үлестері үшін және патриоттық әндерімен ел көңілінен отыр тепкен белгілі сазгер-әнші Қайрат Жүнісов Бауыржан Момышұлының «Батыр Шапағаты Медалімен» марапатталды. Ал «Жас қазақ» газетінің Бас редакторы Дәурен Қуатқа газеттің ұлттық рухтағы бағытын батыл ұстап келе жатқаны үшін «Қайырымдылығы үшін Сауап» медалі табыс етілді. Сондай-ақ белгілі дінтанушы ғалым Мұртаза Бұлұтай қазақты бордай тоздыруды мақсат еткен түрлі діни ағымдармен күресі үшін және жас ұрпақты ата дініне мойынсұнуға өлшеусіз қосқан үлесі үшін Бауыржан Момышұлының нөмірленген «Құрмет Белгісімен» марапатталды. Бұл медаль бұдан бұрын мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа берілген болатын. Редакцияға келген қонақтар осындай игі бастамаға мұрындық болған «Жас қазақ» газетінің ұжымына алғыстарын білдірді. Ауған соғысы ардагерлерінің атынан сөз алған имам Аллажар «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының төрағасы ақын һәм батыр Бақытбек Смағұлды бірауыздан «Халық Қаһарманы» атағына ұсынғандарын жеткізді. Ұлттық идея үшін тұлға керек екенін ескерген Аллажар мұндай тұлғаға батырлығы мен ақындығы сай келіп тұрған Бақытбек мырзаның лайық екенін алға тартты. Жолжақсы ТӨЛЕК
[1] Жолжақсы ТӨЛЕК, «Жас Қазақтың» шаңырағында – отаншыл қайраткерлер, «Жас Қазақ» газеті, №23(179), 13.06.2008 ж., 5-бетІЗГІЛІКhttp://www.blogger.com/profile/18135807716445827167noreply@blogger.comtag:blogger.com,1999:blog-6544682291623700442.post-3596768882424226042008-06-12T17:08:00.000+06:002008-06-12T17:10:39.748+06:00ОТАНШЫЛ ҚАЙРАТКЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Кеше (11.06.2008 ж.) «Жас Қазақ» газетінің редакциясында ұйымдастырылған мұрасымда Ұлы Отан және Ауған соғысы ұйымдарының «Қазақстан Ардагерлері» қауымдастығы Кеңесінің шешімімен қолөнер, сазгерлік, журналистика және дінтану саласының бір топ көрнекті өкілдері азаматтарымызды отаншылдық, ұлтжандылық тәрбиеге баулу және отансүйгіштік сананы ояту жұмыстарына қосқан үлестері ескеріліп, медальдармен және құрмет белгісімен марапатталды. «Қазақстан Ардагерлері» қауымдастығының төрағасы, Ауған соғысының батыры һәм ақын Бақытбек Смағұл сөз сөйлеп, аталмыш марапаттарға лайық деп танылған қайраткерлер туралы мәлімет беріп, көпшілік алдында сөз сөйледі.

Ағайынды үш ұста Құлментегі Тұрсынжан, Мах­мұт, Айтберген Жетенұлдары ұлттық қолөнерімізді дамыту және насихаттауға қосқан үлестері үшін Бауыржан Момышұлының «Батыр Шапағаты Медалімен» марапатталды. Әскери-отаншыл әндерімен көпшілікке танымал сазгер Қайрат Жүнісовқа да осы медаль табыс етілді. «Жас Қазақ» газетінің бас редакторы Дәурен Қуатқа газет ұжымының отаншылдық мазмұндағы еңбектері ескеріле отырып «Қайырымдылығы үшін Сауап» медалі берілді.

Белгілі дінтанушы ғалым Мұртаза Бұлұтай отаншылдық, ұлтжандылық тәибиені насихаттау және зиянды діни ағымдармен күрестегі белсенділігі үшін Бауыржан Момышұлының нөмерленген «Құрмет Белгісімен» мараптталды. Осы Құрмет Белгісін №001 үстіміздегі жылдың 7 мамыр күні Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа аталмыш ұйымның төрағасы Бақытбек Смағұл табыс еткен-ді.ІЗГІЛІКhttp://www.blogger.com/profile/18135807716445827167noreply@blogger.comtag:blogger.com,1999:blog-6544682291623700442.post-32248714003550449312008-06-02T12:11:00.000+06:002008-06-02T12:12:12.575+06:00Марат ТОҚАШБАЕВ
«Президент және Халық» газетінің
Бас редакторы

ҰЛТ ПЕРЗЕНТI
Қазақ халқының тарихында барлық ғұмыр жолын туған елiнiң бақыты мен өркендеуiне бағыштаған тұлғалар аз емес. Солардың бiрi - соңғы жылдары ғылыми еңбектерi, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мақалалары және телебағдарламалардағы ерекше ой-ұсыныстарымен көпшiлiктiң назарын аудара бiлген белгiлi дiнтанушы ғалым, қоғам қайраткерi Мұртаза БҰЛҰТАЙ дер едiм. Мұртаза Жүнiсұлының ғылыми-публицистикалық шығармалары негiзiнен дiнтану, тарих, философия, филология, социология, мәдениеттану, құқық, саясаттану, экономика, диаспоратану салаларын қамтитын құнды еңбектер. Мұртазаны жиырмашақты жыл танитын ағасы ретiнде және оның ғылыми-шығармашылық жұмыстарына алғашқылардың бiрi болып қол ұшын берген жан ретiнде оның көпшiлiк бiле бермейтiн иiрiмдi өмiр жолының кейбiр сәттерiн баяндап берсем дегiм келедi.
Мұртаза Бұлұтайдың есiмiн бұл күндерi қазақ жұрты жақсы бiледi. Жасы қырыққа таянған азамат ғылыми шығармашылық салада бiрталай iс тындырды. Ал менiң Мұртазаны бiлуiм 1990 жылдан басталады. Онда Мұртаза жиырмадан ендi ғана асқан балаң жiгiт. Германияда тұратын қандастарымыздың шақыруымен Майндағы Франкфурт қаласына келгенiмде әуежайда Шұғайып Ерол мырзамен бiрге менi күтiп алған осы Мұртаза болатын. Жап жас болса да бiрнеше тiлдердi еркiн меңгерген студенттiң отаншылдық сезiмдерiне таң қалдырмай қоймайтын. Қазақстан туралы бәрiн бiлгiсi келiп тұратын. Сол кезде қазақ зиялыларымен хат жазысып тұрады екен. Үшеумiз Германияны, Голландияны, Бельгия мен Францияны бiрге араладық. Ондаған қандастарымыздың дастарханына бiрге дәм таттық. Кельнде «Милли гөруште» өткен Еуропа мұсылмандары баспалары басшыларының конференциясына бiрге қатыстық. Сол балаң жiгiт бүгiнде тәуелсiз Отанына жанын да, қанын да, бiлiмiн де, бiлiгiн де аямай қызмет етiп жүрген айтулы азаматқа айналды. Сондықтан ол туралы әңгiменi әрiден бастағым келедi.
Мұртаза Жүнiсұлы Бұлұтай тағдырдың тауқыметiмен 1933-1937 жылдары атамекенi Алтайдан Такла-Макан шөлiн, Гималайдың заңғар тауын асып, 1953 жылы Түркияға барып, пана тапқан, тағдырдың азабын тартса да, еркiндiктi өмiрдiң туы еткен батыр қазақ халқының жырақта туған перзентi. Түркияның оңтүстiгiндегi Болқар (Мол қар) тауының етегiнде орналасқан Алтай дейтiн қазақ ауылындағы қарапайым шаруаның үйiнде 1969 жылы дүниеге келген. Ол ауыл мешiтiн салушылардың бiрi һәм имамы, азаншысы болған әкесi Жүнiс Рақиұлының (1922 ж.т.), сонау ХIХ-ғасырдың соңғы ширегi мен ХХ-ғасырдың бас шенiнде дүниеге келген көне көз қариялардың қазақи бояумен әрленген қызықты әңгiмелерiн құлаққа құйып, кiшкентайынан туған халқының асыл қазыналарын бойына сiңiрiп өскен. Жетi баланың әкесi Жүнiс ақсақал ауылда тiршiлiк ету қиындаған соң 1973 жылы Анкара қаласына қоныс тебедi. Қазақстанға келгенге дейiн қазақша мектепке бармаған, радио-теледидар көрмеген Мұртазаның, тiптi 5-6 үй ғана қазағы бар Анкарадай үлкен қалада мектепке барып, өскенiне қарамастан, қазақша шешен сөйлеуiн тек алған ұлттық тәрбиесiнiң мықтылығына және оның туған халқына деген шексiз де өлшеусiз махаббатына жорыған жөн.
Мұртаза Бұлұтай кириллицаға негiзделген қазақ жазуын өз бетiмен үйренiп, сонау 1985 жылы, небары 16 жасында, сол кезде Кеңестер Одағының құрамында болған атамекенi Қазақстанның зиялы қауымына, баспаханаларына хаттар жолдап, елiмен байланыс орнатқан. Ол өзi Қазақстанға келген 1991 жылға дейiн атамекенiмен үнемi байланыста болды. Қайда жүрсе де қазақ халқының мәдениетi мен тарихын, әдебиетi мен тағдырын басқа жұрттарға насихаттаумен болды. Ол 1984-1986 жылдары қазақ тiлiнiң грамматикасы туралы докторлық диссертация жазған Анкара университетiнiң докторанты Ферхат ТАМИР мырзаға қазақша үйретедi. Сол жылдары белгiлi түрколог ғалым, профессор Шүкрү ЕЛЧИН басқаратын Анкарадағы «Түрiк мәдениетiн зерттеу институты» жариялаған Ферхат Тамирдiң «Баркөл қазақтарының тiлi» атты еңбегiнiң алғысөзiнде автор Мұртазаға бiрнеше мәрте зор алғыс айтқан. Мұртаза Бұлұтай сол жылдары «Қымыз және шұбат» атты кiтапты қазақ тiлiнен түрiкшеге аударды. Желтоқсан оқиғалары туралы 1986 жылдың аяғында «Turkiye» газетiнде жарияланған көлемдi мақалаларымен алғашқылардың бiрi болып Түркия жұртшылығына желтоқсан оқиғасы туралы мәлiметтер бередi.
Мұртаза Бұлұтай кедей жанұяда туып-өскенiне және материалдық мүмкiндiктерiнiң жоқтың қасы екенiне қарамастан бозбалалық шағында ерлiк деуге тұрарлық iстерге атсалысады. Мәселен, ол 1985-1990 жылдары аралығында қазақ халқының тұрмыстық және қолөнер бұйымдарын ағайындарынан жинастырып, Түркияның Анкара, Стамбул, Измир, Кония, Маниса сияқты iрi қалаларында көрмелер ұйымдастырады. Сонымен қатар, Алтай ауылындағы мектеп оқушыларынан қазақ ұлттық ән-би үйiрмесiн жасақтап, Түркияның жоғарыда аталған қалаларында концерттерге қатыстырады. Мұртазаның орындауындағы қара өлеңдер мен халық күйлерi Анкара, Стамбул және «Азаттық» радиоларының мұрағат қорларында сақтаулы. Мұртаза Бұлұтай өзi студент бола тұрып, Стамбулдағы әйгiлi Босфор университетiнiң профессорлары Гүнай ҚҰТ, Құртұлұш ӨЗТОПЧҰ және Мүбежжел ҚЫЗЫЛТАҢ сияқты түрколог ғалымдарға 1988-1989 жылдары қазақша үйретедi. Университеттiң лингвистикалық лабораториясында Мұртаза оқыған қазақ батырларының жырлары мен қисса-дастандары, шешендiк сөздер мен мақал-мәтелдер арнайы таспаларға жазылған. Қазақстан әлi тәуелсiздiкке қолы жетпеген дәуiрде жасалған осы еңбектер халқымыздың шетелде танылуына және шетелде қазақ мәдениетiнiң алғашқы зерттеушiлерiнiң пайда болуына игi әсерiн тигiздi.
Мұртаза Бұлұтай Түркияның беделдi қоғамдық ұйымдары, оқу орындары мен бұқаралық ақпарат құралдары ұйымдастырған конференциялар мен түрлi деңгейлердегi жиналыстарға қатысып, мақалалар жазып, телебағдарламаларға қатысып, қазақ халқының қилы тарихын, бай мәдениетiн таныстырумен болды. Осы қатардан, ол 1986 жылы Анкарадағы «Фольклорды зерттеу орталығының» өтiнiшiмен Қадыр Мырзалиев және Олжас Сүлейменов сияқты заманауи қазақ қаламгерлерiнiң таңдаулы өлеңдерiн түрiкшеге аударды, екi томдық «Қазақ-Совет поэзиясының антологиясынан» аудармалар жасады, Ахмет Байтұрсынұлы, Мiржақып Дулатұлы, Мұстафа Шоқай сияқты Алаш қайраткерлерiнiң мұраларын насихаттау iсiне үлес қосты. Осының барлығы да Түркиядағы қазақ жастарының арасында ұлттық патриотизмнiң оянуына септiгiн тигiздi.
Мұртазаның болашағынан үмiт күттiретiн азамат екенiне Франкфуртта танысқан кезде-ақ көзiм жеткен-дi. Мұртаза Бұлұтай 1990-1994 жылдары Германияның Кёльн университетiнде оқыды һәм мұсылмандардың қоғамдық ұйымдарында басқарушы қызметтерде болды. 1991-1993 жылдары ҚР Жоғарғы Кеңесiнiң жанындағы әл-Фараби атындағы «Жас таланттарды қолдау қорының» Батыс Еуропадағы өкiлi болған ол Еуропа елдерiне оқу мақсатымен барған жастарымыздың мәселелерiмен етене шұғылданды. Еуропа елдерiне емделуге жiберiлген азаматтарымызға гуманитарлық көмек беретiн қайырымдылық шараларына мұрындық болды. Сондай шаралардың бiрiне сол кезде КСРО-ның Люксембургтағы елшiсi болған белгiлi жазушы Шыңғыс Айтматов зайыбымен қатысып, оң баға берген. Мұртаза Бұлұтай өзi Еуропада бiлiм алған жылдары Еуропа және мұсылман елдерiнен мемлекет қайрат¬керлерiнiң, саясаткерлер мен ғалымдардың, iскер адамдардың Қазақстанға келуiне дәнекер болды. Сол жылдары елiмiзде ашылған кәсiпорындар мен ортақ жобалар күнi бүгiнге дейiн Қазақстан экономикасының игiлiгiне қызмет етуде.
Мұртаза Бұлұтай Қазақстанға қоныс аударған соңғы 16 жылдың көлемiнде 5 кiтап, 200-ге жуық ғылыми-публицистикалық мақалалар жариялады. Оның 2000 жылы «Бiлiм» баспасы жариялаған «Ата-баба дiнi. Түркiлер неге мұсылман болды?» атты көлемдi ғылыми монографиясын «Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасы» 2005 жылғы ғылым, бiлiм және техника салаларындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сыйлығына ұсынды. Мұртаза Бұлұтай 1994 жылдан берi қарай елiмiздiң жоғары оқу орындарында жастарымызға дiнтану, мәдениеттану, құқықтану салаларында дәрiстер оқып, ғылыми конференцияларға қатысып, халқына қызмет етуде. Республикалық телеарналардағы пiкiрталас бағдарламаларында, сондай-ақ сұхбаттарында халқымыздың ауызбiршiлiгiн сақтау, елiмiздiң рухани дамуы тұрғысынан ойларын ортаға салып келедi. Мұртаза Бұлұтайдың еңбектерi тұтастай алғанда Қазақстан патриотизмiн насихаттаушы, елiмiздiң iшкi татулығы мен дiнаралық жарасымдылықты нығайтушы, зайырлы қоғамды дәрiптеушi, құқықтық сананы қалыптастырушы мазмұн мен мақсатта екенi байқалады.
Мұртаза Бұлұтай ата дiнiмiз исламның Қазақстанда ғылыми негiзде насихатталуына көп еңбек сiңiрдi. Оның 1992 жылы жарияланған «Құран Кәрiм әлiппесi» атты кiтабы және 4 үн таспадан тұратын «Дiнiмiздi үйренейiк» жинағы республиканың түкпiр-түкпiрiндегi азаматтарымыздың дiннiң негiздерiн ұғынуына жағдай жасады. 2001 жылы «Арыс» баспасынан шыққан «Мұсылман қазақ елiмiз» атты еңбегi оқырмандардың ыстық ықыласына бөлендi. Осы еңбектер Қазақстаннан тыс қазақтар мекендейтiн Өзбекiстан, Қырғызстан, Түрiкменiстан, Ресей, Моңғолия елдерiне дейiн таралды. Ғалымның «Ата-баба дiнi. Түркiлер неге мұсылман болды?» атты ғылыми монографиясы бiрнеше жоғары оқу орындарында арнайы курс құралы ретiнде қолданылды, көптеген ғылыми еңбектерде дерек көзi ретiнде пайдаланылды. Аталмыш еңбектегi сөздiк қорымызға жаңадан енгiзiлген көптеген сөздер бұл күндерi әдеби айналымға кiрiп те кеттi. Ф.ғ.д., профессор Сейдiн Бизақов сияқты тiл ғалымдары жаңадан құрастырылып жатқан қазақ тiлiнiң 15 томдық сөздiгiне Мұртазаның шығармаларында кезiгетiн көптеген жаңа сөздердiң енгiзiлгенi туралы сүйсiне сөйлегенi есiмде. Мұртаза Бұлұтай «Қазақ ұлттық энциклопедиясы» және Түркiстан қаласының 1500, Тараз қаласының 2000 жылдық мерейтойларына орай арнайы жазылған ғылыми мақалалары мен дiн, ұлт, тiл төңiрегiндегi соны ойларын көпшiлiкке паш еттi. Ол ҚМДБ үгiт-насихат бөлiмiнiң меңгерушiсi (2001 ж.) және ҚР Парламентi Мәжiлiсi төрағасының кеңесшiсi (2002-2003 жж.) қызметтерiн атқарды. Мұртаза Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасы, Әдiлет Министрлiгi құрамындағы Дiни iстер комитетi сияқты құзырлы мекемелер ұйымдастырған үгiт-насихат тобы құрамында елiмiздiң облыстарын аралап, жұртшылықпен жүздестi, оларға зиянды да адастырушы дiни ағымдар туралы мәлiметтер бере отырып, әсiресе, сырттан келген ыдыратқыш ағымдармен күреске айтарлықтай үлес қосты. Оның дiн атын жамылған экстремиистiк ағымдар, дiни секталар мен ұлтымыздың тұтастығына шабуыл жасап жатқан түрлi ағымдар туралы жасаған мәлiмдемелерiн қалың көпшiлiк жылы қабылдады.
Мұртаза Бұлұтай қайырымдылық iс-шараларға бастамашы ретiнде, дәнекер ретiнде де танымал тұлға. Оның тiкелей атсалысумен шетелдерде оқып жатқан көптеген қазақ жастары шәкiртақы алды. Танымал адамдардан қарапайым ауыл тұрғындарына дейiн бiрқыдыру азаматтарымыздың шетелдерде емделуi және хирургиялық операция жасалуы барысында да көп көмегi тидi. Мұртаза Жүнiсұлы елiмiздiң оқу орындарына, балалар үйлерiне, кiтапханаларына, ауруханаларына, мешiт құрылыстарына көмек беру шараларын ұйымдастырды. Шетелдегi қазақ қандастарымыздың Қазақстанға оралуына қолынан келгенiнше қолқабыс берiп, елiмiздiң оң имиджiн жасауға атсалысты. Ол ғылыми монографиясы мен соңғы кiтабының 7 мың данасын оқырмандарға тегiн таратты.
Мұртаза Бұлұтай бауырымыздың 2006 жылы жарияланған «Дiн және ұлт» атты қомақты кiтабы «Жыл таңдауы» агенттiгi мен «Президент және Халық» газетiнiң бiрлескен жобасы бойынша «Жылдың үздiк кiтабы» атағына лайық деп танылды. «Қазақстан ардагерлерi қауымдастығы» 2007 жылғы «Бауыржан оқулары» шарасы кезiнде Мұртаза Бұлұтайға «Қайырымдылығы үшiн САУАП» медалiн табыс еттi. Бұларға қоса Қазақстан Мұсылмандар дiни басқармасы, Алматы қаласы Әкiмдiгi, әл-Фараби атындағы ҚҰУ, «Иман» республикалық қоры, «Зерде» қоры, Дiни iстер комитетi, ТР Алматы елшiлiгi, Дүниежүзiлiк мұсылман жастар ассамблеясы, Қызылорда облыстық әкiмдiгi, ҚМДБ Имамдардың бiлiмiн жетiлдiру ислам институты, Еуропа Мұсылмандары одағы, Ислам Қоры (Швейцария) қатарлы мекемелер мен ұйымдар Мұртаза Бұлұтайдың еңбектерiн бағалап алғыс хаттармен марапаттағанын айтпай кетуге болмас.
Мұртаза Бұлұтайдың бар арманы – Қазақстанның тәуелсiз де дамыған ел ретiнде тарих сахнасынан өз орнын алуы, қазақ халқының әл-ауқаты жоғары, ұлттық һәм дiни бiрлiгi мығым, зайырлы да зиялы азаматтардан құралған мықты ұлтқа айналуы. Ол осы мақсатқа жету үшiн аянбай еңбек етiп келедi. Мұртаза Жүнiсұлының ғалымдық һәм азаматтық қырын жоғары бағалап ҚМДБ Төрағасы, Бас Мүфти Әбсаттар Дербiсәлi, қаламгерлер Қалдарбек Найманбаев, Қадыр Мырза Әлi, Фариза Оңғарсынова, Мұхтар Шаханов, Қалтай Мұхамеджанов, Шыңғыс Айтматов, Мұхтар Мағауин және тағы басқа ондаған жазушылар мен ғалымдар оң пiкiр бiлдiрдi.
Бiрнеше тiлдерде еркiн сөйлейтiн, ұлттық патриотизмдi өзiне ту еткен Мұртаза бауырымыздың елiмiзге берерi әлi алдымызда деп сенемiн. Құдай амандығын берiп, осы қарқынмен ғылыми-қоғамдық жұмыстарын ары қарай жалғастыра беретiн болса, болашақ ұрпақтарымыздың шынайы мұсылмандық тәрбиеден нәр алып, дамыған өркениеттi халықтардың қатарынан та