пятница, 21 марта 2008 г.

«Дін және ұлт»
кітабының тұсау кесерінде,
Мұртаза бауырыма арналған тілек:

Аллаһ Сізге разы болсын, бауырым!
Дүр сілкінтіп, қуантқан бүкіл қауымын.
Оқ пен отқа төсеген төсін, сауырын,
Қалқан боп қағып, құдайсыздықтың дауылын.
Аллаһ Сізге разы болсын, бауырым!
Туған елді, түп-тегіңе алмастырғаның үшін,
Үзіліп қалған үрдісті жалғастырғаның үшін,
Асылдың сынығындай сақталғаның үшін,
Қазынаңды халқыңа ақтарғаның үшін,
Өз жеріңде қоғадай дүрілдегенің үшін,
«Ақиқат көзі – Аллаһтың ілімі», дегенің үшін,
Аллаһ Сізге разы болсын, бауырым!
Жаншылып кеткен тамырды,
Жабылып қалған жанрды,
Тұңғиық, текті танымды,
Мәңгілік сенім-нанымды,
Булығып келген құлықты,
Тұншығып жатқан тұнықты,
Тарылып өткен тынысты,
Ортайып жеткен ырысты қолдағаның үшін.
Тау тұлғадай сомдағаның үшін,
Аллаһ Сізге разы болсын, бауырым!
Тас бұлақтай арынды,
Жасын оттай жалынды,
Атқыздың ақбоз таңыңды,
Барыңды салып, жаныңды,
Мойындады ел–жұртың.
Дара дүлдүл, дарынды,
Аллаһ Бізге разы болсын, қауымым!
Әмин!

Ізгі тілекпен.
Ғалия Қайдауылқызы Айупкеліні.
23.11.2006 ж.