пятница, 21 марта 2008 г.

Мұртаза БҰЛҰТАЙ
Философия ғылымдарының кандидаты, дінтанушы


ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТЕ ИСЛАМИ ТӘРБИЕ
МЕН САНАНЫҢ РӨЛІ ТУРАЛЫ

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ

А.Экономикалық-құқықтық себептер
1. Табыс жетіспеушілігі (жалақының аздығы):
әсіресе, бюджет мекемелерінде істейтін қызметкерлердің жалақылары орташа күнкөріс деңгейінің астында
2.Лауазымды пайдалану арқылы қосымша табыс табу мүмкіншілігінің болуы
Ресми мекемелер мен құқық қорғау органдарында жиі кездесетін жағдай
3.Әкімшілік басқару жүйесінің жемқорлыққа қолайлы жағдай жасауы
әр басшының өзінің командасын жасақтауы, жемқорлыққа белшесінен батқан қызметкерлердің көп жағдайларда тиісті жазаны алмауы, лауазымдардың сатылуы, жоғары лауазымды адамның өз командасы арқылы табыс ұйымдастыруы...
4.Мамандық иесі азаматтардың сыртқа көшіп кетуі
Біліктілік иесі және принципшіл азаматтардан гөрі жоғары лауазымдарға әдеттегі даму-жету жолы бойымен емес, таныстық-тамырластық арқылы төтесінен келген азаматтардың парақорлыққа бейім келуі
5.Азаматтардың жұмысының төменнен жоғары қарай емес, жоғарыдан төмен қарай шешілуі
Көп жағдайларда алдымен бастыққа кіру, бастықтың рұқсатын, қолтаңбасын алу, бастық пен орындаушының ымыраласуы
6.Азаматтардың мемлекет қызметкерімен жүзбе жүз келуін қажет ететін шарттардың жиі кезігуі
Салық комитеттері, жер басқармасы, құқық қорғау органдары, ресми мемекелердің басым көпшілігінде қалыптасқан жағдай.
7.Коммунистік-тоталитарлық жүйеден базар экономикасына өтудің салдары
Бұрынғы жүйе мемлекет берген кепілдіктерге негізделген еді. Бүгінгі жүйе болса, азаматтардың өз бастамаларына негізделген жүйе. Кеңестер тұсында өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтердің саны аз, сапасы төмен еді. Базар экономикасында болса тауарлар мен қызметтер шексіз, ақшасы бар адамдар ең сапалы тауарлар мен қызметтерге қол жеткізе алады.
8.Қазақ халқының тарихында бұрын-соңды болмаған байлыққа және билікке қол жеткізуі
Бұрынғы қазақтарда байлық малдың санымен есептелетұғын. Жер, өндіріс, кәсіпорын, жылжымас меншік, интеллектуалдық байлық сияқты бүгінгі категориялар бұрын болған жоқ. Қазір мемлекет билігі негізінен қазақтардың қолында.

Б. Діни-рухани себептер
1.Халықтың діни сенім тапшылығы
Атеизм және әсіре материализм салдарынан адамдардың жеткілікті дәрежеде діни сана-сезімге ие бола алмауы
2.Діни тәлім-тәрбиенің жетіспеушілігі
Бұрынғы жүйеде және бүгінгі оқу жүйесінде діни тәлім-тәрбие берудің көзделмеуі
3.Мемлекет қызметкерлерінің діни-этикалық тұрғыдан дайындалмауы
«Мемлекет діннен бөлек» деген қитұрқы қағида салдарынан мемлекет қызметкерлерін қабылдау, дайындау және өсіру кезеңдерінде діни-этикалық тәрбиенің берілмеуі
4.Әсіре материализм мен индивидуализм
Қазіргі қоғамда Батыс елдерінің бульвар мәдениетінің көбірек таралуы, жиһандастыру арқылы бүгінге дейін Батыс елдеріне тән болып келген әсіре материализм, менмендік, өзімшілдік, іштарлық, ұятсыздық сияқты жағымсыз қылықтардың белең алауы
5.Ұлттық сананың қалыптаспауы
Кейбір азаматтарымыздың жеке басының мүддесін мемлекеттің, халықтың мүддесінен жоғары қоюы
6.Жалпы білім деңгейінің төмендігі
Соңғы жылдары көбейіп кеткен жеке меншік оқу орындары мен мемлекетке қарасты оқу орындарындағы білім беру сапасының төмендеуі, ғылыми зерттеулердің тұралап қалуы. Білімі төмен азаматтар басқа мүмкіндіктерді пайдалану арқылы табыс тапқысы және қызметте өскісі келеді.
7.Оқу жүйесіндегі кемшіліктер
Сырттай оқу жүйесі, оқу саласындағы жемқорлық, заманауи талапқа сай кәсіби және діни-рухани білімнің берілмеуі
8.Білікті мамандардың сыртқа кетуі немесе базарда жүруі
Жалақы тапшылығына байланысты білікті мамандардың көбісі шет елдерге кетіп қалды, қалғаны күн көру үшін базарды жағалап жүр.
9.Білім және тәрбие саласы қызметкерлерінің жалақыларының аздығы
10.Халықтың алуан түрлі дінге бөлінуі
Бұл ұлттың ішіндегі байланыстарды әлсіретеді, қоғамның бақылау функциясына нұқсан тигізеді, жалпы халықтың береке-бірлігін шайқалтады.
11.Рухани иммунитеттің әлсіреуі
Халықтың алуан түрлі дінге бөлінуі және діни-этикалық тәрбиеден махрұм болуы салдарынан қылмыс пен күнә істеуден қайтаратын рухани тетіктердің істен шығып кетуі
12.Сыбайластық, руластық, ынсапсыздық, қанағатсыздық, ұятсыздық сияқты келеңсіздіктердің артуы
Ар-ұят азайған қоғамда имандылық та әлсірейді. Мұндай қоғамда қылмыс пен жемқорлық кең етек жаяды.
13.Құмар ойындарының көбеюі
Заңсыз және еңбексіз ақшаның көбеюі нәтижесінен осы табысты заңдастыру жолдары пайда болады. Оның бірі құмарханалар мен ойын автоматтары қойылған залдардың саңырау құлақша қаптап кетуі.
14.Еңбексіз ақша табу көздерінің көп болуы
Парақорлық, тендерлерде қолды болатын ақшалар, бюджет ресурстарының талан-таражға салынуы, жекешелендіру т.т. сияқты толып жатқан жолдармен қысқа уақытта орасан зор мөлшерде табысқа жету мүмкіндігі бер. Бұл тұтынушылар базарында аса қымбат тауарлардың көбеюіне әкеп соқтырады.
15.Арақ-шарап өндірісі мен тұтынушылығының шектен тыс артуы
Маскүнемдік қоғамның рухани иммунитетін шайқалтады, ұятты құртады, қылмысты көбейтеді.

ҰСЫНЫСТАР:

1.Діни сана-сезімді ояту, имандылықты арттырушы шараларды қолдану.
2.Экономикалық саладағы кемшіліктерді жою.
3.Құқық саласындағы ағаттықтарды жөндеу.
4.Электронды үкімет басқару жүйесін жедел іске асыру.