пятница, 21 марта 2008 г.

Қазақ Әдебиеті
№ 43 (2829)
31.10.2003

Мұртаза Бұлұтай,
Философия ғылымының кандидаты, дінтанушы

Шовинизмнің қандай формасы болса да, адамзатқа өте зиянды. Кез келген ұлттың шовинизмі алдымен сол ұлтқа зиянын тигізеді. Заманауи ұлтшылдық пен шовинизмнің тарихын зерттеу үшін ХҮІІІ ғасырдағы Еуропаға, әсіресе, Шовин өмір сүрген Францияға назар аударуымыз керек. Ұлтшылдық пен шовинизмнің негіздері атақты француз төңкерісі жылдарында қаланды.Еуропаның әр елдеріне таралған яғуди идеологтары мен саясаткерлері, сол елдің барып тұрған ұлтшылы болып шыға келді.Өздері яғуди бола тұрып, француз, неміс, итяльян, ағылшын, орыс ұлтшылдығында олар ешкімге есе жіберген жоқ. Ресей тарихын алып қарайық. Бүгінгі орыс шовинизмнің көсемдері де, қолдаушылары да шын мәнінде кәдімгі қарапайым орыстар емес. ХІХ және ХХ ғасырлар дүниежүзінде тек көпұлтшылдық негізінде құрылған мемлекеттерді тарих сахнасына алып келді. Дүлей ұлтшылдық шовинизмге, ал, шовинизм болса нәсілшіл фашизмге апарып соқтырды. Ал фашизм зобалаңының адамзатқа қандай қасірет болып төнгенін барша жұрт біледі. Мәселеге Ислам діні тұрғысынан қарайтын болсақ, біздің дініміз барлық адамзаттың теңдігін, достастығын, ағайыншылығын және бірін – бірі сыйлай отырып, араласуын қалайтын дін. Тарихта бірінші рет, жалпы адам құқықтары, атап айтқанда, адамдардың өмір сүру құқығы, сенім бостандығы, меншікке ие болу құқығы сияқты негізгі еркіндіктер мен бостандықтар айқын түрде көрсетілді.

Рас, адамзат қоғамдастығы көптеген ұлттар мен этникалық топтардан құралған. Бірақ, бұны Құран кәрім Алла Тағаланың хикметі ретінде, яғни адамның танысып- білісулері үшін жасалған нығмет етіп көрсетеді. Адамның адамға үстемдігі болмайтын сияқты, бір ұлттың басқа бір ұлтқа да үстемдігі болмайды. Үстемдік тек имандылықта, рухани және этикалық қасиеттерде. Ал диалектикалық философияда әр қимыл қарсы қимыл туғызады деген заң бар. Яғуди ұлтшылдығы басқа ұлттардың ұлтшылдығын һәм шовинизмін туғызды. Біз қазақ халқы ретінде Құранда көзделген үстемдікті басшылыққа алуымыз керек. Яғни, имандылық, рухани және этикалық құндылықтардың ең асылдарын, ең таза, ең жоғарыларын нысана етуге тиіспіз. Мемлектіміздегі басқа ұлт және дін өкілдерінің құқықтарын құрметтей отырып, алдымен, өзіміздің тілімізге, дінімізге, жерімізге, ұрпағымызға ие болуымыз қажет. Бізге арзан ұлтшылдық пен халқымызға зиян ететін шовинизмнің қажеті жоқ. Біз жеңіске жетуіміз үшін ғылым мен білімде, өнер мен мәдиниетте озуымыз керек, ұлттық береке – бірлік жағынан болаттан соғылған қамал сияқты қазақ ұлты түрік һәм мұсылман халқы ретінде барлық адамзатқа үлгі бола алады. Қазіргі кезде күллі жиһанды тамсантқан Швейцария, Сингапур, Малайзия сияқты елдер жерінің үлкендігі, халқының көптігі немесе ұлтшылдығы жағынан емес, мәдени және дүнияауи жетістіктері, халқының жоғары тұрмыстық жағдайы және адам құқықтарын сыйлауы жағынан үлгі болуда. Сондықтан біз өз-өзімізге шовинизмді үлгі етпейік. Аурумен ауру арқылы күресуден гөрі, ауруға шипа іздеу арқылы күресу жөн деп санаймын. Әр халық өзінше шовинист бола беретін болса, жер бетінде тыныштық пен татулық қалмайды. Бұл Ислам дінінің мұраты емес. Біздің мұратымыз – тең құқықты ұлттардың жалпыадамзаттық мүддесі үшін күш біріктіріп, еңбек етуі. Міне, осы ұлы арманды орындауда қазақ ұлты жас мемелекет ретінде серпіліс жасап, алға шығуы керек, бастаушы күштің бірі болуымыз керек. Күшті Ислам діні бізге бере алады.