вторник, 15 июля 2008 г.

МҰРТАЗА БҰЛҰТАЙ АҒАМЫЗҒА

Мұртаза Бұлұтай ағамызға

Ағамыз бар елдің қамын ойлаған
Дін жолында белді бекем байлаған
Мұсылмандық бес парызды орындап
Көкірегін имандылық жайлаған

Дін туралы кітап жазды ағамыз
Тағлымынан зор ғибрат аламыз
Оқығанда ол кісінің кітабын
Күннен күнге өсе беред санамыз

Болады енді сілкіністер санада
Алғыс айтып, хат жаздым мен ағама
«Дін және Ұлт» оқығанда кітабын
Көзқарастар өзгереді жаңаша

Қарлығаштай қанатымен су сепкен
Өз ұлтына Құран жайын үйреткен
Құрамыз деп, мемлекетті зайырлы
Ойланумен, толғанумен күн кешкен

Түсінгенге кереметтей данасыз
Уақыттан жылдам озып барасыз
Игеріпсіз кереметтей бес тілді
Оқығанда сізді қайран қаламыз

Бір көргенге қарапайым ғанасыз
Уақыттан жылдам озып барасыз
Орын беріп Қазағымның төрінен
Жебеп жүрсін періштелер панамыз

Арнадым өлеңімді өзіңізге
Марқайамыз әр айтқан сөзіңізге
Халықтың қамын ойлап, шыр-пыр болған
Аллаһтың нұры жаусын өзіңізге

Сәлем бердім Бұлұтай ағамызға
Мына біз де сіздердей боламыз ба?
Құран сырын толғана түсіндірген
Рахмет Мұртазадай данамызға






Туылыпсыз қазағымның бағына
Өлең жаздым өзіңізді сағына
«Дін және Ұлт» кітабында керемет
Жатыр онда өте үлкен мағына

Туылыпсыз Түркиядай шет елде
Бұл өмірге келмепсіз ғой бекерге
Сіз сияқты данышпаны қазақтың
Жүр екен ғой елден жырақ шет елде

Қазақ үшін жаратылған нағыз ер
Сіздей ұлдар Қазағымның қамын жер
Өзіңіздей болса ұлдары Қазақтың
Ақылы асқан шеттерінен кемеңгер

Өлең жазған Абай атты ініңіз
Мұртазаның айтқандарын біліңіз
Бұл өмірден орын таппай адассаң
Осы кітап мағынасын түсініп
Мұсылмандар қатарына кіріңіз!

Сәлеммен Абай Паркентов

Қарағанды қаласы.
06.03.2008 жыл. Көктем айы.