суббота, 25 октября 2008 г.

БАУЫРЫМ МҰРТАЗАҒА 1992

БАУЫРЫМ МҰРТАЗАҒА[1]


Сағыныштан сарғайып алыста жүрген жарығым,
Жағайыншы Азияға сен аңсаған Исламның жарығын,
Қол үздi деп бiздi дiннен суып кеткен жүрегiң,
Сәулесiнен жылынсыншы бiз жаққан сол жалынның!

Бiз жаққан от сенiң отың, бабаң жаққан қоламта,
Түпкiрiнде жүрегiңнiн сақталып жүр ол жақта,
Елдi көрiп дiннен безген, жердi көрiп мұңайма!
Ақ таңымен азаттықтың бiз де ояндық бұл жақта!

Сөндiрмеймiз ендi ешқашан арманыңның алауын,
Ту етемiз барша әлемге Исламның жалауын,
Желбiресiн Ислам туы жетпiс жыл жер құшқан жоқ!
Көкiректен Пайғамбардың ақ кептерi ұшқан жоқ!

Туған жер деп көкiрегi мұңға толып,
Адаспасын үйiрiнен өзiңдей боп құлындар!
Өшiрмеймiз Ислам отын қоламтаңнан қол үзбе,
Күйiп кетсiн сол жалынға «кәпiр» деген зұлымдар!


Бауырың Рыскүл Бәрiмбекқызы

6 қаңтар 1992 ж.
Бишкек қаласы 720082 М/Р Көк-Жар 5-үй 118 кв
Тел. 43 55 09 үйдiкi
[1] Бұл шағын жырды 6 қаңтар 1992 жылы Бишкекте өткізілген Қырғызстан мұсылман әйелдер одағының құрылтайында сөйлеген сөзімді естіп отырған Рыскүл апай жазып, құрылтайға қатысушылардың алдында оқып берген еді. Рыскүл апайды одан кейін көрген емеспін. Аллаһтан амандық тілеймін.