четверг, 12 июня 2008 г.

ОТАНШЫЛ ҚАЙРАТКЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ


Кеше (11.06.2008 ж.) «Жас Қазақ» газетінің редакциясында ұйымдастырылған мұрасымда Ұлы Отан және Ауған соғысы ұйымдарының «Қазақстан Ардагерлері» қауымдастығы Кеңесінің шешімімен қолөнер, сазгерлік, журналистика және дінтану саласының бір топ көрнекті өкілдері азаматтарымызды отаншылдық, ұлтжандылық тәрбиеге баулу және отансүйгіштік сананы ояту жұмыстарына қосқан үлестері ескеріліп, медальдармен және құрмет белгісімен марапатталды. «Қазақстан Ардагерлері» қауымдастығының төрағасы, Ауған соғысының батыры һәм ақын Бақытбек Смағұл сөз сөйлеп, аталмыш марапаттарға лайық деп танылған қайраткерлер туралы мәлімет беріп, көпшілік алдында сөз сөйледі.

Ағайынды үш ұста Құлментегі Тұрсынжан, Мах­мұт, Айтберген Жетенұлдары ұлттық қолөнерімізді дамыту және насихаттауға қосқан үлестері үшін Бауыржан Момышұлының «Батыр Шапағаты Медалімен» марапатталды. Әскери-отаншыл әндерімен көпшілікке танымал сазгер Қайрат Жүнісовқа да осы медаль табыс етілді. «Жас Қазақ» газетінің бас редакторы Дәурен Қуатқа газет ұжымының отаншылдық мазмұндағы еңбектері ескеріле отырып «Қайырымдылығы үшін Сауап» медалі берілді.

Белгілі дінтанушы ғалым Мұртаза Бұлұтай отаншылдық, ұлтжандылық тәибиені насихаттау және зиянды діни ағымдармен күрестегі белсенділігі үшін Бауыржан Момышұлының нөмерленген «Құрмет Белгісімен» мараптталды. Осы Құрмет Белгісін №001 үстіміздегі жылдың 7 мамыр күні Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа аталмыш ұйымның төрағасы Бақытбек Смағұл табыс еткен-ді.